Егер компьютеріңіз көп \»ойланатын\» болса…

411

0

Егер компьютеріңіз көп \"ойланатын\" болса... Windows қолданушылары үшін түртіп алар дүние… Егер компьютеріңіз сіз бұйырған тапсырманы орындамай, экрандағы көрініс бір орында қатып қалатын болса, мына кеңестер қаперіңізде болсын.  
Бір уақытта бірнеше бағдарламада жұмыс жасау кезінде жиі ұшырасатын бұл мәселеден оңай құтылу үшін пернетақта көмегімен жасырын амалдарды орындау керек.  
Графикалық қосалқы жүйені қайта іске қосу
  Бұл әрекет тек Windows 8 және Windows 10 операциялық жүйесінде жүзеге асады. Компьютер өз жұмысын қиындықпен атқарған кезде пернетақтадан Win+Ctrl+Shift+B пернелерін басыңыз. Әрекеттің іске асқанын пернелерді басқаннан кейін шыққан дыбысты сигнал арқылы білесіз. Барлық бағдарламалар ашық күйінде сақталып тұрады. Соңғы көрініс қалпына келеді.  Бұл амалдың жүзеге асуына құрылғыдағы графикалық картаның әлсіздігі немесе қуатты болуы әсер етпейді. NVIDIA, AMD және Intel карталарында бірдей жұмыс істейді. Компьютер бұйрықты кеш орындап жатқан жағдайда, ойын ойнау барысында экрандағы көріністі өз жылдамдығында бере алмай жатқан кезеңде немесе құрылғы ұйқы режимінде тұрған жағдай да осы пәрменді орындауға болады.  
Тығырықтан шығудың басқа да тәсілдері 
Жұмыс жасау барысында экран қара түске боялса Ctrl + Alt + Delete немесе Ctrl + Shift + Esc пернелерін басу арқылы «мәселелер диспетчеріне» кіріп, қиындық тудырған бағдарламаның жұмысын тоқтатуға болады. Alt + Tab, Win + Tab батырмаларын басу арқылы да, баяу жұмыс жасаған бағдарламаны жауып, негізгі жұмыс үстеліне көше аласыз.  Егер сіздің компьютеріңіз жоғарыдағы тәсілдің біреуін де орындай алмаған жағдайда құрылғыны өшіруге тура келеді. Ол үшін қосу/өшіру тетігін 10 секунд шамасында басып тұрасыз. Компьютер өшкеннен кейін 5 минут күтіп, содан кейін қайта қосасыз. Бұл әрекетте қолданар басқа амал қалмағанда ғана барыңыз. Егер осы әдісті жиі қайталай берсеңіз, құрылғының істен шығу ықтималдығы да жиілейді.  Егер экранда көк түс пайда болса, бұл әрекеттің бірі де пайдаға аспайды. Көк түсті экран – Windows операциялық жүйесінде ақау пайда болып, соның салдарынан бағдарлама істен шыққанын білдіреді.

Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<