Бір портреттің тарихы

643

0

Бір портреттің тарихы 

Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханасында бір ерекше сурет тұр. Ол – ұлы Абайдың портреті. Ескі сурет болғанымен, бояу қанықтығымен, айрықша қолтаңбасымен көз тартады. Бұл туралы кітапхана директоры Күлшара Қаниеваға хабарласып, Абай портретінің салыну тарихын сұраған едік.

– Мен осында жұмысқа қабылданған 1988 жылдан бері Қармақшы аудандық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың портреті ілулі тұр. Биылғы мерейтойға арналған кітап көрмесін ұйымдастыру кезінде осы портретті «Абай» залына қоймақ болдық. Мұны кім салды екен деген ой келді. Дереу сұрастыра бастадым. Кітап­хана саласының ардагері Күміс апаға телефон арқылы хабарлас­тым.

– Апа, Абай атамыз­дың портреті мен жұмысқа тұрғаннан бері бар. Ол қайдан келген және кім салған? – дедім қызығушылықпен.

– Сенің келгенің кеше ғой, ол портрет 1966 жылы мен жұмысқа тұрған кезден бар. Бірақ оның тарихын білмеймін, – деді Күміс апа.

– Ал енді оның қайдан және қашан келгенін кім біледі?

– Бір білсе, Қантай апай білуі мүмкін, – деді.

Содан Қантай апаға хабарластым. Міне, қызық, ұлы ақынның портретін Қантай апай салдыртқан екен.

 Қантай апай 1965 жылы оқу бітіріп келіп, аудандық кітапхананың меңгерушісі болған. Сол кезде аудандық кітапхана Абай есімімен аталады екен.

– Кітапханада Абай портреті бұрын жоқ еді. Сол кезде бізде ұлты орыс суретші болды, қазір аты-жөнін ұмытыппын. Суретті соған арнайылап сал­дырт­тым, – деді ол.

Қармақшы аудандық кітап­ханасындағы Абай портреті 1965 жылы кенепке майлы бояумен салынған. Жарты ғасырдан астам тарихы бар портрет жуырда ашылған «Абай» залының төрінде тұр.

Бір портреттің тарихы 

Бір портреттің тарихы 

 

Құндыз ӘБУТӘЛІПОВА,

ҚМУ-дың студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<