Бай және танымал болу үшін не істеу керек? – The Guardian

647

0

Бай және танымал болу үшін не істеу керек? - The Guardian Таңғы ас алдында суық суға түсу, ерте жатып, ерте тұру. The Guardian басылымының жазуынша, бүгінде танымал миллиардерлердің барлығы осы тәртіпті ұстанатынын айтып жүр. Басылымның жазуынша, олардың күн тәртібі қарапайым халықтың ақылына сыймайды.
«Жақында Туиттер басшысы Джек Дорси  таңертең салқын суға түсетінін, жұмысқа жаяу баратынын, күніне екі сағат медитация жасайтынын және күніне тек бір рет тамақтанатынын айтты. Кешкі асқа тек ет пен көкөністер жейтін ол тамақтануға босқа уақыт кетірмейтінін айтып өтті», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бұл шынайы өмірден алыс көріністер. Шынайы өмірде жақындарыңмен келісу үнемі оңай емес, ұйқы қысады, жалқаулық басады, балаларды сабаққа апару керек, тізім осылайша жалғаса береді.
 «Қазір ұйқы мен уақыт ең құнды тауарға айналды. Ал техника саласындағы танымал тұлғалар, бас директорлар мен көптеген белгілі адамдар қатаң күн тәртібімен мақтанып жүр. Олардың айтуынша, байлықтың кілті – өнімділікті арттыру. Бұлардың қатаң күн тәртібі халықтың шынайы күнделікті өмірінен тым алыс және оларды алдау», – деп жазады автор.
Автордың айтуынша, психологиялық зерттеулер жетістікке және байлыққа жету дамның ерік жігеріне байланысты екенін көрсеткен.
 «Үлкен жетістікке жету үшін күнде кішкентай жетістіктерге жету керек. Бұл күнделікті еңбекті қажет етеді. Сол себепті миллиардерлердің күн тәртібін қайталауға тырыспай, ерік-жігеріңді жетілдіре білу маңызды», деп жазады автор.  
Дереккөз: inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<