Темір тұлпар «үлкен отбасылық автокөлік» және «гибрид пен электрокар» категориялары бойынша үздік шыққан. Автокөлік жүргізуші үшін 91% қауіпсіз деген қорытынды жарияланды. Сондай-ақ сарапшылар көліктің қауіпсіздік жүйесін 77% деп бағалаған. Кроссовер көліктер арасында Hyundai Nexo ең қауіпсіз деп танылды. 94% жүргізуші мен жолаушыларына қауіпсіз екен. Балалардың қауіпсіздігі – 87%, жаяу жүргінші жолына тоқтау – 67%, ал электронды жүйесі 80%-бен бағаланған.
«Кіші отбасылық көлік» категориясы бойынша Mercedes-Benz A-Class хэтшбегі үздік шықты. Бұл автокөлік түрі жүргізушілер мен жолаушылар үшін 96% қауіпсіз екен. Айта кетейік, осыған дейін Insurance Institute for Highway Safety мамандары фаралары ең мықты автокөліктердің рейтингін жариялаған болатын.





