Ассалам алейкум. Көзден шыққан былшық дәретті бұза ма? Ғұсыл немесе дәрет алғаннан кейін былшық қалдығы байқалса, дәретті қайта алу керек пе?
Абдуллина Ж.
Жауап
Уа алейкум ассалам. Былшықтың бөлінуі – дәретті бұзбайды. Егер дәрет немесе ғұсылдан кейін былшықтың өз орнында тұрғаны байқалса, сол жерді қайта тазалау керек, себебі ол – оның негізгі орнына судың тимегенін көрсетеді.
Ал, өз орнынан басқа жерде болса, онда қайта тазалаудың қажеті жоқ. Себебі, оның басқа жерге ауысуы – орнының жуылғанына дәлел болады.
Ең дұрысы Аллаға мәлім.
Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<