#Delechallenge: Деле Аллидің қимылы қалай трендке айналды?

435

0

#Delechallenge: Деле Аллидің қимылы қалай трендке айналды?Жақында әлеуметтік желіде жаңа тренд пайда болды. Желі қолданушылары саусақтарымен монокль белгісін жасап, видеоларын жүктеп жатыр. Қолды көзге қойып, саусақтарымен ok белгісін жасау үрдісі қашан, қалай пайда болды? Мұндай вирустың желіде жылдам таралуына кім «кінәлі»? #Delechallenge туралы сөз қозғайық.

Екі апта бұрын Англияның “Тоттенхэм” командасының жартылай қорғаушысы Деле Алли “Ньюкасл” командасына қарсы ойында гол соқты. Соғылған голдың құрметіне қақпаның жанында тұрып саусақтарымен монокль белгісін жасап, қуанышын осылай білдірді. Аз уақытта Деленің бұл әрекеті көпшілікке кең тарап кетті.

“Тоттенхэмнің” әлеуметтік желілердегі парақшасында: “Жақсы, тағы кім осылай қайталай алады?” деген арнайы сауалнама жасалды. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде #DeleChallenge хэштегімен Деленің әрекетін қайталауға тырысқандардың видеолары пайда болды.

Бір қызығы, Деле Аллидің қарапайым қимылын қайталауға тырысқандар монокль белгісін жасай алмай біраз қиналған.

Делемен бір клубта ойнайтын әріптестері де бұл қимылды қайталап көруге тырысты. Алайда Жорж-Кевин Нкудудың әрекетіне қарағанда бұл аса оңай шаруа емес көрінеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<