Доңыз етінің зияны туралы 9 факт

1138

0

Доңыз етінің зияны туралы 9 факт Алла Тағала адам баласына жамандық тілесін бе. Құран Кәрімде: «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды», – деп шошқа етінің харам екенін ап-айқын көрсетеді. Дініміз рұқсат етпеген бұл жанурадың медициналық тұрғыдан да адам денсаулығына зияны шаш етектен. Өзіміздің төрт түлік малымыз тұрғанда, доңыз етін жей қоймаспыз. Бірақ доңыз еті қосылған шұжық, тағы басқа қоспасында харам мал еті кездесетін тағамдарды бас салып жемес бұрын мынаны есте сақтайық:

1. Доңыз орнына адам етін қолдану қаупі бар

Доңыздың ішкі анатомиялық құрылымы адамдікімен өте ұқсас. Адамға жасауға рұқсат етілмейтін кейбір зерттеулерді шошқаға жасайтыны да сондықтан. Иә, оны осылай бір Алла жаратқан. Бірақ кейбір адамдар мұны айласына асырады. Бір қорқыныштысы, доңыз бен адам етінің дәмінде де аса көп айырмашылық жоқ екен. Қырғын адам өлтіруді ұйымдастырған Hamann мен Kurten деген қылмыскерлер доңыз орнына адам етінен шұжық жасап сатқан көрінеді. Мұндай жиіркенішті оқиғалар батыстың тарихында көптеп кездеседі. Доңыз етін жеудегі ең қауіптісі осы болар.

2. Балаңызға доңыз етін жегізбеңіз

Көбіне балаларда кездесетін скрофулез деп аталатын ауру түрі бар. Қабынудың салдарынан денеде без шошып шығады. Балалардың мойнында шығатын без пішіні доңыздың баласы торайға ұқсас келеді екен. Ал, аурудың негізгі салдары – шошқа етін қолдану.

3. Қатерлі ісіктен сақтаныңыз

Доңыз еті гормондардың өсуін тым жылдамдататындықтан, қатерлі ісік ауруына алып келеді. Сондай-ақ, холестериннің шамадан тыс бөлінуінен ісік жасушалары құралады. Германияның медицина ғалымдары 60-70 жас аралығындағы қарттарда ісік ауруының жиілеп бара жатқанынын осы доңыз етінің салдарынан екенін тапқан.

4. Тері ауруларын тудырушы

Доңыз етінің құрамында ауруды қабындырушы гистаминнің мөлшерден тыс көп болуынан соқыршек, өт жолымен қатар түрлі тері ауруларына душар етеді. Олардың қатарында дерматоз, экзема, дерматит бар. Германиядағы азық-түлік реформасынан кейін шошқа етін жеген орта жастағы әйелдерде қышыма ауруының бір түрі есекжем (крапивница) көп байқалған. Және де жануарларға жасалған тәжірибе де асқазан жарасы мен демікпе, аллергия, қышу байқалатынына көз жеткізген.  Тіпті, миокард инфарктісіне дейін апаратын көрінеді. Сондықтан да жүрек ауруына шалдыққан жандарға шошқа етін жеу тіпті қорқынышты.

5. Тұмау таратады

Доңыз еті грипп вирусын да таратады. Вирусолог Шоптың айтуынша, шошқа өкпесі мен шұжықтардың барлығында  тұмауды жұқтыратын вирустар болады. Доңыз етін күнделікті қолданатын Америка, Германия сынды едерде арты эпидемияға ұласып, жұқпалы ауру жаппай жайылып кеткен оқиғалар өте көп. Байқасаңыздар, мұсылман мемлекеттері харамға жоламайтындықтан, эпидемия дертімен ұшырасқан емес.

6. Семіздіктің сергелдеңі

Доңыздың жарты бөлігі майдан тұрады. Сиыр, қой етінің қасында доңыздың майлылығы салыстыруға келмейді. Сондықтан да доңыз етін жеудің арты семіздікке әкеліп соғады.

7. Жыныстық гормонның зияны

Доңыздың жыныстық гормондарының тигізер зияны өте көп. Болжам бойынша, доңыздың жыныстық гормондарында қатерлі ісік ауруын тудыру қаупі басым. Доңыз малы – адам денесіне ұқсас болғанымен, ақыл иесінің жағымсыз келбеті. Доңызда бұлшықеттер мен сүйек аз болады, керісінше майлы және шырышты қабаты көп келеді. Сонымен бірге, доңыз зәрін дұрыс шығармағандықтан, етіне сіңіп кетеді, ал ол адам терімен жағымсыз иіс болып сыртқа шығады деген де көзқарас бар.

8. У ішкенмен тең

Кейбіреулер доңыз етінің аз мөлшері еш нәрсе қылмайды деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Харам еттің мардымсыз мөлшерінің өзі – уға татиды.

9. Құмарлық

Доңыз етіне деген құмарлық та болады. Кейбір жандарға, зиянын айтып жатсаң, «еті дәмді ғой» деп жатады. Дәрігерлер харам етке деген құштарлықты ішімдік пен темекіге тәуелділікпен салыстырады, себебі зиянын айтып жатсаң да, бас тартпайды дейді. Ал мұсылман қауымына нәпсіге берілмей, жоғарыда келтіріп өткен дәлелденген факттар мен мысалдардан ой түйіп, Алла Тағаланың бұйрығын  ұмытпаған жөн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<