Есіміңіз кім?

115480

0

Есіміңіз кім? Адамға ат қоюдың өзіндік сыры мен мағынасы бар. Қазақ бұған үлкен мән береді. Тіпті, кейде кісі есімін оның тағдырымен байланыстырып жатады. Осы орайда есімдердің мағынасын ашып айтқымыз келеді. 

Қазақ қыздары қазақша есімдері мен есімдері мағынасы

АБИРА – тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА – араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ – грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ – тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.

АЖАР – көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.

АЖАРГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН – көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АЗА – тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.

АИДА – араб тілінен  — пайда, сый.

АЙБАЛА – ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

АЙБАРША – қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

АЙБИКЕ – екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.

АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.

АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

АЙҒАНША – қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

АЙҒЫЗ – айдай сұлу, көркем қыз бала.

АЙДАЙ – айдай сұлу, көркем.

АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана – білгір, данышпан, ғалым.

 

АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  – теңіз, үлкен өзен.

АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.

АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.

АЙЗАДА – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

АЙЗЕРЕ – қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

АЙЗИБА – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба – сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

АЙЗИЯ – қазақтың сөзі ай + зия – араб тілінен алынған зийна – жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

АЙКҮМІС – қазақтың сөзі ай + күміс – сұлу, әдемі, көркем.

АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен – ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙНА – араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.

АЙНАГҮЛ – тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.

АЙНАША – айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

АЙНҰР – қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙПАРА – қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.

АЙСӘУЛЕ – екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.

АЙСҰЛУ – екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

АЙТОЛДЫ – бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

АЙША – араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше – ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.

АЙШАЙЫМ – Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.

АЙШОЛПАН – Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМ – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

АЙЫМГҮЛ – менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМЖАН – айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМША – ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.

АҚАЙША – аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

АҚБАЛА – сұлу, әдемі қыз бала.

АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

АҚБӘТЕС – ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

АҚБОТА – бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

АҚЖІБЕК –  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия – жарық, сәуле, арай.

АҚҚАЛ – қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол – бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.

АҚҚЫЗ – аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.

АҚМАРАЛ – бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

АҚТАМАҚ – бейнелеу түрінде қойылған есім.

АҚТОҚТЫ – төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

АҚЛИМА – араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.

АЛҚА – асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.

АЛМА – қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

АЛТЫН – кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.

АМАН – сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.

АНАР – иран тілінен – қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.

АНИСА – араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.

АРАЙША – арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

АРДАҚ – құрмет, қадір.

АРНА – бір адамға бағыштау, арнайы қою.

АРУ – сұлу, көркем.

АРШАТ – араб тілінен  – адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.

АСИЯ – иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).

АСЛИ – араб тілінен  — нағыз, шын. Түрі – Аслия.

АСПАЗИЯ – грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.

АСЫЛ – араб тілінен алынған әсил –  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН – асыл және жан сөздерінен – мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

АСЫЛША – асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.

АСЫЛТАС – қымбат бағалы тас.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

ӘБИБА – араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА – араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА – араб тілінен алынған әдил-ғадія  – әділдік, шыншылдық, турашыл.

ӘДИНА – иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘДИЯ – араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.

ӘЗИЗА – араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ӘЗИМА – араб тілінен  — ұлы, мәртебелі әйел.

ӘИГЕРІМ – әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

ӘЙНЕК – араб тілінен алынған  эйн —  көз;   қайнар бұлақтың көзі.

ӘЛЕМГҮЛ – әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

ӘЛИМА – араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.

ӘЛИПА – араб тілінен алынған алиф —  қолға ілінген, дос, жолдас;   араб әліппесіндегі бірінші әріп.

ӘЛИЯ – араб тілінен алынған —  құны, бағасы артық, биік, жоғары;   қымбатты, сүйікті;   мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері – Ғалия, Қалия, Әлиша.

ӘЛФИЯ – араб тілінен  — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.

ӘМИЛА – араб тілінен – қызметші, жұмыскер.

ӘМИНА – араб тілінен  —  адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.

 

ӘМИРА – араб тілінен алынған әмір –  әкім, бастық, билеуші;   нұсқау, жарлық, бұйрық.

ӘНАПИЯ – араб тіліндегі неби — «пайғамбар» сөзінін көпше түрі.

ӘНИСА – араб тілінен  – дос, жолдас.

ӘРИПА – араб тілінен алынған ариф — есім. Білгір, түсінгіш, дана, данышпан.

ӘСЕЛ – араб тілінен алынған аселъ — бал.

ӘСЕМ – сән, көрік, әдемі.

ӘСЕМГҮ – гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.

ӘСЕМҚАН  – әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.

ӘСИМА – араб тілінен алынған асим – қорғаушы, жақтаушы.

ӘТИНА  – (қараңыз: Әдина).

ӘЛИША  – (қараңыз: Әлия).

ӘУЖА – араб тілінен  – ең қымбат, ең асыл.

БАҒИЛА – араб тілінен алынған бахи – мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.

БАҒЫМША – араб тілінен алынған бақ , бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.

БАЗАРАЙЫМ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым – менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.

БАЗАРГҮЛ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.

БАҚТЫГҮЛ – араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.

БАЛАУСА – өндірдей жас.

БАЛБАЛА —  балдай тәтті бала деген мәнді есім;   араб тілінен бал – парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.

БАЛГҮЛ – балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.

БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі –Балғын.

БАЛДАЙ – ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.

БАЛЖАН – балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.

БАЛЫМ – менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.

БАЛҚАДИША – ақылды Қадиша.

БАЛШЕКЕР – бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАНУ – араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.

БАТСАЙЫ – жолақты жібек мата.

БАЯН – көне түркі,  моңғол  тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.

БАЯНСҰЛУ – ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.

БӘДЕР – араб тілінен алынған бәдр — толық ай.

БӘДІГҮЛЖАМАЛ – араб тілінен  – теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете-қысқартып айту түрі — Бәдеш.

БӘДИҒА – араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.

БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.

БӘЗИЛА  – (қараңыз: Фазила).

БӘКИЗАТ – иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.

БӘКІБАЛА – иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.

БӘЛИҒА – араб тілінен  — есейген, ержеткен қыз.

БӘЛИЯ – араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.

БӘТЕС – орыс тілінен батист – жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.

БЕЙБІТГҮЛ – бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.

БЕКДАНА – қазақ сөзі бек  + иран тілінен алынған дана – білгір, яғни нағыз дана, данышпан.

БЕКСҰЛУ – тым сұлу, аса көрікті.

БИБІ – иран тілінен  — үй иесі, азаматша.

БИБІГҮЛ – иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гул. Гүл жайнаған ханым.

БИБІНҰР – иран тілінен алынған – қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.

БИБІСАРА – иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.

БИБІХАНЫМ – ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.

БИБІЖАМАЛ – иран тілінен  — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі – Бижамал.

БОТА – түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.

БОТАКӨЗ – ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.

БҰЛБҰЛ – иран тілінен  — сандуғаш.

БҮБІ  – (қараңыз: Айбибі).

БҮБІШ  – (қараңыз: Айбибі).

БҮБІХАН  – (қараңыз: Айбибі).  

БҮЛДІРШІН – өте жас, өндірдей жас.

ГАУҺАР – иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі – Жаухар.

ГАЯНА – грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.

ГҮЛАЖАР – көркі гүлдей жайнаған қыз.

ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.

ГҮЛАЙЫМ – иран тілінен  — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.

ГҮЛБАНАТ – тәжік тілінен    – қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.

ГҮЛБАНУ – тәжік тілінен   — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.

ГҮЛБАРАШ – иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.

ГҮЛБАХРАМ – араб тілінен  — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.

ГҮЛБОЛСЫН – тәжік тілінен алынған  гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.

ГҮЛҒАЙША – тәжік тілінен алынған  гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.

ГҮЛДАНА – тәжік тілінен   — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.

ГҮЛЖАМАЛ – араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері – Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.

ГҮЛЖӘМИЛА – иран және  араб тілдерінен алынған жәмила – көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.

ГҮЛЖЕҢІС – жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.

ГҮЛЗАРИФА – иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.

ГҮЛЗИПА – зипа иран тілінен алынған  зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі – Күлзипа.

ГҮЛМАРИЯ – иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.  

ГҮЛМИРА – иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен  мир(а) – бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.

ГҮЛНАЗ – иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.

ГҮЛНАР – иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.

ГҮЛНАФИСА – иран және араб тілдерінен алынған  — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.

ГҮЛНИСА – араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.

ГҮЛНҮР – иран  және  араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.

ГҮЛСАНАТ – иран  және  араб тілдерінен алынған санат, санам – әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.

ГҮЛСАРА – иран және араб тілдерінен  – гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.

ГҮЛСИПАТ – иран және араб тілдерінен  – гүлдей әдемі, көркем, сұлу.

ГҮЛШАР – иран тілінен алынған шар  + араб тілінен алынған шарх – шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.

ГҮЛШАРА – иран тілінен алынған шара – бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.

ГҮЛШАРУАН – гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.

ГҮЛШАТ – иран тілінен алынған – шаттық, қуаныш гүлі.

ГҮЛШАШ  – (қараңыз: Сұлушаш).

ҒАЗИЗА – араб тілінен алынған азиз –  күшті, қуатты;   сирек, бағалы;   сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз деген мәнде қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Қазиза.

ГАЙНИ, ГАЙНИЯ – араб тілінен алынған эйнь – кез, ең маңызды, аса елеулі.

ҒАЙНИЖАМАЛ – араб тілінен  – әдемі, көркем, танакез.

ҒАЛИМА – араб тілінен  – білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.

ҒАЛИЯ  – (қараңыз: Әлия).

ҒАРИФА – араб тілінен — көмекші, оқушы, аға бастық.

ҒАФУРА – араб тілінен  — кешірімшіл.

ДАЙАНА – латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ДАМИРА – жаңа  есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».

ДАНА – иран тілінен  — білгір, данышпан.

ДАНАГҮЛ – иран тілінен  — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.

ДАРА – қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАРИҒА – иран тілінен  — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз,  керемет, тамаша деген мағыналы есім.

ДАРИЯ – иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.

ДӘЛИЛА – араб тілінен  — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.

ДӘМЕЛІ – үмітті, үміткер.

ДӘМИНА – араб тілінен  — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі – Дамина.

ДӘНЕШ – иран тілінен  — білім, ғылым.

ДИДАРА – иран тілінен  — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАНЕШ – иран тілінен  — знание, наука.

ДИЛА – грузин тілінен  — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ  – парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА – араб тілінен – алтын тиын, ақша.

ДҮНИЯ – араб тілінен алынған дунйа —  әлем, жер жүзі;    өмір, тіршілік.

ДҮРИЯ – иран тілінен алынған дуруйе – жібектен тоқылған әдемі мата.

ДІЛАРА – иран тілінен  – көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.

ДІЛБАРА – иран тілінен  – сүйікті, өте сұлу.

ДІЛДӘ – араб тілінен  —  алтын ақша;   таза алтын.

ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер  + иран тілінен алынған зада –  бала, перзент;  батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.

ЕРЗИБА – қазақ сөзі ер  + иран тілінен алынған зибо – сұлу, көркем, әдемі.

ЕРКЕ – айтқанын істететін шолжың, еркін.

ЕРКЕЖАН – ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі – Жанерке.

ЖАЗИРА – араб тілінен  – ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА – гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАМАЛ – араб тілінен  — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

ЖАМАЛИ – араб тілінен  — сұлу, көркем, сүйікті.

ЖАМИҒА – араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.

ЖАНАН – тәжік тілінен алынған  джонон — жан аямасдос, жан жолдас.

ЖАНАР —  көздің жанары, сәулесі;  күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.

ЖАНАРГҮЛ – қазақ және  иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.

ЖАНАТ – ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ – қараңыз: Еркежан.

ЖАНИПА –  иран және тәжік тілдерінен алынған  жан-джон – яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.

ЖАНИЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жаным, жан сәулем.

ЖАННА – көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

ЖАННАТ – араб тілінен  — бақ, жұмақ бағы.

ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНСҰЛУ – жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

ЖӘЛИЛА – араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.

ЖӘМИЛА – араб тілінен алынған жамил —  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.

ЖЕҢІСГҮЛ  – (қараңыз: Гүлжеңіс).

ЖҰЛДЫЗАЙ – жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

ЖҰМАБИКЕ  – араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.

ЖҮПАР – хош иіс.

ЖІБЕК – мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

ЗАҒИЛА – араб тілінен алынған зәхирә, зехира —  қазына, байлық, қымбат бағалы асыл;  сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА – араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» – қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА  – (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА – иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА – араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА – бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.

ЗАҚИРА – араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИЛИЯ – араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИРА – араб тілінен –   асыл арман, тәтті қиял, ой.

ЗАРА – иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРЕМА – жаңа  есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.

ЗӘКИЯ – араб тілінен алынған зәки —  өткір, зерек, сөзімтал;   ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗӘМЗЕГҮЛ – араб тілінен алынған  земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.

ЗӘМЗАМИЯ – араб тілінен  — су тасушы.

ЗӘРИПА – араб тілінен алынған Зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;    әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.

ЗӘУРЕ – араб тілінен  —  жарқыраған;  Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.

ЗЕЙНЕП – араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ЗЕЙНЕГҮЛ – араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл.  Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.

ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.

ЗЕРЕ – иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.

ЗИБА – иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.

ЗИБАГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу.

ЗИЛА – араб тілінен  — таза, ашық, айқын.

ЗИНИРА – араб тілінен – безенген көрікті, көркем.

ЗИНИЯ – араб тілінен  – безенген, әшекейленген, сәнденген.

ЗИЯ – араб тілінен алынған зийна – жарық, сәуле.

ЗИЯГҮЛ – гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.  

ЗИЯДА – араб тілінен алынған зиада – артықша, ерекше, тамаша.

ЗУРА  – (қараңыз: Зәуре).

ЗҮБАЙДА – араб тілінен  – таңдаған, таңдаулы, ең жақсы,  нағыз іріктелген.

ЗҮБАЙРА – араб тілінен  – күшті, ақылды.

ЗҮЛФИЯ – араб тілінен  – бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.

ЗҮМРАТ – иран тілінен  – қымбат, бағалы тас.

ЗЫЛИҚА – араб тілінен  – жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

ИРАДА – араб тілінен алынған — ерік, ықылас.

КАБИРА – араб тілінен алынған кабир —  ұлы, зор, үлкен;  маңызды, байыпты, салмақты.

КАРИНА – жаңа есім  — Карск теңізі атынан қойылған есім.

КӘМАЛИЯ – араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.

КӘРИМА – араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ – көрік, ажар, әр, тұлға.

КЕНЖЕ – ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.

КЕҢЕСГҮЛ – жаңа есім  — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.

КЕРІМБАЛА – керемет сұлу қыз бала.

КЛАРА – латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.

КҮБАРА – араб тілінен алынған кубра – үлкендер, ұлылар.

КҮЛАЙ – гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.

КҮЛАЙХАН – гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі – Күлән.

КҮЛАЙША – тәжік тілінен алынған  гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.

КҮЛӘНДА – тәжік тілінен алынған  гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.

КҮЛӘСИЯ – иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.

КҮЛБАҒИЛА – иран тілінен алынған гуль  + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.

КҮЛБАҒИРА – иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.

КҮЛБАЛА – кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.

КҮЛИРА – иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.

КҮМІСАЙ – қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КҮНАЙ – күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

КҮНЖАМАЛ – күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.

КҮНСҰЛУ – күндей сұлу, әдемі.

ҚАЗИЗА  – (қараңыз: Ғазиза).

ҚАЗИЛА – араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.

ҚАЗЫНА – араб тілінен алынған хәзинә —  байлық, қойма;   қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

ҚАЛАМҚАС – жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

ҚАЛБИБІ  – (қараңыз: Аққал).  

ҚАЛИЯ  – (қараңыз: Әлия).  

ҚАЛУА  – (қараңыз: Алуа).  

ҚАЛУАН  – (қараңыз: Алуа).

ҚАЛТҰРҒАН  – (қараңыз: Аққал).

ҚАМАРИЯ – араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.

ҚАМҚА – қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.

ҚАПИЗА – араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.

ҚАРАГӨЗ – мөлдір, әдемі, нәркес көз.

ҚАРЛЫҒАШ – құс атауынан қойылған есім.

ҚАТИРА – араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.

ҚОРЛАН – араб тілінен  — хор сұлуы, хор қызы.

ҚҰНДЫЗ – терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.

ҚҰРАЛАЙ – киіктің лағы;  уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.

ҚЫЗҒАЛДАҚ – қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.

ҚЫМБАТ – аса бағалы, құнды, нарқы артық.

ҚЫРМЫЗЫ — шымқай қызыл,  алқызыл, қызыл жібек;  нұрлы, әрлі.

ЛАЗЫМ – араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көректі.

ЛАШЫН — алғыр, қыран құс, сұңқар.

ЛӘБИБА – араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.

ЛӘЗЗАТ – араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық,  сүйкімділік, жағымды,  ұнамды, жаратымды.

ЛӘЗИЗА – араб тілінен алынған лазиз —  тәтті, шырынды, дәмді;  ең жақсы, өте тамаша.

ЛӘЙЛА – араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.

ЛӘТИПА – араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.

МАҒРИПА – араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.

МАЙНА – иран тілінен  — индия қараторғайы.

МАЙНҰР – май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.

МАЙСА – тәжік тілінен   —  ерте көктем;  көк майса, шалғын.

МАҚПАЛ – иран тілінен алынған бахмал — барқыт.

МАНАТ – көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.

МАНЗУРА – араб тілінен — бағышталған, арналған.

МАРЖАН —  теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар;  інжу.

МАРЗИЯ – араб тілінен алынған мәрзия —  разы қылушы, яки жағымды, келіскен;  көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.

МАРИЯ – көне еврей тілінен келген—  өте жақсы, тамаша;  биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.

МАРФУҒА – араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.

МАРХАБА – араб тілінен алынған мархабан — хөш келдіңіз, қайырымдылық.

МАСТУРА – араб тілінен  —  жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші;  адал, таза, құрметті әйел.

МАТЛУБА – араб тілінен  — арманы орындалған.

МАУСЫМЖАН – араб тілінен алынған – маусым – уақыт, шақ, жиынтерін;  ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.

МАХБАРА – тәжік тілінен алынған  мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.

МАХБҮБІ – тәжік тілінен алынған  мах  + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.

МАХИНҮР – иран тілінен  – айлы, жарық, айға ұксас сұлу.

МӘДИНА – араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.

МӘЛИКЕ – араб тілінен  – патша әйел, ханша, ханым;  билеуші әйел, патшаның әйелі.

МӘНЗИЛА – араб тілінен  – дәреже, атақ;  әлеуметтік жай.

МӘНСУРА – араб тілінен алынған мансур — женімпаз, жеңуші.

МӘРМАРА – араб тілінен  – асыл ақ тас.

МӘУЕ – араб тілінен  – жеміс.

МЕЙРАМГҮЛ – қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.

МЕЙІЗ – иран тілінен  – жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.

МЕЙІРЖАН – иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.

МЕРЕКЕ – той, тамаша күні туған балаға берілген есім.

МЕРУЕРТ – иран тілінен  – асыл моншақ.

МИРА – жаңа есім  – бейбіт, тыныштық өмір.

МҰХТАРИМА – араб тілінен  – қадірлі, құрметті, сыйлы.

МҰКАРРАМА – араб тілінен  – құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.

МҮЛИПА – араб тілінен  — кітап шығарушы ақын.

МҮНИРА – араб тілінен  – нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.

МҮШТӘРИ – араб тілінен  —  сатып алушы;   жұлдыз.

НАҒИЗА – иран тілінен  — әдемі, сұлу, көркем.

НАҒИМА – араб тілінен алынған нагімә —     мейірімді, жарқын, инабатты;  биязы, нәзік, жұмсақ.

НАЗГҮЛ  – (қараңыз Гүлназ).

НАЙРА – араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.

НАРША – нардай мықты, қайратты, жігерлі.

НАУАТ – араб тілінен алынған набит —  өсімдік, шөп;  мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.

НАУША – иран тілінен алынған ноуче —  жаңа келген;  балаң, жас.

НӘБИРА – араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.

НӘДИРА – араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.

НӘЗИПА – араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.

НӘЙЛА – араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету;  сый, сыйлық.

НӘРГҮЛ – иран тілінен алынған нәр – анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.

НӘРЗӘН, НАРЗАН – минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы  ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.

НӘРИМА – араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.

НӘСИМА – араб тілінен алынған нәсимә —  самал;  лебіз, леп.

НӘФИСА – араб тілінен алынған нафиса —  сұлу, көркем, әдемі;  нәзік, биязы.

НЕСІПЖАН – араб тілінен алынған насиб –  үлес, сыбаға;  бақыт, тағдыр.

НҰРАЙ – көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.

НҰРАЙША – араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.

НҰРБАҒИЛА – көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.

НҰРБИБІ – араб тілінен алынған  бибі – нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.

НҰРЖАМАЛ – араб тілінен  – сұлулық, көркемдік сәулесі.

НҰРЖӘМИЛА – араб тілінен –  аса сұлу, әдемі, көрікті;   өте сүйкімді, ажарлы.

НҰРЗИЛА – араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.

НҮРЗИЯ – араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.

НҰРИКАМАЛ – араб тілінен  – кемеліне келген, толысқан сұлу.

НҰРИЛА – араб тілінен  — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.

НҰРИПА – араб тілінен  – нұрлы, ажарлы, көркем.

НҰРИЯ – араб тілінен  —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.

НҰРЛЫҚҰЛ – араб тілінен  — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.

НҰРСҰЛУ – араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

НҰРХАН – араб тілінен  — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.

НҰРША – араб тілінен  — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАЙЫМ – араб тілінен  — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАРА – нұрлы, әрлі, сұлу Шара.

ОЗАРИЯ – иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет.

ОПАЖАН – араб тілінен алынған вафа  + иран тілінен алынған жан, адал, таза, пәк жан, досына шын пейілімен берілген адам.

ОРАЗГҮЛ – көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.

ОРАЛ –  Орал өзені атынан қойылған есім.

ОРЫНША – бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.

ОЗАРИЯ – иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет.

ОПАЖАН – араб тілінен алынған вафа  + иран тілінен алынған жан, адал, таза, пәк жан, досына шын пейілімен берілген адам.

ОРАЗГҮЛ – көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.

ОРАЛ –  Орал өзені атынан қойылған есім.

ОРЫНША – бәз қалпынша, баяғыша, өзгеріссіз, тұрақты.

ӨМІРГҮЛ – өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.

ӨМІРШЕ – араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

ӨНЕГЕ – үлгі, тәрбие.

ӨРБИКЕ – қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.

ӨРЗИЯ – асқан сұлу, адемі қыз.

ПАНА – иран тілінен алынған панаһ —  сая;  қорғаныш, сая, таса.

ПАРАСАТ – араб тілінен  — ақыл, сана.

ПАРЗАН – иран тілінен алынған фарзане —  данышпан, ғұлама;  ақылды.

ПЕРИЗАТ – иран тілінен алынған — пани ~ пері + зат әдемі, сұлу, асқан сұлу, көркем қыз.

РАБИЯ – араб тілінен  — тәрбиелеуші, тәрбие беруші.

РАЙГҮЛ – араб тілінен  — райхан гүлі.

РАЙСА – грек тілінен – биязы, жұмсақ, жөн білгіш.

РАЙХАН – араб тілінен  — хош иісті гүл.

РАСИМА – араб тілінен  — рәсім, әдетті берік ұстаушы.

РАУЗА – араб тілінен  — бақша, гүл бақшасы, көгал;  көрікті.

РАУШАН – иран тілінен алынған рәушан —  жарық, нұрлы, сәулетті;  айқын, таза.

РАФИХА – араб тілінен алынған рафих —  қайырымды, жомарт, мәрт;   серік, жолдас, дос;     көңілдес, яғни қайырымды, жомарт, дос қыз.

РАХИЛА – араб және тәжік тілдерінен   — пысық, елгезек қыз.

РАХИМА – араб тілінен  — мейірімді, қайырымды, рақымды.

РАХИЯ – араб тілінен  — көңіл аударушы, сүйкімді, әсем.

РАШИДА – араб тілінен алынған рашид — бастаушы, бағыт беруші.

РӘБИҒА – араб тілінен  —  төртінші, төртінші қыз;  көктем, көктем кезі;  жолдас, серік.

РӘЗИЯ – араб тілінен  —  жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті;  риза, разы, қалаулы.

РӘШ — араб тілінен — сіркіреп жауған жауын.

РОЗА –   Роза гүлі атынан қойылған.

РУСЛАНА – көне түркі тілінен— Руслан есімінен қойылған қыз есімі.

РУФИЯ – иран тілінен  — алтын немесе күміс тиын.

РУХИЯ – иран тілінен  — көңіл-күй, рух.

САҒИДА – араб тілінен  — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.

САҒИРА – араб тілінен  — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.

САҒИЯ – араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.

САДИДА – араб тілінен  –  нағыз, дұрыс, пайдалы;  лайықты.

САЙДА – араб тілінен алынған сейид , саид —  мырза, бастық, әкім;  құрметті.

САЙЛАУГҮЛ – сайлау күні туған қыз бала.

САЙРА – араб тілінен алынған сайера — жұлдыздар, яки жұлдызы жарқырап туған қыз.

САҚЫП – араб тілінен алынған сахиб —  серік, жолдас, дос;  таныс.

САҚЫПЖАМАЛ – араб тілінен алынған – сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.

САЛТАНАТ – араб тілінен алынған —  сұлтандық, патшалық;  мақтаныш, абырой, тәкаппарлық, байлық;  әсемдік, асқан әдемілік, сән-салтанат.

САНДУҒАШ – көне түркі тілінен сандувач — бұл-бұл.

САРА – иран тілінен алынған —  ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы;  араб тілінен  — ханым, әйел;   көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.

САРИЯ – араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.

САФУРА – араб тілінен  — шыдамды, төзімді, мықты.

СӘБИҒА – араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.

СӘБИЛА – араб тілінен  — жол, сапар.

СӘБИРА – араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.

СӘЖИДА – араб тілінен  –  ибадат қылушы.

СӘЛИМА – араб тілінен алынған салим —  сау, бүтін, толық, аман-есен;  нағыз, тыныш;  қарапайым, шынайы, әділ.

СӘНИЯ – араб тілінен алынған  — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).

СӘНӘМАЙ – қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.

СӘПИНА – араб тілінен — үлкен қойма, қазына.

СӘРУАР – иран тілінен  — басшы, бастық, жетекші.

СӘУЛЕ –  таңғы жарық, шапақ.

СӘУЛЕТ – араб тілінен  — келбет, ажар, айбын, мақтаныш.

СҰЛУ – өте әдемі, аса көркем.

СҰЛУКЕ  сұлу-ак, әдемі-ақ, көркем.

СҰЛУХАН –  аса көркем, өте әдемі ханым.

СҰЛУШАШ – әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.

СҮИІНБАЛА – көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.

СЫМБАТ – көрік, кескін, келбет.

СЫНДЫБАЛА – көрікті, кескінді, келбетті қыз бала.

ТАЛЖАН – тал – өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі,  қосымша – жан.

ТАЛШЫБЫҚ – қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.

ТАЛШЫН – ағашының  бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

ТАМАРА – көне еврей тіліндегі құрма ағашы.

ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.

ТАНА – ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.

ТАҢСЫҚ –  құмар, әуес;  сирек зат.

ТАҢШОЛПАН – таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

ТӘБИБА – араб тілінен  – емші, дәрігер.

ТӘБИЛА – араб тілінен  — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).

ТӘБИЯ – араб тілінен  – қорған, қамал, бекініс.

ТӘЖІГҮЛ – иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.

ТӘЛИПА – араб тілінен алынған таалип –  талапкер, талаптанушы, білім іздеуші;  сұраушы;  студент.

ТӘМИЛА – араб тілінен  – тау кептері, көгершін.

ТӘНЗИЛА – араб тілінен  – әмір, бұйрық.

ТӘНЗИЯ – араб тілінен  – тазалық, пәктік.

ТӘРБИЕ – араб тілінен  –  тәртіп,   ауыспалы мағынасы ұлгі – өнеге.

ТӘТТІБАЛА – сүйікті, сүйкімді қыз бала.

ТЕҢДІК – бостандық, еркіндік, тең құқықтық.

ТОҒЖАН – әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.

ТОЙБАЛА – той күні туған қыз бала.

ТОЛҒАНАЙ – толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛҚЫН – теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.

ТОРҒЫН – үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.

ТОРЫМБАЛА – көне түркі торым — бота, ботақан + бала.

ТОТЫ – тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.

ТҰРҒАН – берік тұрып қалған, тоқтаған.

ТҰРСЫНАЙ – ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.

УӘЗИПА – араб тілінен алынған —  таза, пәк;    сұлу, көркем.

УӘСИЛА – араб тілінен алынған вәсилә —  көмек, жәрдем;  шыдамды, төзімді, күтуші.

УӘСИМА – араб тілінен алынған вәсимә — әдемі, сұлу, сүйкімді, жылы шырайлы.

ҰЛБАЛА – қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.

ҰЛЖАН – ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.

ҰЛПА – қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

ҰЛФАТ – араб тілінен  — достық, махаббат.

ҰРҚИЯ – араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.

ҮМІГҮЛСІМ – араб тілінен  –  Гүлсімнің анасы, туысы;  монтиған, томпиған бүйрек бет.

ҮМІТ – иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.

ҮРИЯ – араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.

ФАЗИЛА – араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел);  сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.

ФАРИДА – араб тілінен  —  інжу, маржан;  теңдесі жоқ, сирек зат.

ФАРИЗА – араб тілінен  — міндет, борыш.

ФАТИМА – араб тілінен  — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.

ФАУЗИЯ – араб тілінен  —  жеңуші, жеңімпаз;  салтанат.

ФИРУЗА – иран және тәжік тілдерінен   —  бақытты, ырысты;  нұр шашушы.

ХАБИБА – араб тілінен  — жан дос, сүйікті, сүйкімді қыз, әйел. Түрі — Қабиба.

ХАДИША – араб тілінен  — шала туған қыз. Түрі – Қадиша.

ХАДИЯ – араб тілінен  — сый, тарту. Түрі — Қадия.

ХАЛИДА – араб тілінен  — мәңгі баки, өлмес, ұзақ жасаушы.

ХАЛИЛА – араб тілінен  — сүйікті дос, адал жолдас қыз. Түрі — Қалила.

ХАЛИМА – араб тілінен  — рахымды, жуас. Түрі — Қалима.

ХАЛИСА – араб тілінен  — таза, қоспасыз, адал.

ХАНИФА – араб тілінен  — адал, таза, ақ.

ХАТИМА – араб тілінен — жомарт, қайырымды.

ХАТИПА – араб тілінен  —  уағыздаушы;  бата беруші, мактаушы. Түрі – Қатипа.

ХАФИЗА – араб тілінен  — қорғаушы, сақтаушы.

ШАРА – қазақ есімі —  көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі;    амал, әдіс, айла.

ШАРАПАТ – араб тілінен алынған шарафат —  ізгілік, адамгершілік, жақсылық;  абырой, құрмет, даңқ, ізет.

ШАРБАНУ – иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі;  қаланың сұлу бикештері.

ШАФИҒА – араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.

ШАХЗАДА – иран тілінен алынған – араб тілінен алынған — шах баласы, қызы.

ШАХИЯ – иран тілінен алынған —  шахқа байланысты, шахқа тән;    ең жақсы, ең тандаулы, аса зор.

ШӘКИРА – араб тілінен алынған —  алғыс айтушы, кұрметтеуші;  мейірбанды, асыл.

ШӘМСИЯ – араб тілінен алынған – кун. Түрі – Шәмшия.

ШӘРБАТ – араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.

ШӘРИПА – араб тілінен алынған шариф — мейірбан, игі, қасиетті, құдіретті.

ШЕКЕР – иран тілінен алынған шакар —  қанттын уақ, майда ұнтағы;   ауыспалы мағынасы тәтті құмшекер. Түрі — Секер. Біріккен тұлғалы есімдер — Шекерқан, Секерқан.

ШОЛПАН – қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.

ШҰҒА – биязы, жұмсақ мата.

ШЫНАР – қазақ тілінен алынған —  биік, тау терегі, шынар ағашы;  жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

ШЫНАРГҮЛ – шынар ағаш гүлі сияқгы әдемі, сұлу.

ШЫРАЙГҮЛ – гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.

ШЫРЫН – иран тілінен алынған — жеміс нәрі.

ШЫРЫНГҮЛ – тәтті, нәрлі гүл, яғни гүлдей нәзік, әдемі, сұлу.

ЫРЫСАЛДЫ – ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.

ЫРЫСБАЛА – бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.

ЫРЫСТЫ – бақытты, құтты.

ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын  түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.

ІҢКӘР – араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.

Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен есімдері мағынасы

АБАЙ –  қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.

АББАС – араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер.  Түрлері  – Ғаббас, Қаппас, Қапбас.

АБЗАЛ – араб тілінен алынған – ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.

АБЫЗ – араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз.  Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.

АБЫЛАЙ – араб тілінен алынған есім –  абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.

АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.

АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.

АҒЗАМ – араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.

АҒЫН – қазақ есімі –  ағыны қатты, лек, екпін.

АДАЙ –көне түркі тілінен алынған – балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.

АДАМ –  көне еврей тілінен – қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.

АДЫРБАЙ – қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.

АЖАРБЕК –  қазақ есімі –  ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.

АЗАМАТ – араб тілінен алынған  –  ұлылық, даңқ,  нағыз ер жігіт, саналы адам.

АЗАТ –  иран тілінен алынған – ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер – Азатбай, Азатбек.

АЙӘДІЛ –  қазақ тілінен –  ай + араб тілінен – әділ. Әділ, адал, шыншыл.

АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.

АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.

АЙБАТ – қазақ есімі – айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.

АЙБЕК – қазақ есімі – ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙБОЛ – қазақ есімі  – ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.

АЙБОЛАТ – қазақ есімі – ай + болат – болады — менін айым болады.

АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.

АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған – ай + араб тілінен – ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.

АЙДАН – қазақ тілінен алынған – ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.

АЙДАР –  қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.

АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — ғали – Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді.  Түрі — Айдаралы.

АЙДАРХАН – қазақ сөзі –  айдар, араб сөзі – хайдар + қазақ сөзі – хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.

АЙДОС – қазақ есімі – Айдын досы.

АЙДЫН –  қазақ есімі  —  айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім – Айдынғали.

АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.

АЙЖАРЫҚ –  ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.

АЙЖАС – ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.

АЙЗАТ – қазақтың  сөзі ай + иран тілінен алынған  зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.

АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы  әйгілі, белгілі, нақты.

АЙМАҒАМБЕТ –  қазақ сөзі – ай + араб сөзі  мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.

АЙМАҚ –  қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.

АЙМҰРАТ – қазақ сөзі – ай + араб сөзі  морад – мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.

АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері  айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.

АЙНАН –  араб тілінен алынған  гайнан — шын, дұрыс, тура.

АЙРАТ –  араб тілінен алынған – құрметті, қадірлі.

АЙСА – көне еврей араб есімі. Ғайса — Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде Ғайса, Қиса, Иса түрінде кездеседі.

АЙСАУЫТ –  ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.

АЙСҮГІР – қазақ есімі. Ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.

АЙТАҚЫН – араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы,  иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер – Айтбай, Айтжан, Айтбек.

АЙТАН – қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.

АЙТАС –  ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙТЕМІР – ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

АЙТҚАЛИ – араб есімі эйдъ — айт мейрамы, ғали — жоғары, биік деген мағынаны білдіретін сөздерінен жасалған есім. Бала келешекте ең кұрметті, жоғары мөртебелі болсын деген ұғымда қойылып отырған.

АЙТУАР – қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.

АЙТУҒАН – қазақ есімі. Ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.

АЙТУДЫ  – (қараңыз: Сарман).

АЙШУАҚ – қазақ есімі. Ай сияқты сәулелі, жарық, көнілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙШЫҚ – қазақ есімі.  Туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.

АҚАЙ – қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.

АҚАН – иран тілінен алынған  аһен — темір.

АҚАТ – араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.

АҚБАЙ – қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.

АҚБЕРДІ – қазақ сөзінен ақ немесе  араб сөзінен хәққ — сый, тарту + қазақ сөзі, берді; яғни ағынан берді. Еркелетіп айтылатын түрі — Ақтай.

АҚБОЛАТ – қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен   болат  – құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.

АҚЕДІЛ – өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.

АҚЖАН –  қазақ есімі  адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.

АҚЖАРҚЫН  – ашық жарқын жүзді, шат-шадыман.

АҚЖОЛ – өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.

АҚЖІГІТ – қазақтың ақ және жігіт  сөздері арқылы жасалған есім. Мықты, қайратты азамат деген мағынаны білдіреді.

АҚҚОЗЫ – қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.

АҚНАЗАР – есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған  нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.

АҚПАНБЕТ – ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.

АҚСҰЛТАН – есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.

АҚТАҢ – ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.

АҚТІЛЕК – бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.

АҚҚОЖА – қазақ тілінен  ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.

АҚШОРА – қазақ сөзінен ақ және көне түркі тілінен алынған шора — мырза, бек, шонжар. Ақсүйек деген мағынаны береді.

АҚЫЛБАЙ – араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.

АҚЫЛБЕК –  ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.

АҚЫН – иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы,  жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.

АҚЫНЖАН – бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.

АҚЫРАП – араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.

АЛАЙ – көне түркі тілінен— отряд, бөлім, рота, батальон, полк.

АЛАУ – шымқай қызыл түс.

АЛБАТ – араб тілінен алынған албат — түс, түрлі-түсті әң, түр.

АЛҒА –  баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.

АЛҒЫР – өжет, ержүрек.

АЛДАН – қазақ есімі. Бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім;  баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.

АЛДАР – көне түркі тілінен алынған— қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.

АЛДИЯР – араб тілінен – құданың досы немесе жұбайы. Ертеректе қазақ халқында лауазымы жоғары адамдарға (ханға т.б.) келген жұмысын баяндау үшін өзіне қарата айтылытын сөз – «алдияр».

АЛЕН  – араб тілінен  – айқын, ашық, жария.

АЛМАБАЙ – қазақ есімі, алма сияқты әдемі, көрікті, сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Алматай, Алмабек.

АЛМАС – иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.

АЛМҰРТ – иран тілінен алынған жеміс атынан қойылған есім.

АЛПАМЫС – алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.

АЛПАР – алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.

АЛПЫСБАЙ – бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.

АЛТАЙ –  моңғол  тілінен келген алтан — алтын, тай-таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.

АЛТЫБАЙ – саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.

АЛТЫНБЕК – қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.

АЛТЫНСАРЫ – қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.

АМАН – араб тілінен алынған әмен — сау, есен, саламат. Еркелетіп айтылатын түрі – Амантай. Біріккен тұлғалы есімдер — Аманбай, Амандық, Аманбек, Аманғали, Аманжол және т. б.

АМАНБАЙ – араб тілінен алынған аман + бай. Есен-сау бол. Синонимі — Есенбай.

АМАНГЕЛДІ – араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман-сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді

Иманов есімі ретінде, онын құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.

АНАРБАЙ – иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.

АНДАС – араб тілінен алынған — дос, жолдас.

АҢСАҒАН – қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.

АҢСАР – қазақ есімі,  сағынатын, зарығатын.

АППАҚ – қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.

АРАЙ – қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.

АРАЛБАЙ – Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.

АРБЕК – қазақ есімі, ар-ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.

АРБОЛ – қазақ есімі,  Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.

АРҚАТ – қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.

АРМАН – иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.

АРСЕН – грек тілінен алынған арсений — батыл, ер-жүрек.

АРТЫҚ – қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. Біріккен тұлғалар — Артықбай, Артыққали.

АРЫН – қазақ есімі — қарқын, екпін, жігер. Біріккен тұлғалар — Арынбай, Арынбек.

АРЫНҒАЗЫ – қазақ сөзінен арын + араб сөзінен ғазы — әскер, жауынгер біріккен есім. Батыл, жігерлі, қайратты жауынгер. Ғазы сөзі — Иманғазы, Нұрғазы, Ерғазы, Серғазы, Жанғазы сияқты біріккен тұлғалы кісі аттарын жасауға қатысты сыңар сөз.

АРЫНДЫҚ – қазақ есімі – қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.

АРЫСБАЙ – қазақ есімі – Арыс өзені атынан қойылған есім.

АРЫСТАН – қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.

АСАБАЙ – қазақ тілінен алынған — шектен асқан бай адам.

АСАН – араб тілінен алынған хасан – сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.

АСҚАН – қазақ есімі, бәрінен артық, ерекше.

АСҚАР – қазақ есімі, ең биік, сеңгір тау, қарлы биік шың;  тірек, сүйеніш. Біріккен тұлғалы есімдер — Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан.

АСТАМ – қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.

АСФАНДИЯР, СПАНДИЯР – иран тілінен алынған, иран халық эпосындағы басты кейіпкердің бірінің есімі;  иран жыл санауындағы ай аты.

АСХАТ – араб тілінен алынған асхад – ең бақытты, құтты, ырысы мол.

АСЫЛ – араб тілінен алынған: негіз, түбір, ақиқат, нағыз; ардақты, қымбатты, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылхожа, т. б.

АТА – бұл сөз кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеп, сыйлау мағынасында айтылған.

АТАБАЙ – қазақ есімі — белгілі, атақты, дәулетті адам.

АТАБЕК –  қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII—XVIII ғ.ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.

АТАЛЫҚ – қазақ есімі — атаға тән, атанікі.

АТАМҰРАТ – қазақ тілінен алынған — атанын мұраты, мақсаты.

АҒАНИЯЗ – қазақ тілінен алынған ата + иран тілінен алынған нияз – өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Бала ата тілегі, ата үмітін ақтасын деген тілекпен қойылған есім.

АТЫМТАЙ – араб тілінен алынған хатим — жомарт, мырза.

АХАТ – араб тілінен алынған — жалғыз, жалқы.

АХМАР – араб тілінен алынған — қызыл.

АХМЕДИЯР – араб тілінен алынған — мақтауға лайық ер.

АХМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайык.

АХМЕТСАФА – араб тілінен алынған ахмад — мақтаулы, мақтауға лайық, сафа — таза, пәк, яғни, «нағыз мақтаулы, әбден мақтауға лайық адам» деген мағынаны білдіреді.  

АХРАМ – араб тілінен алынған — нағыз жомарт.

АЯН – қазақ есімі — көпке белгілі, жұртқа мағлұм.

ӘБДУӘЛИ – араб тілінен алынған уали — әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі.

ӘБДІ – араб тілінен алынған — мәңгі, шексіз.

ӘБДІБАЙ – араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бай. Яғни мәңгі бай.

ӘБДІБАҚИ – араб тілінен алынған ғабди + бахи – мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы, ұзақ өмір сүруші пенде, адам.

ӘБДІБАҚИТ – араб тілінен алынған ғабд + бахит – бақыт. Мәңгі бақытты деген мағынаны береді.

ӘБДІБЕК – араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бек, яғни қашанда күшті, мыкты, берік.

ӘБДІҒАЗИЗ – араб тілінен алынған ғабд + ғазиз — қадірлі, қымбатты.

ӘБДІҒАЛИ – араб тілінен алынған ғабд + ғали — қымбатты, қадірлі, сүйікті, яғни аса қымбатты, қадірлі, артық, қашанда сүйікті, сүйкімді. Еркелете қысқарту тұлғасы — Әбдеш, Әбікен.

ӘБДІҒАППАР – араб тілінен алынған ғабд + ғаффар — кешіруші. Кешірімді әміршінің, жаратушының құлы.

ӘБДІҒОЖА – араб тілінен алынған ходжа — мырза, мұғалім үйретуші ие.

ӘБДІЖАППАР – араб тілінен алынған джәббар — құдіретті, күшті.

ӘБДІЖӘМІЛ – араб тілінен алынған ғабд + жамил – сұлу, өте әдемі, сүйкімді;  қайырымды ақкөңіл, сыпайы.

ӘБДІКӘРІМ – араб тілінен алынған ғабд + карим — қолы ашық, жомарт;    ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді, әдемі.

ӘБДІҚАДЫР – араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді.

ӘБДІҚАЙЫМ – араб тілінен алынған ғабд + каим, мәңгі өмір сүретін, мәңгілік.  

ӘБДІҚАИЫР – араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы.

ӘБДІХАЛЫҚ – араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі.

ӘБДІМӘЖИТ – араб тілінен алынған ғабд + мажит — күшті, атақты, даңқты. Атақтылардың, даңқтылардың қызметшісі.

ӘБДІМАНАП – араб тілінен алынған ғабд + манап  – ақсүйек, асылзада. Қысқартып еркелетіп айтылатын түрі — Әбдеш.

ӘБДІМӘЛІК – араб тілінен алынған ғабд + малик — патша. Патшаның қызметшісі.

ӘБДІНАСЫР – араб тілінен алынған ғабд + насыр жәрдем беруші, жеңімпаз.

ӘБДІНҰР – араб тілінен алынған – мәңгі жайнап, жасарып тұрушы.

ӘБДІРАҚЫМ – араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ.

ӘБДІРАХМАН – араб тілінен алынған рахман — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Мейірімділіктің құлы. Қысқартылып Әбдірақ, Әбіш деп айтылады.

ӘБДІРАШИД – араб тілінен алынған рашид — саналы, ақылды, парасатты.

ӘБДІРӘСІЛ – араб тілінен алынған расул — елші, уәкіл, хабаршы. Синонимдері — Абдрасіл, Әбдрасыл.

ӘБДІРЗАҚ – араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ.

ӘБДІСАМАТ – араб тілінен алынған самад — мәнгі, тұрақты, яғни мәңгі өмір сүруші. Синонимі — Әбсамат.

ӘБДІСАЛАМ – араб тілінен алынған сәлам — бейбітшілік, тыныштық. Тыныштықты, бейбітшілікті жақтаушы. Синонимі — Әбсалам.

ӘБДІСАТТАР – араб тілінен алынған сәттар —  кешірімшіл, корғаушы;  қорғау, қорған болу.

ӘБДІСЕЙІТ – араб тілінен алынған сейидь, —  мырза, бастық, қожа, яғни, мырзаның пендесі, орындаушысы деген мағынаны білдіреді. Түрлері — Әбдулсейіт, Әбсейт, Әбусейіт, Әбшейіт.  

ӘБДІХАЛЫҚ – араб тілінен алынған хәлк —  жаратушы, жасаушы;  халық, жұрт, яғни халыққа қызмет етуші.

ӘБДІХАМИТ – араб тілінен алынған хамид — мақтаулы, мақтауға лайық.  

ӘБДІШҮКІР – араб тілінен алынған шукран — құрметтеу, сыйлау, алғыс айту, мақтау, мадақтау.

ӘБЕТ – араб тілінен алынған абад — мәңгілік, шексіздік, ұзақ өмір сүруші деген мағынаны береді.

ӘБУ – араб тілінен алынған абу — әке.

ӘБУБӘКІР – араб тілінен алынған абу — әке + бикер —  тұңғыш;   кіршіксіз пәк, таза. Тұңғыштың әкесі деген мағынаны береді.

ӘБУҒАЛИ – араб тілінен алынған абу — әке + ғали биік, жоғары, зор.

ӘБУҒАЛЫМ – араб тілінен алынған абу – әке + ғалим — оқымысты, ғұлама. Көп білетін білімді деген мағынаны білдіреді.

ӘБУНАСЫР – араб тілінен алынған абу – әке + наср  — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.

ӘБУСАДЫҚ – араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.

ӘБУТӘЛІП – араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші;  сұраушы;  студент.

ӘБІЛ – арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.

ӘБІЛҒАЗИЗ – араб тілінен алынған ғазиз —  күшті;  сирек, бағалы;  суйкімді, сыпайы, қадірлі.

ӘБІЛҒАЗЫ – араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.

ӘБІЛҚАЙЫМ – араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.

ӘБІЛҚАЙЫР – араб тілінен алынған хаир – мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.

ӘБІЛПЕЙІЗ – араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық;  жомарттық байлық;  жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.

ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде  хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді.

ӘДИ – араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.

ӘДІЛ – араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.

ӘБІЛҚАСЫМ – араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.

ӘЖІБАЙ – көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.

ӘЗЕЛ – араб тілінен алынған азил — мәнгілік, өмірлік.

ӘЗЕРБАЙ – иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.

ӘЗІЗ – араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.

ӘЗІЛХАН – көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.

ӘЗІМ – араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты;  күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.

ӘКПАР – араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметгі.

ӘКРАМ – араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.

ӘКІМ – араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.

ӘЛҒАЗЫ – араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.

ӘЛИ – араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.

ӘЛИАЙДАР – араб тілінен алынған ғали , хәйдәр –  арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.

ӘЛИАСҚАР – араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.

ӘЛІНҰР – араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.

ӘЛІБИ – араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.

ӘЛІМ – араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана;  оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.

ӘЛІШЕР – араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік  + шер — арыстан.

ӘМЕТ – араб тілінен алынған — мерзім, шек.

ӘМИН – араб тілінен алынған — адал, сенімді;   кауіпсіз, игілікті.

ӘМІР – араб тілінен алынған —  әкім, бастық;  нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер – Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.

ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас.  Біріккен тұлғалы есім — Әміржан.

ӘНЕС – араб тілінен алынған — анис — дос.

ӘНУАР – арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы,  жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.

ӘПСАЛАМ – араб тілінен алынған гәфф + салам – қайырлы, бейбітшілік, тыныштық.

ӘПСАМАТ – араб тілінен алынған гәфф + сәмәд – ізгілікті, мәңгілікті.

ӘРІП – араб тілінен алынған әриб – қабілетті, білетін, білгір, түсінетін;  дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан.

ӘСЕР – араб тілінен алынған асир –  әсер;  ықпал;  ескерткіш, белгі.

ӘСЕТ – араб тілінен алынған асад – арыстан;  жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер.

ӘСКЕР – араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері – Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім – Әскербек.

ӘУЕЗ – араб тілінен алынған ауыз – дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан.  

ӘУЕЛ – араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан.

ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою-ернек, нақыс.

ӘШІМ – араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті.

ӘШІМБАЙ – араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӘШІМХАН – араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

ӘШІР – араб тілінен алынған ғашир —  оныншы;  мукарам айының оныншы күні туылған бала.  Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.

БАБА – иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз.

БАБАҒАЛИ – иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғали, яғни Ғали ата.

БАБАҒОЖА – иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғожа , хожа – яғни үлкен қожа.

БАБАЖАН – иран тілінен алынған бобо + жан. Атаның сүйікті жаны, адамы.  

БАБАҚАН – иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан ( хан) яғни үлкен, ата хан.  

БАБАНИЯЗ – иран тілінен алынған бобо + нияз —өтініш, тілек;   үміт, сый, тарту. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Бабатай, Бабаш.

БАБАС – азербайжан тілінен алынған бабасы — атай, үлкен әке.

БАҒАШАР – иран тілінен алынған бәхт + қазақ тілінен алынған ашар. Бағы ашылған, құт қонған, ырысы бар.

БАҒДАТ – иран тілінен алынған бағ (баг) + дад — сый, сыйлық.

БАҒЫБАЙ – араб тілінен алынған бәхт + қазақ сөзі бай. Бақытты адам деген мағыналы есім. Түрі — Бағыбек.

БАҒЛАН – қазақ тілінен –  ерте туып, жетілген қозы.  Ауыспалы мағына – жайнаған жас.

БАДАМБАЙ – иран тілінен алынған бадам — оңтүстікте өсетін жеміс ағашы, соның жемісі.

БАЗАН – араб тілінен – бассейн.

БАЗАР – иран тілінен – мейрам, базар күні, сауда-саттық орны.

БАЗАРБАЙ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі бай. Өмірі қуаныш пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЗАРЛЫ – иран тілінен алынған базар +араб тілінен алынған ғали немесе әлі. Өмірі тамашаға пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі – Базарғали.

БАЗЫЛ – араб тілінен алынған базл – жомарттық, мырзалық, сый тарту. Түрлері – Фазыл, Пазыл. Біріккен тұлғалы есімдер – Базылбек, Фазылбек, Фазылхан, Пазылбек.

БАЙ – бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.  

БАЙАРЫСТАН – арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙАХМЕТ – қазақтың сөзі бай + араб сөзі – ахмет. Мақтауға лайық.

БАЙБАҚТЫ – дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.

БАЙБАРЫС, БЕЙБАРЫС – бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.

БАЙБЕК – бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.

БАЙБОЛ – бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБОЛАТ – бала ауқатты, бай болады деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБОЛДЫ – мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.

БАЙБОСЫН , БАЙБОЛСЫН – бала дәулетті, күйлі-қуатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБӨРІ – көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.

БАЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.

БАЙҒАНАТ – бай + қанат, яғни сүйенері, тірегі көп, туысы мол деген мағынада қойылған есім.

БАЙҒАНИ – қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.

БАЙҒОЖА – қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа – қожайын, мырза, ұстаз.

БАЙДӘУЛЕТ – дүниеге, байлыққа, бакытқа бай деген мағынадағы есім.

БАЙДАР – байлықтың қожасы, иесі.

БАЙДІЛДА – қазақтың сөзі бай + араб сөзі дилла – алтын, алтын ақша, яғни алтынға, алтын ақшаға бай болсын деп қойылған есім. Еркелете, қысқартып айту тұлғасы — Байдаш.

БАЙЖАН – қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.

БАЙЖАНБАЙ –  жанға, адамға бай болсын, баланың жолдастары, туған-туыстары көп болсын, бай болсын деген тілекпен қойылады.

БАЙЖАРАС, – байлығы жарассын деген мағынаны білдіретін есім.

БАЙЖОЛ – баланың өмір-жасы, өмір жолы ұзақ бөлсын деген тілекпен қойылған.

БАЙЖІГІТ – дәулетгі азамат, нағыз жігіт болсын деген мағынаны білдіреді.

БАЙЗАҚ –  бай + зақ —ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір-жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

БАЙҚОШҚАР –  бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.

БАЙҚҰТ –  ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.

БАЙҚҰТТЫ – бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.

БАЙЛЫ –  бақытты, асқан бай, дәулетті.

БАЙМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.

БАЙМАДИ – қазақтың сөзі бай + арабтың сөзі мади. Мадит — ұзақ, ұзын. Бала жасы ұзақ болсын, көп жасасын деп қойылған есім.

БАЙМАН – қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.

БАЙМҰРАТ – қазақтың сөзі бай  + араб тілінен алынған мурад — мұратына жеткен бай.

Түрі — Мұратбай.

БАЙМЫРЗА – қазақтың сөзі бай  + иран тілінен алынған мырза. Түрлері — Мырзабай, Мырзабек.

БАЙНАЗАР – қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған назар — ықылас, іңкәр, көзқарас.

БАЙНҰР – қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған нұр. Нұры жанған, бағы асқан адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙСАЛ – сабырлылық, тыныштық, табандылық.

БАЙСАН – біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.

БАЙСАРЫ – бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі – Сарыбай.

БАЙСЕРКЕ – бай + серке, түрі — Серкебай.

БАЙСҰЛТАН – қазақ тілінен алынған бай  + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.

БАЙТАҚ —  ұшы-қиыры жоқ кең, шексіз;  шамадан тыс көп, өте мол.

БАЙТАС – адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙТЕМІР – баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙТУ – бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.

БАЙТУҒАЙ – бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.

БАЙТҰР – бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық-береке болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙШЫ – байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.

БАЙЫР – бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.

БАЙЫЗБАЙ – араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.

БАҚАЙ – араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.

БАҚҚОЖА – араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс  + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын.

Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.

 БАҚИ – араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.

БАҚТАЛАП – араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАҚТАРАЙ – араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.

БАҚТИЯР – иран тілінен  — бақытты, кұтты.

БАҚТЫБАЙ – араб тілінен  — бақытқа бай, бақытты.

БАҚЫТЖАН – араб тілінен алынған бәхт  + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.

БАҚЫТЖАР – араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі  жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАҚЫТҚАЛЫ – (қараңыз: Оразалы).

БАҚЫТКЕЛДІ – (қараңыз: Оразгелді).

БАҚЫТБЕК – (қараңыз: Оразбек).

БАЛАБАЙ –  бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЛАҚАЙ – бала сөзінің еркелетіп айту түрі.

БАЛАХМЕТ – араб тілінен алынған бала —  жүрек, жан, ес, ой, зейін;    қанат, қол + ахмет. Ата-ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.

БАЛҒАБЕК – балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.  

БАЛҒОЖА – араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа – жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.

БАЛҚЫ, — елжіреу, насаттану. Біріккен тұлғалы түрі — Балқыбек.

БАЛМҰҚАН – араб тілінен алынған бал  + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.

БАЛТА – бала өткір, қайтпас-қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,

Балтабек. Еркелете кысқартып айтылған түрі – Балташ.

 БАЛУАНҒАЛИ – иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан  + араб тілінен алынғанғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.

БАПА – араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық;  толықтык;  сөзде тұру, уәдені орындау.

БАРАТ – араб тілінен алынған бара – босаған, тыныс алған.

БАРАҚ – араб тілінен алынған бәррақ — баррақ – жарқыраған, құбылған.  

БАРЖАҚСЫ – барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.

БАРИ – араб тілінен алынған бари – жаратушы.  

БАРЛАС – моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.  

БАРЛЫБАЙ – қазақтың сөзі бар – үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.

БАРЫС –  жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң;  көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.

БАСАР –  өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.

БАСҚАН – баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.

БАСТАУБАЙ – бастау + бай, бастаудай мөп-мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.

БАСЫМ – күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.

БАТТАЛ – иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.

БАТТАЛХАН – иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған  хан — өткір, өжет, батыл хан.

БАТЫР – қазақ тілінен алынған каһарман – батыл, ер жүрек.

БАТЫРАЛЫ – батыр  + араб тілінен алынған алы , ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.

БАТЫРБЕК – батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.

БАТЫРҚАН –  әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.

БАТЫРЛАН – өжеттену, ер жүректене түсу.

БАТЫРША –  батыр +  ша , шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.

БАУБЕК – өмір-жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.

БАУЫРЖАН – ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЯЗИТ – араб тілінен  Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.

БАЯН – араб тілінен  — анық, ашық. Алаңсыз, бақытты деген мағынаны білдіреді.

БАЯНДЫ – тұрақты, табанды.

БАЯТ – араб тілінен — хак, ақшыл түсті.

БӘКІР – араб тілінен  — зерттеуші.

БӘШІР – араб тілінен  — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.

БЕГЕШ – көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.  

БЕДЕЛБАЙ – даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.

БЕДЕЛБЕК , БЕДЕЛХАН – беделі, абырой-атағы мықты, зор.

БЕКБАУ  – (қараңыз: Баубек).  

БЕЙБІТ – иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.

БЕЙБІТЖАН – иран тілінен алынған – бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.

БЕЙҚАН – азербайжан, түрік тілдерінен алынған  бей + бек сөзінің варианты + қан (хан), демек, есімнің мағынасы — мықты дегенді білдіреді.

БЕЙҚҰТ – иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.

БЕЙСЕНБІ – иран, тәжік тілдерінен алынған  — бес + шамбэ — күн, календар бойынша аптаның төртінші күні, сол күні туылған балаға осындай ат беріліп отырған. Күрделі тұлғалы есімдер — Бейсеналы, Бейсенбай, Бейсенбек, Бейсенғали. Еркелете — қысқартылып айтылатын түрі — Бейсен.

БЕЙІМБЕТ – Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.

БЕЙІС – иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы  мықты, берік.

БЕГАЙДАР –  қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар —  балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.

БЕКБАЙ – мықты, зор, бай.

БЕКБАТЫР –  бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.

БЕКБЕРГЕН – бек + берген.Өмір-жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.

БЕКБОЛ –  баланың өмір-жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.

БЕККБОЛАТ – бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір-жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.

БЕКДАЙЫР – бек  + араб тілінен алынған дайр – дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.

БЕКЕЖАН – қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. Адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.

БЕКЕЙ – бекем бол, мықты бол.

БЕКЕМБАЙ – бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.

БЕКЕШ – азербайжан, түрік тілдерінен алынған  — Бекеш , Бекіш — хан ұлы. Бұл есім Бекембай, Бекмырза, Бекқали сияқты есімдердің еркелете-қысқартып айтылған түрі.

БЕКЖАН – қазақ тілінен алынған бек  + тәжік тілінен алынған  жан. Мықты, берік, қайратты адам.

БЕКЖАСАР – бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.

БЕКЖІГІТ –  мықты, күшті, берік жігіт, азамат.

БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат , зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.

БЕККЕЛДІ – өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.

БЕКҚАЛИ – бек  + араб тілінен алынған ғали – мықты, күшті.

БЕКЛАН – бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.

БЕКМҰХАМБЕТ – бек – күшті  + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед.  өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.

БЕКМҰРАТ – қазақ тілінен алынған бек  + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман-тілегі зор деген мағынада.

БЕКНАЗАР – бек  + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.  

БЕКНАР – бек — өте, әсіре  + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.

БЕКНИЯЗ – қазақ тілінен алынған бек — күшті,  + иран тілінен алынған ниязь —  өтініш, тілек;   үміт;   сый, тарту.

БЕКСЕЙІТ – бек — күшті, мықты  + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім;  құрметті, қадірлі.

БЕКСҰЛТАН – қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.

БЕКТЕМІР – бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.

БЕКТЕМІС – бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.

БЕКТЕН – мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.

БЕКТҰР – бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.

БЕКТҰРҒАН – бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.

БЕКТҰРСЫН – бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

БЕКТІЛЕУ – қазақ тілінен алынған бек – өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.

БЕКІН – мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.

БЕЛАСАР – тірек, күш.  

БЕЛАСЫЛ – ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.

БЕЛБЕРДІ – бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.

БЕЛГІБАЙ – белгі – көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.

БЕЛЕС – асу, шоқы.

БЕРГЕН –  ер бала туды деген мағынадағы есім.

БЕРДЕН – бер + қосымша ден.

БЕРДИЯР – қазақ тілінен алынған берді  + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.

БЕРДІ – сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.

БЕРДІМҰРАТ – қазақ тілінен алынған берді  + араб тілінен алынған мурад — тілек, мақсат. Мұраты орындалды деген мағыналы есім.

БЕРДІНИЯЗ – қазақ тілінен алынған берді  + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қыскартып айтылатын түрі — Бернияз.

БЕРЕКЕ – ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.

БЕРЕН – асыл құрыш.

БЕРЖАН –  бер + жан – жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.

БЕРКІН – берік, мықты бол сөзінін қысқаша   тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.

БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер  + араб тілінен алынған кейр – жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.

БЕРНАР – бер + нар – күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.

БЕРІК – мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.

БЕРІКБАЙ – (қараңыз: Мығым)

БЕСБАЙ – балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.

БИАХМЕТ – қазақ тілінен алынған би – әкім  + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.

БИБАТЫР – қазақ тілінен алынған би + батыр.

БИҒАЛЫМ – қазақ тілінен алынған би – үлкен  + араб тілінен алынған ғалым.

БИДАЙБЕК – бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.

БИЖАН – билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.

БИМАН – би  + иран тілінен алынған ман – адам, яғни әкім адам.

БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би  + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.

БОДАН – көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.

БОЗАЙ – тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз:  ақшыл-сарғылт, ашық-қылан түс;   құрғақ сор жер;  ауыспалы мағына жас өспірім боз бала;   жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.

БОЗДАҚ – жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.

БОЛАТ – иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.

БОЛАТБЕК – иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.

БОЛАТЖАН – болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.

БОЛАТҚОЖА – мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.

БОЛҒАН – кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.

БОЛҒАНБАЙ – кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.

БОЛСЫНБЕК – құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.

БОРАН – бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.

БОРАНБАЙ – ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.

БОРАНҒАЗЫ – ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.

БОТАБАЙ – бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.

БОШАЙ – көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.

БӨПЕТАЙ – иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.

БӨЖЕЙ –  дана, данышпан.

БӨКЕЙ – батыр, ер, палуан сөзінін өзгерген түрі.

БӨЛЕБАЙ – туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.

БӨЛТІРІК – бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.

БОРІБАЙ – бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім.  Түрі – Қасқырбай.

БУРА – бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.

БҰҒЫБАЙ – бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.  

БҰЗАУШЫ – (қараңыз: Тана- бай).

БҰҚА – (қараңыз: Танабай).

БҰЛАБАЙ – бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.

БҰЛАҚБАЙ – бұлаққа балап қойылған есім.

БҰЛАНБАЙ – қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.

БҰЛДЫБАЙ – дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БҰЛҚЫШ – есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.

БҰРХАН – араб тілінен  — дәлел, айғақ, себеп.

БҰХАРА – араб тілінен алынған бухара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.

БҮРКІТ – бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.

БІЖІКЕН –  көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.

БІЛГІР – көп білетін, білімді, білгіш.

БІЛІМ – оқу, білім.

БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіле жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.

БІРЛІК – ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.

 

ҒАББАС  – (қараңыз: Аббас).  

ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен  – қадірлі, құрметті.

ҒАБИТ – араб тілінен  – қызмет етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғабитхан, Ғабитжан, Ғабитбек, Ғабитан және т. б. Дыбыстық өзгерген түрі — Қабден.

ҒАЗИЗ  – (қараңыз: Әзіз).  

ҒАЗИЗБЕК – араб тілінен алынған ғазиз + қазақ тілінен алынған бек, аса сүйкімді, қымбатты.

ҒАЗИ – араб тілінен  — қосын, әскер.

ҒАЙСА  – (қараңыз: Айса).

ҒАЛИ  – (қараңыз: Әли).  

ҒАЛИАҚПАР – араб тілінен алынған ғали — қымбатты + акпар — үлкен, зор, құрметті, жоғары мәртебелі.

 

ҒАЛИАСҚАР – араб тілінен алынған ғали + асқар. Аса мәртебелі, құрметті

ҒАЛЫМ – араб тілінен – үлкен оқымысты, көп білетін білгір ғұлама.

ҒАЛЫМБЕК – араб тілінен алынған ғалым + қазақ тілінен алынған бек, аса білікті, оқымысты.

ҒАЛЫМЖАН – араб тілінен алынған ғалым  + иран тілінен алынған жан сөздерінің негізінде жасалған біріккен тұлғалы есім.

ҒАНИ – араб тілінен алынған бай, дәулетті, ауқатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғанибай, Ғанибек.

ҒАППАР , ҚАФФАР – араб тілінен алынған гафар — кешірімді, мархабатты.

ҒАППАС –  (қараңыз: Аббас).

ГАРИФОЛЛА – араб тілінен  — жәрдем беруші, демеуші.

ГАФАР – араб тілінен  кешірімді, мархабатты.

ГАФУ – араб тілінен  — кешіру, кешірім.

ҒИДАЯТ – араб тілінен  — мерекелік сыйлық. Түрі — Идаят.

ҒИЗАТ – араб тілінен  — құрмет, сый, адал, құрметті, қадірлі.

ҒИНАЯТ – араб тілінен алынған — инаетъ — қайырымдылық, жомарттық, алғыс. Өзгеріскен түрі Инаят.

ҒЫЛМАН – араб тілінен алынған ғұлам сөзінің көпше түрі — қызметші, бозбала, жас жігіт.

ҒҰМАР – ар ғомар — ғұмыр, тіршілік.

ДАБЫЛ – ұран, даңқ

ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.

ДАДАБАЙ – иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай.  Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.

ДАЙРАБАЙ – дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.

ДАЙЫН – әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.  

ДАЙЫР – араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек;  қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.  

ДАЛЕР –  тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.

ДАМЫЛ – тыныштық, бейбітшілік.

ДАНАЙ – иран тілінен алынған данаш —  білім, ілімгерлік;  даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.

ДАНАЛЫҚ – иран тілінен  — білімділік, данышпандық.

ДАНЕШ – иран тілінен  — білім, ғылым.  

ДАНИЯЛ – араб тілінен  — тәңір сыйы.

ДАНИЯР – иран тілінен  — жақын, таныс.

ДАНЫШПАН  – араб тілінен  — ойшыл, дана.

ДАНДАЙ – ұлы, зор.

ДАРАС –  жеке, айрықша

ДАРХАН – көне түркі тілінен  тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер – Дарханбай, Дәркенбай.

ДАРЫН – қазақ тілінен  — талант, кабілет.

ДАСТАН – иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.

ДАУЫЛБАЙ – дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.

ДӘЛБЕК – бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.

ДӘМЕН – араб тілінен  —  жылдам, тез;   күшті, берік.

ДӘРМЕН – иран тілінен  — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.  

ДӘУБЕК –  үлкен, күшті деген мағыналы есім.

ДӘУЛЕН – үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.

ДӘУЛЕТ – араб тілінен  –  байлық, бақыт;  мемлекет, держава, империя.

ДӘУЛЕТБАЙ – дәулетті, ауқатты.

ДӘУЛЕТБАҚ – араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.

ДӘУЛЕТКЕЛДІ  – араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.

ДӘУЛЕТШЕ – араб тілінен алынған дәулет  + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.

ДӘУРЕН – араб тілінен  – уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.

ДӘУІР – араб тілінен алынған – доур – кезең, цикл.

ДӘУІРБЕК – өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.

ДӘУІТ – көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.

ДЕГДАР – иран тілінен алынған дәһдар – бастық, ел басқарушы.

ДЕМЕЖАН – қазақ есімі деме + жан. Демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.

ДЕМЕСІН – баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.

ДЕМЕУ – қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.

ДЕРБІСӘЛІ – араб тілінен алынған –  Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде —дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.

ДИАС – испан тілінен алынған — күн, күндіз. Испания кетерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас күрметіне 1936 ж. қойылған есім.

ДИБАЙ – иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.  

ДИДАР – иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.

ДИДАРБЕК – иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.

ДИҚАНБАЙ – тәжік тілінен алынған диһан – шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.

ДИЯР – араб тілінен — ел, облыс, аймақ.

ДИЯРБЕК – араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.

ДОДАБАЙ – иран тілінен алынған додо —      үйілген, жиылған;  жиын, көпшілік + қазақтың сөзі  бай.

ДОДАН – үлкен, зор.

ДОЙМАН – қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты  + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.

ДОС – иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.

ДОСАЙ – (қараңыз: Айдос).

ДОСАҚ – араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.

ДОСӘЛІ – араб тілінен алынған дос  + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.

ДОСБАЙ – досқа кең, бай адам деген мағынада.

ДОСБОЛ  – (қараңыз: Жарбол).  

ДОСБЕРГЕН – араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.

ДОСЖАН – адал, таза адам.

ДОСМАТ , ДОСМҰҚАН – иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.

ДОСЫМ –  жан серігім, жолдасым.

ДОСЫМБЕК – досы көп адам.

ДОСЫМЖАН – менің жан досым деген мағынадағы есім.

ДОЯН  – (қараңыз: Ноян).

ДӨНЕНБАЙ –  моңғол  тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.

ДУАНБАЙ – иран тілінен алынған диуан – қала, кент;    белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.

ДУБАЙ – атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.

ДУДАР – бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.

ДУМАН – бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

ДҮЙМАҒАМБЕТ – иран тілінен алынған ду – екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.

ДҮЙСЕН – иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі – Дүйсек.

ДІЛДАБАЙ – иран және араб тілдерінен алынған  тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.

ДІЛДАБЕК – иран тілінен – алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.

ЕГІЗБАЙ – бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.

ЕГІЗБЕК – егіз туған балаға қойылатын есім.

ЕДІГЕ – көне түркі тілінен келген— жақсы, игі. Түрлері — Едігей, Едіген.

ЕДІЛ – көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.

ЕЛАМАН – ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.

ЕЛБАР – елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.

ЕЛБАС – халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕЛБЕК – елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.

ЕЛДАР – елін, Отанын сүйетін отаншыл.

ЕЛДЕС – елі, жері бір деген мағыналы есім.

ЕЛДОС – елдің, халықтың досы, елін сүюші.

ЕЛЕБАЙ – бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.

ЕЛЕН – құрмет-сыйға бөлену.

ЕЛЕУ –  ескеру, көңіл бөлу, назар аудару;   құрметтеу, сыйлау.

ЕЛЕУБАЙ – құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.

ЕЛЖАН – елдің, халықтың жаны, мақтанышы.

ЕЛЖАР – елдің досы.

ЕЛЖАС – елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.

ЕЛЖАСАР – елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.

ЕЛҚАМ – елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.

ЕЛМҰРАТ – елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕЛНАЗАР – елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.

ЕЛНАР – елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.

ЕЛНҰР – елдің нұры.

ЕЛТОҚ – елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.

ЕЛШІБАЙ – ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.

ЕЛІБАЙ – елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.

ЕҢСЕБЕК – ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРАЛЫ – аса батыл, асқан жүректі батыр.

ЕРАСЫЛ – аса аяулы, нағыз батыр.

ЕРБАЙ –  нағыз батыл, ер жүрек адам.

ЕРБАҚ –  араб тілінен алынған бақыт сөзінің қысқарған түрі. Яғни бақытты ер, батыр.

ЕРБАЛА – батыл, ер жүрек бала.

ЕРБАТЫР – ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.

ЕРБЕК – мықты, күшті, батыр адам.

ЕРБОЛ – бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРБОЛАТ – бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.

ЕРБОСЫН,  ЕРБОЛСЫН – бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.

ЕРБОТА – баланы ботаға балап қойылған есім.

ЕРГЕШ – алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.

ЕРҒАЗЫ – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған ғази –  жауынгер, қосын. Ер жүрек батыр, әділдік жолында күресуші.

ЕРҒАЛИ – қазақақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған ғали — ең мықты, асқан батыр.

ЕРҒОЖА – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған хожа, батыр қожа.

ЕРДАР – қазақ тілінен алынған ер  + иран тілінен алынған дар — билеу, яғни ел билеуші батыр.

ЕРДӘУЛЕТ – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған дәулет. Елі, байлығы бар батыр деген мағынаны білдіреді.

ЕРДЕН – қазақ тілінен – батыр, ер.  Моңғол  тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.

ЕРДЕНАЙ – қазақ есімі, ай тұлғалы батыр.

ЕРЕЖЕП – араб тілінен алынған раджаб –  тәжім ету, бас ию, құрметгеу;   арабша жетінші ай аты. Осы айда туылған балаларға Раджап, Ережеп деп ат қойылып отырған.

ЕРЕН – асқан, ерекше, айрықша.

ЕРЖАН – батыл, өжет адам, батыр кісі.

ЕРЖҰМАН – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған жуман – қымбат бағалы зат, інжу.  

ЕРЖІГІТ – ержүрек, батыл жігіт, азамат.

ЕРКЕБАЙ – ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.

ЕРКЕБОЛАТ – айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.

ЕРКЕБҰЛАН – бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.

ЕРКІН – өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.

ЕРЛАН – бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРЛЕН – ер, батыр деген мәндегі есім.

ЕРЛІК – батырлық, батылдық, ер жүректік.

ЕРМАН – ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.

ЕРМАТ – ер + мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.

ЕРМЕК – алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана семьясында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.

ЕРНАЗАР – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған назар көру, көзқарас, ықылас. Рухы күшті, батыр деген мағынаны береді.

ЕРНАР – нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр бөлсын деген мағынаны береді.

ЕРНИЯЗ – қазақ тілінен алынған ер  + иран тілінен алынған нияз — сый, тарту. Батырдың сыйы деген мағынаны білдіреді.

ЕРНҰР – қазақ тілінен алынған ер — батыр  + иран тілінен алынған нұр — жарық, сәуле, көркем. Бала ер келбетті, көркем болсын деген тілектен қойылған есім.

ЕРСАЙЫН – қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын – жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.

ЕРСӘЛИ – қазақ тілінен алынған ер  + араб тілінен алынған сәли – салих — жақсы, қайырымды, жақсы батыр.

ЕРТАЙ – қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.

ЕРТУҒАН, өмірге батыр, ер жүрек боп келген.

ЕРТІЛЕС – өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.

ЕРТІС – көне түркі тілінен келген,  Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.

ЕРУБАЙ – қазақ тілінен алынған ер + у – соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.

ЕРІК – толық еркіндік, бостандық.

ЕРІМБЕТ – сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.

ЕС – ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.

ЕСБАЙ – ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.

ЕСБАТЫР – Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.  

ЕСБЕРГЕН – жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.

ЕСБОЛ – ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.

ЕСБОЛАТ – өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.

ЕСДӘУЛЕТ – қазақ тілінен алынған ес  + араб тілінен алынған дәулет – байлық, бақыт. Мемлекетті басқаратын, ақыл-ойы мол азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕСДӘУІР – қазақ тілінен алынған ес  + араб тілінен алынған дәуір — мезгіл, мерзім, заман. Өз заманының, дәуірінің ақылды азаматы болсын деп қойылған есім.  

ЕСЕЙ – қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.

ЕСЕН – қазақ тілінен – сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.

ЕСЕНАЙ – бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.

ЕСЕНБАҚЫ – қазақ тілінен алынған есен  + араб тілінен алынған бақи — мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты. Мәңгі – саусаламат, аман-есен бол деген мәндегі есім.

ЕСЕНБЕРДІ – аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.

ЕСЕНБОЛАТ – қазақ тілінен алынған есен + болат болады деген сөздің дыбыстық өзгеру нұскасы. Яғни бала сау-саламат, аман-есен бөлады деген мағынаны білдіреді.

ЕСЕЙЖАН – сау-саламат, аман туған жан.

ЕСЕНТЕМІР – ден саулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.

ЕСЕТ – иран тілінен алынған  изад,  авест  — лайық, дәл.

ЕСЖАН – есті, ақылды адам.

ЕСКЕНДІР – Александр Македонскийді күллі Азия, Араб халқы осылай атап кеткен. Дыбыстық өзгеру түрлері — Искендер, Скандер, Ескендер.

ЕСҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған ес  + араб тілінен алынған кейр — қайырым, мейірім, шафағат. Аса мейірімді, жұртқа қайырымы мол, ақылды адам.

ЕСҚАЛИ – қазақ тілінен алынған ес  + араб тілінен алынған қали, ғали сөзінің өзгерген түрі. Аса парасатты, ақылды деген мағыналы есім. Еркелете айтылатын түрі — Естай.

ЕСМҰРАТ – қазақ тілінен алынған ес  + араб тілінен алынған мурад – мақсат, тілек.

ЕСТЕКБАЙ  – истак — башқұрттардын көне аты + қазақ сөзі – бай.

ЕСТІБАЙ – қазақ есімі – ақылды, парасатты.

ЕСІЛ – Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.

ЕСІЛБАЙ – Есіл бойында туған ер бала.

ЕСІМ – ат, атақ, даңқ.

ЕСІМБЕК – қазақтың есімі – аты, даңқы зор, мықты.

ЕСІРКЕ – аяу, жаны ашу, мүсіркеу.

ЕШБАЙ – көне түркі тілінен келген эш — дос, ашна. Досбай есімінің синонимі.

ЕШЖАН – көне түркі тілінен келген эш – дос, ашна  + иран тілінен алынған жан — адамның досы деген мағынаны білдіреді.

ЕШМҰХАМБЕТ – (қараңыз: Досмат).

ЖАБАҒЫ – бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: —  бір жасар құлын;  түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.

ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.

ЖАБАЙХАН – көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.

ЖАБАЛ – араб тілінен алынған — тау.

ЖАБЫРБАЙ – көне түрік тіліндегі жабыр — жазық, кең жер + қазақтың сөзі – бай.

ЖАҒЫПАР – араб тілінен  — бұлақ, жылға.

ЖАДАЙ – араб тілінен алынған жадид — жаңа, жаңарақ.

ЖАДЫРА – жайнау, жарқын жүзді болып гүлдену, көңіл-күйі көтеріліп, көңілдену.  

ЖАЗЫЛБЕК – араб тілінен алынған жазия — жазал мол, үлкен, зор + қазақтың сөзі  бек.

ЖАЙДАР – қазақ тілінен алынған жайдары — көңілді, ақ жарқын. Біріккен тұлғалы есім — Жайдарбек.  

ЖАЙЛАУ – қазақ тілінен алынған шөбі шүйгін, соны, жазғы мал жайылымы.  

ЖАЯЛАУБАЙ – жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.  

ЖАЙНАҚ – ашық-жарқын, жайдары.

ЖАЙСАҢБЕК –  моңғол , қалмық тілдерінен алынған зайсаң — ұлық, бек.

ЖАЙЫҚ – Орал өзенінің атына байланысты қойылған есім.

ЖАҚАН – иран тілінен алынған джәһан — дүние, әлем, шартарап.

ЖАҚИЯ – араб тілінен алынған яхья — ғұмырлы, өмірлі.

ЖАҚСЫБАЙ – көпке жағымды, жұртқа сүйкімді болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Жакей. Синонимі — Садыбай.

ЖАҚСЫЛЫҚ – адам бойындағы жақсы қасиет, ізгілік, қайырымдылық.

ЖАҚСЫМҰРАТ – қазақ тілінен алынған жақсы – игі мақсат – араб тілінен алынған морад — ізгі тілек.

ЖАҚЫП – араб тілінен алынған яғкуб, —  табанды, қарсылық білдіретін, үндемейтін;  айлакер, қу;   егіздің сыңары. Біріккен тұлғалы есімдер — Жақыпбай, Жақыпбек, Жақыпжан, Жақыпқан. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Жақай.

ЖАЛҒАС – тіркес, ұштас, селбес. Бұл есім алдыңғы балалардың жалғасы дегенді немесе содан кейін де балалар көбейіп, жалғаса берсін деген ұғымда берілген. Біріккен тұлғалы есімдер — Жалғасбай, Жалғасбек, Жалғастұр.

ЖАЛЕЛ – араб тілінен алынған жалия – ұлы, даңқты, атақты.

ЖАЛИД – араб тілінен  – табанды, тұрақты.

ЖАЛТЫР – ап-ашык, жалтыраған, жайнаған.

ЖАЛЫН – кұш-жігер, қайрат, қуат.

ЖАМБЫЛ –  моңғол  тілінен келген – қорған.  

ЖАМИЛ – араб тілінен  –  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.

ЖАМЫҚАН – араб тілінен алынған джамег —  қоғам, жамағат, көпшілік + қан (хан). Көптің, жамағаттың ханы деген мағынаны білдіреді.

ЖАНАЙ – иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі  ай. Жаным, айым.

ЖАНАЙДАР – иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған хайдар — арыстан. Бала арыстандай айбатты, мықты болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНАҚ – иранның және қазақтың сөзі — оның жаны таза, ниеті ақ деген мағынада қойылған.

ЖАНАР  —  көздін жанары;  күннің шапағы;  ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.

ЖАНАРЫСТАН – иран тілінен алынған джон + қазақтың сөзі  арыстан.

ЖАНАС – иран және қазақ тілдерінен  –  бұл есім жаннан асқан, жан біткеннен артық деген мағынаны білдіреді.

ЖАНАТ – ең көркем, керемет. Біріккен тұлғалы есімдер — Жанатбай, Жанатбек, Жанатқан.

ЖАНАХМЕТ – иран және араб тілдерінен  — мақтауға тұратын кісі.

ЖАНӘБІЛ – иран тілінен алынған — әкенің жаны, жақсы көретін ұлы.

ЖАНБАЙ, иран мен қазақ тілдерінен — жаны бай, жомарт болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАНБЕК,  ЖӘНІБЕК – иран сөзі жан + қазақ сөзі бек. Бала жаны мықты, берік, өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАНБОЛАТ  – (қараңыз: Болатжан).

ЖАНБОСЫН – иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі босын ,болсын – өмірі берік болсын, тірі болғай.

ЖАНГЕЛДІ – иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі келді – өмірге, дүниеге жаңа адам келді деген мағына береді.

ЖАНҒАБЫЛ – иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған қабыл, жан біткеннің қабілеттісі. Қабылетті адам.

ЖАНҒАЛИ – иран және араб тілдерінен алынған Ғали сияқты батыл, өжет адам.

ЖАНҒОЗЫ – қозы сияқты сүйкімді бала.

ЖАНДАЙ – аса қымбат, қадірлі.

ЖАНДАР – жан біткеннің дарындысы болсын деген тілекпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жандарбек, Жандархан.

ЖАНДОС – иран тілінен алынған джон + дос, жан біткеннің досы.

ЖАНҚУАТ – иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  қуат жанға қуат, медет болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНМҰРАТ – иран тілінен алынған – жанымнын мұраты – арман тілегі деген мағынада қойылған. Баласы болмай жүрген адамдар тарапынан қойылатын, сирек кездесетін есім.  

ЖАНМЫРЗА – жаны мырза болсын деген тілекпен қойылады.

ЖАННАЗАР – иран және араб тілдерінен алынған — жан біткеннің ықыласы түсетін жақсы адам болсын деген мағыналы есім.

ЖАННҰР – иран тілінен алынған джон + нұр, жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі болсын деген мағыналы есім.

ЖАНОРАЗ – иран тілінен алынған джон + көне қазақ тілінен келген ораз — бақыт. Жан біткеннің бақыттысы деген мағынаны береді.

ЖАНПЕИІС – иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған фэйзь —  молшылық, жомарттық;   мейірім, рақым.

ЖАНСАЛ – жан біткеннін серісі, еркесі.

ЖАНСҰЛТАН – иран тілінен алынған джон  + араб тілінен алынған – жан біткеннің сұлтаны.  

ЖАНТАЙ – иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  тай  – жаным, өмірім деген мағынада қойылған.

ЖАНТАС – иран және қазақ тілдерінен — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАНТЕМІР  – иран және қазақ тілідернен  – жаны темірдей мықты, берік. Баланың өмір-жасы ұзақ болсын, темірдей мәңгі жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАНТУАР  – иран және қазақ тілдерінен  — дүниеге жақсы адам келді деген үмітпен қойылған есім.

ЖАНТУҒАН  – иран және қазақ тілдерінен  – дүниеге ер бала келді.

ЖАНТІЛЕУ  – иран және қазақ тілдерінен  — жаны аман қалсын, аман-есен жарық дүниеге келсін деп тілеумен байланысты қойылған есім.

ЖАНША – иран тілінен алынған джон + ша , шах сөзінің қысқарған түрі, жан біткеннін патшасы, шах.  

ЖАНҰЗАҚ  – иран және қазақ тілінен алынған — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАҢАБАЙ – дүниеге, өмірге жаңа келген бала.

ЖАПАН – кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАПАР – араб тілінен алынған —  алып, ер, батыр;  қатал билеуші, әмірші,

ЖАНСАЛ – иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі  сал.

ЖАРҚЫН – қазақ есімі — ашық, айқын, жарық, нұрлы, жайнаған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жарқынбай, Жарқынбек. Қысқартып еркелету тұлғасы — Жәкіш.

ЖАРМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған йар – дос, көмекші — араб тілінен алынған  Мұхамбет, Мохаммед. Мұхамбеттің досы, жәрдемшісі.

ЖАРЫҚ – сәуле, нұр.

ЖАРЫЛҚАСЫН – құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.

ЖАС – уылжыған балғын, сәби.  

ЖАСАМЫС – көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.

ЖАСҚАЙРАТ – жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.

ЖАСТАЛАП – жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.

ЖАСҰЗАҚ – баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

ЖАСҰЛАН – жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.

ЖАСЫБАЙ – қазақ есімі — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖӘДІГЕР – иран тілінен алынған едгор — естелік, ескерткіш.

ЖӘМШИТ – иран тілінен алынған джемшид — сәулелі, нұрлы.

ЖӘҢГІР – иран тілінен алынған джаһан + ғир — дүниені меңгеруші, әлемге үстемдік етуші.

ЖӘРДЕМ – көмек, тірек, сүйеніш.

ЖЕКСЕНБАЙ – иран тілінен алынған йек — бір, шамбэ — күн + қазақ сөзі — бай. Бұрын жексенбі күні туған балаға Жексен, Жексенбі, Жексенбай деген есім берген.

ЖЕКСЕНБІ  – (қараңыз: Жексенбай).

ЖЕМІСБЕК – бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.

ЖЕҢІС – жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.

ЖЕТЕС – ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.

ЖЕТКІНШЕК – жас өспірім, жастар, жас буын.

ЖЕТІБАЙ – ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.

ЖЕТІГЕН – астрономия терминнен алынғана – спан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.

ЖЕТІК – білімді, білгір.

ЖЕТІСТІК – қол жеткен табыс, жеңіс.

ЖИРЕН –  моңғол  тілінен цэрэн — ұзақ өмір.

ЖИРЕНШЕ – халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.

ЖИҺАНША – иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап  + иран тілінен алынған ша (шах сөзінің қысқаша айтылу түрі). Әлемнің, дүниенін шахы, шах деген мағынаны білдіреді.

ЖОЛАЙ – кырғыз тілінен алынған –  әдет, ғұрып, өмір салты;  Манас жырындағы эпикалық батырдың есімі;  қазақ сөзі жолшыбай, жол-жөнекей.

ЖОЛАН – баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.  

ЖОЛБАРЫС – жолбарыстай айбатты, жүректі, күшті болсын деп қойылған есім.

ЖОЛДАС – сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.

ЖОЛДАСБАЙ – жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖОЛДАСБЕК – бектің, бекзаданың жолдасы;  жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.

ЖОЛДАСҚАН – жолдас, серік.

ЖОЛДЫБАЙ – жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.

ЖОЛТАЙ – бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.

ЖОМАРТ – иран тілінен алынған джаван — жас, жас жігіт, бозбала + мард — ер, еркек, яғни джавонмард — қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза. Біріккен тұлғалы есімдер  – Жомартбай, Жомартбек.  

ЖОМАРТБАЙ  – (қараңыз: Байызбай).

ЖОРА – иран тілінен алынған джурә — жолдас, дос. Жолдасбек деген есімнің синонимі. Біріккен тұлғалы есімдер — Жорабай, Жорақан.

ЖҰБАН – жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.

ЖҰБАНЫШ – қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.

ЖҰМА – араб тілінен алынған джумға — жиын, жалпы қауым жиналатын күн. Біріккен тұлғалы есімдер — Жұмабай, Жұмабек, Жұмақан, Жұмәділ, Жұмағұл, Жұмажан, Жұмагелді және т. б. Еркелете айтылатын түрі — Жұмаш.

ЖҰМАН – араб тілінен алынған — қымбат бағалы зат, інжу.

ЖҰМАНБАЙ – қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖҰМАНИЯЗ – араб тілінен алынған джумга – жиын, қауым жиналатын күн, жұмадан жұмаға дейінгі бір жеті  + араб тілінен алынған нияз — өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Жұма күні туған сыйлы, үміт артар бала.

ЖҰМАТ – араб тілінен алынған, санауындағы 5-ші ай аты.

ЖҰЗБАЙ – бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ЖҮНІС, ЖҮНҮС – көне еврей тілінен алынған иона – көгершін. Біріккен тұлғалы есімдер — Жүнісбай, Жүнісбек, Жұнісжан, Жүнісәлі.

ЖҮРСІН – аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.

ЖҮСІП  – көне еврей тілінен алынған Иосиф –  көбейсін, көп болсын;   әдемі, жақсы. Біріккен тұлғалы есімдер – Жүсіпбай, Жүсіпбек, Жүсіпжан, Жүсіпқан, Жүсіпқали, Жүсіпқожа, Жүсіпақын. Фонетикалык түрлері — Түсіп, Нүсіп, Нұсұп.

ЖІГЕР –  қажыр, кайрат, күш, қуат;    ынта, талап, ерік.

ЗАЙТ – араб тілінен алынған зәид – өсуші, көбеюші;  артық.

ЗАЙЫР – араб тілінен  — айқын, анық.

ЗАКАРИЯ – иран тілінен алынған закр — ес, еске алушы, ескеруші + ия.

ЗАМАНБЕК – араб тілінен алынған замона — дәуір, кезен + бек. Синонимі — Дәуірбек.

ЗАМИР – орыс тілінен алынған  — бейбітшілік, тыныштық үшін.

ЗАҢҒАР – қазақ есімі:  үлкен, алып;    зәулім, биік.

ЗӘКИ – араб тілінен алынған заки — зерек, сезімтал, өткір;  ақылды, қабілетті.

ЗӘКІР – араб тілінен алынған закр – ес, сана, ақыл, еске алушы.

ЗӘРІП – араб тілінен алынған зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;   әдемі, нәзік, көркем.

ЗЕЙНҰР – араб тілінен  – нұр, көркемдік рең. Қысқарта айтылу түрі – Зейн.

ЗЕРЕК – иран тілінен алынған — аса ақылды, пысық.

ЗИЯТБЕК – иран тілінен алынған — зияд –  көп, мол;  қосылған, көбейген + бек.

ЗҰЛҚАРНАЙ – араб тілінен алынған — зул + корнеин — қос мүйізді. Александр Македонскийдің лақап аты.  

ЗҰЛПЫҚАР – араб тілінен алынған зу + л + фагар – шаншушы, Әлидің қылышының әсірелеген аты; түйреуші, қақ жарып түсуші, жарып түсетін қылыш деген мағына береді.

ЗІКІРИЯ  – араб тілінен  —  есте қалған;   ес, жады;   еске алу.  түрі — Зікіриян.

ИБАТ – араб тілінен алынған һібәт, һибат — сый, сыйлық тарту.

ИБРАГИМ – көне еврей тілінен келген Авраам есімінің айтылу түрі. Ел ағасы деген мағыналы есім.  түрлері — Ыбрайым, Ыбрай, Ыбыш, Ыбыкен, Ыбыраш.  

ИГЕНБАЙ –  құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.  

ИГІЛІК – қайырымды іс, жақсылық.

ИГІСІН – жақсы, қайырлы.

ИДАЯТ  – (қараңыз: Ғидаят).

ИЗАТБЕК – араб тілінен алынған — иззат — даңқ, атақ + бек. Аса даңқты, атақты.  

ИКРАМ – араб тілінен алынған — икром — ізет, құрмет, сый, қадір.

ИНАЯТ – (қараңыз: Ғинаят).

ИСА – көне еврей тілінен келген Ииеустың арабша айтылу түрі — құдай сыйы, құдай құтқарады. Синонимдері — Айса, Ғайса, Ғайсын. Біріккен тұлғалы есімдер — Исаділ, Исалы, Исахмет, Исабай, Исабек, Исағали, Исатай, Исажан, Исахан.

КАБИР – араб тілінен  –  ұлы, күшті, зор, үлкен;   маңызды, байыпты, салмақты.

КАМАЛ – араб тілінен алынған камал – толықтық, жетіктік, тұтас.  Түрлері — Кемел, Камал, Камил.

КӘДІР – араб тілінен алынған кадр –  күшті, құдіретті;   қабілетті;   кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.

КӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.

КӘДІРБЕК – араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.

КӘДІРЖАН – кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.

КӘКІМБЕК – араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.

КӘКІМЖАН – араб тілінен алынған хәкім –  дана, данышпан, ақылды, есті;  философ  + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.  

КӘМІЛ – араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім – Көмілбек. Синонимдері – Кемел, Кемелбай.

КӘРІМ – араб тілінен алынған карим —  қолы ашық мырза, жомарт;    ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді.  Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.

КӘРІПЖАН – араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.

КЕКІЛ – баланың мандайға дейін қойған шашы.

КЕЛІС – келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.

КЕМЕЛБЕК – араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.

КЕМЕҢГЕР – араб тілінен  — дана, данышпан.

КЕНБАЙ – кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

КЕНЕН – қазақ тілінен  —  жеткілікті, мол;    мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.

КЕНЕШ – көне түркі тілінен – кенш — бала.

КЕНЖЕ – қазақ тілінен алынған ең соңғы туған перзент. Біріккен тұлғалы есімдер — Кенжебек, Кенжеғали, Кенжетай, Кенжеқан.  

КЕҢЕС – мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.

КЕҢШЛІК – жаңа  есім  – бостандық, еркіндік.

КЕРІМ – араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі  – Дәулеткерім.

КИІКБАЙ – қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.

КӨБЕГЕН  – көне түркі тілінен келген   — жас бала.

КӨБЕЙ – көп бол, өніп-өс деген мағынада.

КӨБЕЙСІН – өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.

КӨДЕК – иран тілінен алынған кудак —  бала, сәби;   бозбала, жігіт.

КӨКБАЙ –  көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.

КӨЛБАЙ – қазақ сөздерден көл + бай. Көлдің жағасында отырғанда туған балаға Көлбай деп ат қою ертеде көп кездескен.

КӨПБАЙ –  бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.  

КӨПЖАН – көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.

КӨПЖАСАР – бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.

КӨРКЕМЖАН – бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КӨРІК – әдемі, сұлу келбет, әдемілік.

КӨШІМБАЙ  – (қараңыз. Үдербай).

КҮМІС – қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.

КҮНДАР – қазақтың сөзі кун + дар тәжік тілінен алынған  доро — мейірім, шапағат етуші, мейрімді. Күн сияқты тіршілікке шапағат таратушы, мейірімді жан деген мағыналы есім.

КҮНТУ – халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.

Қабай……Қыдыр

ҚАБАЙ – көне түркі тілінен келген – бесік.

ҚАБИ – араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.

ҚАБИБ – араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.

ҚАБЛЕТ – араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.

ҚАБЫЛ – араб тілінен  —  қабыл алушы, қарсы алушы;   келешек, болашақ.

ҚАДЫР – араб тілінен алынған хадр —  күшті, кұдіретті;    қабілетті, икемді, бейімді;   дәреже, құрмет.

ҚАДЫРАЛЫ – араб тілінен алынған хадр + алы, али — жоғары, яғни қадірі, беделі биік, жоғары.

ҚАДЫРБАЙ –  қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.

ҚАДЫРБЕК – араб тілінен  — қадірлі, өте беделді адам.

ҚАДЫРЖАН – араб тілінен алынған — қадырлы, кадыры жоғары адам.

ҚАДЫРҚАН – қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.

ҚАЖЫМ – араб тілінен алынған — құрметті, сыйлы.

ҚАЖЫМҰРАТ – араб тілінен алынған хаджи — мұрат. Мұратқа, мақсатына жеткен.

ҚАЖЫ (хажы) – араб тілінен алынған тадж — мекеге барып қайтқан адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Қажымұрат, Қажығали, Қажыкен.  

ҚАЗАҚБАЙ – қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.

ҚАЗИ – араб тілінен алынған кади — даулы істі шешуші сот. Біріккен тұлғалы есімдер — Қазыбай, Қазыбек, Қазығали, Қазықан.

ҚАЗТУҒАН – араб тілінен алынған қазы + қазақ сөзі туған. Қазы болып туған бала деген мағыналы есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қазтай.

ҚАҚНАЗАР  – (қараңыз: Ақназар).

ҚАЙДАР, ХАЙДАР – араб тілінен алынған — хайдар — арыстан.

ҚАЙРАТ – араб тілінен алынған — ғайрат — қуат, жігер, күш.

ҚАЙСАР – араб тілінен  — Рим патшаларынын атағы. Табанды, бірбеткей өжет.

ҚАЙЫМ – араб тілінен  — мәнгі өмір сүретін, өзгермейтін.

ҚАЙЫП – араб тілінен алынған каиф — балшы, балгер. Біріккен тұлғалы есім — Қайыпбек.

ҚАЙЫР – араб тілінен алынған кейр —  мейірім, шапағат, жақсы, қайырымды, тамаша;   кайырым, мейірім. Біріккен тұлғалы есімдер – Қайырбай, Қайырбек, Қайырғали, Қайыржан, Қайырболат.  

ҚАЙЫРБЕК – араб тілінен  — аса қайырымды, шапағатты, мейірімді адам деген мағыналы есім.

ҚАЙЫРБОЛАТ – араб тілінен  — аса қайырымды, мейірімді адам болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қайыртай.  

ҚАЙЫРГЕЛДІ – өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.

ҚАЙЫРҒАЛИ – араб тілінен  — аса қайырлы, қайырымды, мейірімді.

ҚАЙЫРЖАН – араб тілінен — қайырымды, шапағатты кісі, жан.

ҚАЙЫРЛЫ – араб тілінен  — мейірімді, шапағатты, қайырымды.

ҚАЛАУ – талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.

ҚАЛАУША – ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.

ҚАЛДАРБЕК – иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп,  жалғауы – дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.

ҚАЛДЫБАЙ – бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚАЛИ  – (қараңыз: Әли).

ҚАЛҚА – ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған

есім.

ҚАЛҚАМАН  – қалқа + ман — кісі, адам.

ҚАЛМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған хол – мең + Мұхамбет, яғни менді, бақытты Мұхамбет. Синонимі — Меңдіахмет. Қысқартып айту тұлғалары — Қалмат, Қалмақан, еркелете айтылатын түрі — Қалқен, Қалтай.

ҚАЛЫБАЙ – оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.

ҚАЛЫБЕК – онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.

ҚАМАР – араб тілінен алынған — хамар — ай.

ҚАМБАР – араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚАНАҒАТ – араб тілінен алынған қанаат – барға ырза болушылық, ырзалық.

ҚАНАТ – бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.

ҚАПБАС – (қараныз: Аббас).

ҚАППАС – (қараңыз: Аббас).

ҚАПЫЗ – (қараңыз: Абыз).

ҚАРАМАН – қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.

ҚАРАСАЙ – қара —  ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен  Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі

ҚАРАТАЙ – қара — ірі, үлкен, зор + тай – көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.

ҚАРМЫС – көне түркі тілінде қармыш — халық, бұхара, көпшілік.

ҚАРШЫҒА – бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.

ҚАСИМАН – араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше  + араб тілінен алынған иман – сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.

ҚАСЫМ – араб тілінен алынған хасим —  сұлу, әдемі;  таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.

ҚАТИФ – араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.

ҚАҺАРМАН – араб тілінен алынған гаһарман —  ер, батыр;   күшті, қуатты. алып.

ҚИРАБАЙ – араб тілінен хира —  тандау;   ең жақсы, тандаулылар + бай.

ҚИСА  – (қараңыз: Айса).

ҚИСАМЕТДИН,  ХИСАМЕТДИН – араб тілінен алынған —  әдемі, тамаша;  жақсы, жарасымды.

ҚИСАН – араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.

ҚИЯС – араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату;   баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.  

ҚОБДАБАЙ – қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.

ҚОБЫЛАНДЫ – қазақтың сөзінен қаблан —  ауыспалы мағынасы  ер, ержүрек, батыл. Қазақ эпосындағы белгілі батыр есімі. Қысқартылып Қобылан, Қоблан деп айтылады.

ҚОҒАМБАЙ – бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОЖА – араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер – Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.

ҚОЖАҚ – көне түркі тілінен – үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚОЖБАН – көне түркі тілінде – өте ірі, дәу.

ҚОЗЫ – балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.

ҚОЙЛЫБАЙ – қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОЛДАС – қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.

ҚОНАҚБАЙ – (қараңыз: Мейманбай).

ҚОРҒАНБЕК – бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОСАЙ – қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚОСЫН – араб тілінен  –  сұлулық, әдемілік, көркемдік;   қайырым;    қазақ сөзі — әскер.  

ҚОСЫНБАЙ  – (қараңыз: Үдербай).

ҚОШҚАРБАЙ – бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.

ҚУАН – ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.

ҚУАТ – күш, жігер, қайрат.

ҚҰБАН – иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.

ҚҰДАЙБЕРГЕН – иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.

ҚҰЛЫНШАҚ – құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.

ҚҰМАР – араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.

ҚҰРАЛБЕК –  моңғол  тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.

ҚҰРМАН – араб тілінен  — құрбандық;  құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.

ҚҰРМЕТ – араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.

ҚҰРЫШЖАН – араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл  + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.

ҚҰСАЙЫН – араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық;  Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы.  Түрі — Хұсайын.

ҚҰТЕЛ – көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).

ҚЫДЫР – араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.

ЛАТИФ – араб тілінен  — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.

ЛАУЛА – лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.

ЛӘШКЕР – иран тілінен  — әскер, жауынгер, қол.

ЛӘШКЕРБЕК – иран тілінен  — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.

ЛЕКЕР – дәнекер, байланыс, демеу.

ЛҰҚПАН – араб тілінен алынған Лукман — даналықтын символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.

МАҒАЗ – араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.

МАҒАУИЯ – араб тілінен  –  сау-саламат;    құтылған.

МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған  ма’сум — талған;  шақырылған;   қонақ, мейман.

МАҒРУФ – араб тілінен алынған магруф —  жалпыға мәлім;   қолдау тапқан, жені түзу;   жәрдем беру,  қайырым жасау.

МАЙДАН – араб тілінен алынған мейдан —  ашық алаң, соғыс алаңы;  майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.

МАЙЛЫ – күйлі, қуатты, әлді.

МАҚАБЫЛ – араб тілінен  —  қабылданған, қолдайтын;   қолдануға толық болатын.

МАҚСАТ – араб тілінен  —  арман, тілек;  тілеп, күтіп алған.  түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.

МАҚСҰМ – араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.

МАЛБАЙ –  малға, дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған. Түрлері — Малбек, Малдыбай.

МАЛЖАН – малды, жалпы байлықты жақсы көретін жан.

МАМАН –  қолынан іс келетін, өнерлі, шебер; маман адам.

МАМАСАДЫҚ – араб тілінен  — әділдік.

МАМАТ –  МАМЫТ – араб тілінен – мақтауға, алғысқа лайық.

МАМЫР – ескіше көктемдегі ай аты.

МАНАН – араб тілінен алынған мәннан —  қайырымды, марқабатты;   жомарт.

МАНАП – араб тілінен —  орынбасар орнын басу;   феодалдық-рулық қоғам кезіндегі атақ;   төре ақсүйек.

МАНАР – араб тілінен алынған мәнар жарық шығатын жер (белгі, қараушы); маяк. Біріккен тұлғалы есім — Манарбек. Синонимдері — Шырақбек, Жарықбек.

МАНАСБАЙ  – қырғыз тілінен манас – ер- жүрек + қазақ сөзі бай. Бұл қырғыздың эпостық батырының есімі.

МАНСҰР – араб тілінен  —  жеңімпаз, жеңіске жетуші;   құдіретті.

МАРАБАЙ – иран тілінен алынған мара – белгі үшін қойылған көмбе, сөре + қазақтың сөзі бай; яғни бала әркашанда өз қатарының алды бол, озып жүрсін деген тілекпен қойылғаны байқалады.

МАРАЛБАЙ – маралға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МАРАТ – француз халқынан келген есім. Француз буржуазиялық революциясы қолбасшыларының бірі Жан-Поль Марат (1747—1793) құрметіне Қазақ отбасына 1930 жылдан бері кеңінен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Маратбек.

МАРДАН – тәжік тілінен –  мард — ер, еркек, батыл, ер жүрек.

МАРҚАЙ – есей, ержет, үлкен боп өс.

МАРЛЕН  –  жаңа есім –   Маркс және Ленин фамилияларының бірінші буындарынан жасалған біріккен тұлғалы есім.

МАРХАБАТ – араб тілінен алынған марқамат — жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік.

МАСҚҰТ  – араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.

МАУСЫМБАЙ – араб тілінен алынған маусум —  уақыт, шақ, жиын-терін айы.

МАХАМБЕТ,  МУХАМБЕТ – Мохаммед — мақталған, мадақталған, мақтауға лайық, сүйікті. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Мақан, Мақанжан.

МАХМЕТ – араб тілінен алынған маһмеде — мақтауға лайық іс, мақтарлық қасиет, қылық.

МАХМУТ – араб тілінен алынған мақмод — мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.

МАХУ, МАХЫ – иран тілінен алынған мах – ай, айлы, ай жүзді, ай жарығы.

МАШАБАЙ – көне түркі тілінен мәшә — емен. Демек, бала өмірлі, мықты болсын деген тілекпен қойылған.

МАШРАП – араб тілінен алынған мәшраб — мінез-құлық, іс-әрекет.

МӘДЕЛ – моңғол тілінен  — сана, ой, ақыл.

МӘДИ – араб тілінен алынған мадди —  заттық, материалдық;   материалистік, материалист.

МӘДИТ – араб тілінен алынған мәдидь — ұзақ, ұзын, кең.

МӘДХАН – араб тілінен алынған мадһ — мадақтау, дәріптеу + хан.

МӘДХАТ – араб тілінен алынған мадһэд — мадақтауға, дәріптеуге лайық. Біріккен тұлғалы есімдер — Мәтжан, Мәтқасым, Мәтхалық.

МӘЖҒҰЛ – тәжік тіліннен алынған – Мәвджигул,Мавджи — жайнаған, құлпырған, жарқыраған гүл.

МӘЖЕН – араб тілінен алынған — маджин — ұялмайтын, жасқанбайтын.

МӘЖИТ – араб тілінен алынған мажид —  атақты;   даңкты;   мақтаулы.

МӘЛІК – араб тілінен алынған малик —  патша;  билеуші.

МӘЛІКАЙДАР – араб тілінен  – арыстай күшті, мықты патша.

МӘЛІМ – араб тілінен  – белгілі, атақты.

МӘМБЕТ – иран тілінен – Моммед – жәрдем етуші;   жәрдемші, көмекші.  Түрі — Мәмет.

МӘСІМБАЙ – араб тілінен алынған ма’сум –  сақталған;   шақырылған;  қонак, мейман + қазақ сөзі бай. Синонимі – Қонақбай. 

МӘТЖАН – араб тілінен  – мақтау, дәріптеу  + иран тілінен алынған жан (джон). Мақтаулы адам.

МӘТКӘРІМ – араб тілінен  – мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.

МӘТҚАСЫМ – араб тілінен  – мақтауға тұратын көркем, сұлу.

МӘТХАЛЫҚ – араб тілінен  – халық мақтаған, халық колдаған.

МӘТІБӘЛІ – араб тілінен алынған мадһ — уәли. Мақтауға лайық Уәли.

МӘТІБИ – араб тілінен  – би, қожа; беделді, күшті, үстем.

МӘУЛЕН – араб тілінен алынған мевлан –  мырза, әкім;    жарылқағыш, есіркегіш.

МӘШҺҮР – араб тілінен  — көпке белгілі,  атақты, даңқы шыққан.

МЕДЕТ – араб тілінен алынған медәд – жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер – Медетбай, Медетбек.

МЕДЕТНАР – араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.

МЕДЕТХАН – медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.

МЕДЕУ – араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.

МЕДХАТ – араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.

МЕЙМАН – араб тілінен алынған мәһман — қонақ.

МЕЙРАМ – мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.

МЕЙІР – иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.

МЕЙІРБЕК – аса мейірлі, мейірбанды.

МЕЙІРМАН – мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.

МЕКЕМТАС – араб тілінен алынған мехкәм — берік, мықты, нық + қазақ сөзі тас. Бала өмірі тастай қатты, мықты, өмірі ұзақ болсын деп қойылған есім.

МЕҢ – адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.

МЕҢДІБАЙ – денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.

МЕҢДАХМЕТ, МЕҢЛІАХМЕТ – бақытты Ахмет.

МЕРГЕН – қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. Біріккен тұлғалы есім — Мергенбай.

МЕРЕЙ – бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.

МЕРЕКЕ – мейрам, салтанат.

МИЗАМ – араб тілінен алынған – қыркүйек айына сәйкес келетін ай аты. Осы айда туған балаға қойылған есім.

МИРАС – араб тілінен алынған – мұра, артта қалатын кез, тұяқ.

МИРҒАЛИ – иран тілінен алынған мир – араб тіліндегі әмір сөзінің өзгерген тұрі. Бұл сөз «әкім, билеуші, бастық» деген мағынаны білдіреді.

МИРОН – грек тілінен – бейбітшілік, тыныштық сүйгіш.

МЫРХАЙДАР – арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.

МИЯТ – корғаныш, тірек, қуат. Біріккен тұлғалы есім — Миятжан.

МОЛБАЙ – араб тілінен алынған – өте бай. Синонимі — Көпбай.

МОЛДАБАЙ – араб тіліндегі мавло – мырза, хожа, сөзінің өзгерген түрі. Тәжік тілінде білімді, сауатты деген мағынағада ие. Сауатты, білімді болсын деген мақсатта қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Молдажан, Молдахан, Молдабек.

МОЛДАН – қазақтың сөзі мол — көп + дан қосымша. Яғни бала көпшіл, қауымшыл, өмірі ұзақ болсын деген тілекпен қойылған есім. Молдабай, Молдахмет сияқты біріккен есімдердің еркелете айту түрі.

МОМБЕК – иран тілінен алынған мом — балауыз + қазақ сөзі бек. Синонимдері — Жарық, Жарықбек.

МОМЫНӘЛІ – қазақ тілінен алынған жуас  + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.

МОЯЗ – араб тілінен алынған муяссар — өте бай, әлді.

МӨҢКЕ –  алтай тілінен алынған  моньку — мәңгі,  моңғол тілінен алынған мөңгө — күміс, ақша. Ақшалы болсын деген мағынада.

МҰЗАФАР – араб тілінен алынған музаффар жеңімпаз.  Түрі — Мұзапар.

МҰҚА – көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.

МҰҚАҒАЛИ – көне түркі тілінен муқа  + араб тілінен алынған ғали ; аса күшті, зор батыр.

МҰҚАДІЛ – араб тілінен  — тең, бірдей; тең бағалы.

МҰҚАЛИ – араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.

МҰҚАМӘДИ,  МҰХАМӘДИ – араб тілінен алынған —  Мұхамбеттің жолын қуушы;    мақтауға лайық. 

МҰҚАМБЕТ,  МҰҚАМЕТ –  араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.

МҰХАМБЕТӘЗІЗ – араб тілінен алынған – құрметті, құдіретті.

МҰХАМЕДИЯР – араб тілінен  – Мұқамбеттің досы. Қысқартылған түрі – Мадияр.

МҰХАМБЕТЖАН – араб тілінен – Мұқамбеттің жаны.

МҰҚЫМ – араб тілінен алынған – муким – тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.

МҰРАБАЙ – мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МҰРАТ – араб тілінен алынған — мурад – мақсат, тілек, ықылас. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұратбай, Мұратбек, Мұратәлі, Мұратберді, Мұратғали, Мұратқожа, Мұратқан, Мұратжан және т. б.

МҰРАТБАЙ  – (қараңыз: Баймұрат).

МҰСА – араб тілінен алынған Муса — көне еврей тілінен — Моисей — судан шығарып алынған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұсабай, Мұсабек, Мұсағали, Мұсажан, Мұсахан, Мұсатай. 

МҰСТАФА – араб тілінен алынған Мустафа — таңдалғай, сайлап алынған. 

МҰСТАХИБ – араб тілінен алынған мүстахиф —  сүйікті;   қалаулы;   мақтаулы;   қымбатты.

МҰХИТ – араб тілінен алынған моһит —  қоршаған;   төңірек, айнала;  Мұхит.

МҰХИТАН – тәжік тілінен алынған мохитобон — жарық ай.

МҰХТАР – араб тілінен алынған мухтар — тандаулы, іріктеулі.

МҮБӘРАК – араб тілінен алынған — мубарак —  гүлденген, бақытты;  қасиетті.

МҮРСЕЙІТ – араб тілінен алынған мүр, иран тілінен алынған мир, амир  + араб тілінен алынған сейидь — мырза, әкім, құрметті, яғни құрметті мырза, әкім.

МҮСІРӘЛІ – араб тілінен алынған – дәулетті, бай.

МҮСІРЕП – араб тілінен алынған мусриф – ысырапқор, жомарт.

МҮТӘЛІП – араб тілінен – талап ету, сұрау.

МЫҒЫМ – мықты, берік. Біріккен тұлғалы есім — Мығымбай. Синонимі — Берікбай.

МЫҢБАЙ – баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.

МЫРЗАХМЕТ – иран тілінен алынған мырза  + араб тілінен алынған Ахмед. Қолы ашық жомарт, яғни Мырзахмет — жомарт Ахмет. Біріккен тұлғалы есімдер — Мырзабай, Мырзахан, Мырзамұрат, Мырзаболат, Мырзагелді, Мырзаберген, Мырзағұл, Мырзакәрім. Қыскарта еркелете айту түрлері — Мырзатай, Мырзаш.

МЫРЗАБАЙ  – (қараңыз: Байызбай).

МЫРҚАСЫМ – иран тілінен алынған мыр  + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.

МЫШБАЙ – көне түркі тілінен миши — бұғы + бай. Яғни бала бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

МЫШЫРБАЙ – араб тілінен алынған муширь — ақылшы, кеңесші (ертеде Оттоман империясында мушир — генералдық атақ болған. Ол кезде бұл атақ армия қолбасшыларына және генерал-губернаторларға да берілген). Түрі – Мысыр.

НАҒИ – араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз. 

НАҒЫМ – араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.

НАҒЫМБЕК – араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.

НАЗАР – араб тілінен алынған нәзәр – қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.

НАЗАРБАЙ – жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.

НАҚЫП – араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.

НАҚЫСБЕК – араб тілінен алынған нәкш –  сурет, әшекей, өрнек;   түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.

НАРБАЙ – нар –  жалғыз өркешті ірі түйе;   ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.

НАРИМАН – иран тілінен алынған нари – батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.

НАРКЕС – өткір, батыл.

НАРМАҒАМБЕТ,  НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар  + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары – Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай. 

НАРТАУ – бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.

НАРТУ – дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.

НАРЫМЖАН – нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.

НАСЫР – араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші;  жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.

НАУРЫЗ – иран тілінен алынған нов — жаңа + руз – күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.

НӘБИ – араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші;  яғни жаратушының елшісі. 

НӘБИБОЛЛА – араб тілінен  — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі. 

НӘДІР – араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.

НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған – қазақ сөзі бай— сирек, тандаулы бай.

НӘДІРБЕК – сирек, таңдаулы бек, әкім.

НӘЖІП – араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.

НӘЗІР – араб тілінен  — салтанатты уәде, серт;  ант.

НӘЗІРБЕК – уәдеде, сертте тұратын, берік адам.

НӘРІК – араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.

НЕСІП – араб тілінен  —  үлес, сыбаға;  бақыт, тағдыр.

НЕСІПБАЙ – өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.

НЕТӘЛІ – (қараңыз: Ниетқали).

НИЕТҚАЛИ – араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.

НИЗАМ – араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.

НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ —  өтініш, тілек, жалбарыну;   үміт;   сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали. 

НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған  – Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.

НОҒАЙБАЙ – ноғай — халық аты + бай.

НОИЛЬ,  НОЭЛЬ – араб тілінен  – мақсатқа жетуші, жетістік.

НОЯН – моңғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі;   ханзада, патша баласы;  мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.

НӨКЕРБЕК – моңғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.

НҰҒМАН – көне еврей тілінен келген –  амандық, есендік, жақсылық.

НҰР – араб тілінен  – жарық, сәуле.

НҰРАБАЙ – Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.

НҰРАЙДАР – араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.

НҰРАҚЫН –  нұрлы, сәулетті ақын.

НҰРАЛЫ – араб тілінен алынған нұр – жарык, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.

НҰРБАЙ – араб тілінен  — нұрлы, көрікті ер бала.

НҰРБАҚ – араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.

НҰРБАПА – араб тілінен алынған нур + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.

НҰРБЕК – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.

НҰРБОЛ – нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.

НҰРГЕДІ – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.

НҰРҒАЗЫ – араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам. 

НҮРҒАЛЫМ – араб тілінен алынған нұр + ғалым – тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.

НҰРҒИСА – араб тілінен алынған нұр + ғиса – Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.

НҰРДАН – нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.

НҰРДӘУЛЕТ – араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.

НҰРЖАҚАН – араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы. 

НҰРЖАН – араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.

НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен  – нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.

НҰРЗАДА – араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.

НҰРЗЕРЕК – араб және қазақ тілдерінен  – көрікті, нұрлы, зерек бала.

НҰРЖІГІТ  – араб және қазақ тілдерінен  – нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.

НҰРИ – араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.

НҰРҚАСЫМ – араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.

НҰРЛАЙ – нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.

НҰРЛАН – араб тілінен  – ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.

НҰРЛАТ – араб тілінен – нұрландыру, көріктендіру;  бақытты ету.

НҰРЛЫ – араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.

НҰРМҰҚАМБЕТ – араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан. 

НҰРНИЯЗ – араб тілінен алынған нұр  + тәжік тілінен алынған  нияз – өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.

НҰРПЕЙІС – араб тілінен алынған нұр  + иран тілінен алынған пейиш – ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.

НҰРСАПА – араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.

НҰРСЕЙІТ – араб тілінен  — ажарлы, нұрлы мырза.

НҰРСҮЛТАН – араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.

НҰРТАЛАП – талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.

НҰРТАС – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.

НҰРХАН – араб тілінен – нұрлы, көрікті хан.

НҰРЫМ – араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.

НҰСҚАБАЙ – араб тілінен алынған носхе —  көшірме, бейне;  тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек. 

НҰСҚАР –  ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.

НҮСІП,  НҮСҮП  – (қараңыз: Жүсіп).

НЫҒМЕТ – араб тілінен алынған нигмәт —  береке, дәулет, байлық;  бақытты, бақытты өмір.

НЫҒМЕТЖАН – араб тілінен  – дәулетті, бай адам.

НЫҒМЕТҚАЛИ – араб тілінен алынған нигмәт + қали – ғали; аса дәулетті, байлығы артық.

НЫҒМЕТОЛЛА – араб тілінен алынған — берекелі.

НЫСАНБАЙ  – (қараңыз: Белгібай).

ОБАЙ –  моңғол  тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.

ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.

ОЗАРБЕК – озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.

ОЗАТ – ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.

ОЙЛЫ – ақылды, парасатты, дана.

ОЙРАТ – моңғол тілінен алынған ой – орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.

ОЛЖАБАЙ – олжадан түскен, бере салған бала.

ОЛЖАС – ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.

ОМАР – араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері – Ғұмар, Құмар.

ОМАРБАЙ – өмірлі, ғұмырлы адам.

ОМАРБЕК – өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.

ОМАРҒАЛИ – ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.

ОМАРХАН – өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.

ОНБАЙ – бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.

ОҢАЛБАЙ,  ОҢАЛБЕК – шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОҢҒАР – оңда, түзе.

ОҢҒАРБАЙ – ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.

ОҢДАСЫН – құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.

ОПАБЕК – араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.

ОРАЗ – көне түркі тілінен келген – ырыс, құт, бақыт.

ОРАЗАҚ – араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.

ОРАЗАҚЫН – араб тілінен – бақытты, ырысты ақын.

ОРАЗАЛЫ, ОРАЗҒАЛИ –  көне түркі тілінен келген  ораз  + араб тілінен алынған алы – ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.

ОРАЗБАЙ – араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.

ОРАЗБЕК – араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.

ОРАЗГЕЛДІ – араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.

ОРАЗҒҰЛ – бақытты қызметші.

ОРАЗМҰХАМБЕТ – бақытты Мухамбет.

ОРАҚ – көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.

ОРАҚБАЙ – астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.

ОРАЛ – өзен атынан қойылған кісі аты. Біріккен тұлғалы есімдері — Оралбай, Оралбек, Оралхан, Оралтай, т. б.

ОРАСАН – ерекше, ерен.

ОРДАБАЙ – көне түркі тілінен орда –  ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған;    кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.

ОРМАНБАЙ,  ОРМАНБЕК – орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.

ОРМАНШЫ – бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОРЫНБАЙ – өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.

ОРЫНБЕК – өмірде орны берік, мықты.

ОРЫНҒАЛИ – өмірде алатын орны жоғары, биік.

ОСПАН – араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы – ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.

ОТАН – жаңа  есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.

ОТАР – отарда туған балаға берілген есім.

ОТАРБАЙ – отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.

ОШАҚБАЙ – жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.

ӨЖЕТ – -ткір, батыл, табанды.

ӨЗБЕК – өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.

ӨЗЕНБАЙ – өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӨКТЕМ – өктем, үстем, басым, өмірлі.

ӨКІМ – араб тілінен алынған окм —  үстемдік;  өкімет, билік;  шешім, үкім;  пікір, түсінік.

ӨЛКЕБАЙ – қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.

ӨМІР – араб тілінен алынған ғомр –  ғұмыр;    тіршілік.

ӨМІРБАЙ – бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі – Өмірбек.

ӨМІРҒАЗЫ – араб тілінен алынған – өмір + ғазы — жауынгер.

ӨМІРҒАЛИ – өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.

ӨМІРЗАҚ – араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ – ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.

ӨНДІРІС –жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.

ӨНЕРБЕК – өнері мықты, өнерлі адам.

ӨРЕКЕН – көне түркі  шор, хақас тілінде қарт, қария.

ӨРЕН —  жұрттан асқан ерекше, ерен;   жасөспірім ұрпақ.

ӨРІМ – жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.

ӨСЕР – ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім – Өсербай.

ӨСКЕНБАЙ – байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.

ӨТЕБАЙ – байлығы асқан, тасыған бай.

ӨТЕГЕН – орнын толтыру, төлеу.

ӨТЕГАЛИ – қазақ тілінен өте  + араб тілінен алынған ғали – жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.

ӨТЕМАҒАМБЕТ, ӨТЕМҰХАМБЕТ – қазақ сөзі өте  + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан, даңқты деген мағынада қойылған есім. Қысқаша тұлғасы — Өтембай. Еркелету түрі — Өтеш.

ӨТЕТІЛЕУ – ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.

ПАЗЫЛ  – (қараңыз: Фазыл). 

ПАЛУАН – араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.

ПАЛУАНҒАЛИ – аса күшті палуан.

ПАНАБЕК – иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.

ПАРАСАТ – араб тілінен алынған ақыл-ой.

ПЕРДЕБЕК – араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.

ПІРӘЛІ – араб тілінен алынған пир —  ауыспалы мағынасы мықты, күшті. Біріккен тұлғалы есім – Пірімғұл.

РАБАТ – араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.

РАЗАҚ – араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.

РАЙ – араб тілінен  – жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл-күйі, сезімі.

РАЙБАЙ – дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.

РАЙБЕК – араб тілінен – райы қатты, бір бет бала.

РАЙНҰР – араб тілінен  – жарық өмір.

РАЙЫМБЕК – араб тілінен алынған раим – рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.

РАЙЫС – араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.

РАЙЛ – араб тілінен  — негізін салушы. 

РАҚАП – араб тілінен –  кең, ұлан-ғайыр;  мырза, жомарт, жарқын жүзді.

РАҚАТ – араб тілінен – тыныштық, тыным, тыныс.

РАҚЫМ – араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып-еркелете айтылатын түрі — Рақыш.

РАМАЗАН – араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.

РАМИЗ – араб тілінен – белгі, таңба.

РАСУЛ – араб тілінен –  хабаршы;  елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.

РАУАН – иран тілінен алынған рэван — жан өмір.

РАФИК,  РАФИХ – араб тілінен -қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.

РАХМАН – араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.

РАХМЕТ – араб тілінен — алғыс.

РАХМЕТОЛЛА – араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.

РАШИТ – араб тілінен —  саналы, ақылды, парасатты;   батыл, ер.

РЕНАТ  –  жаңа есім –   орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.

РИШАТ – араб тілінен —  ақылды;   саналы, әділдік.

РЫСБЕК  – (қараңыз: Оразбек). 

РЫСКЕЛДІ – (қараңыз: Оразгелді).

РУСЛАН – көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.

РҮСТЕМ – иран тілінен алынған  раода — жүз, келбету бейне;   тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер – Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.

САБАЗ – иран тілінен алынған шаһбаз —  ер, азамат, батыл;   сұңқар.  Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек. 

САБАНШЫ – көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.

САБАТАЙ – қазақ сөзі саба —  қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс;   ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.

САБИҒАТ – араб тілінен  —  жаңа, жас;   сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.

САБЫР – араб тілінен  — шыдамды, төзімді.

САБЫРЖАН – сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.

САҒАДАТ – араб тілінен  – бақыт, құт.

САҒАТ – араб тілінен алынған саад – бақытты сәт, уақыт.

САҒИ – араб тілінен  —  бақытты, ырысты, құтты;   мырза.

САҒИТ – араб тілінен  —  бақытты; ырысты;    аман-есендік, саулық.

САҒЫМ – көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай. 

САҒЫН – қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.

САҒЫНДЫҚ – ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.

САҒЫР – араб тілінен  — кішкене, кенже бала.

САДАН –  моңғол  тілінен— туыс, туған-туысқан.

САДЫБАЙ – (қараңыз: Жақсыбай).

САДЫҚ, СЫДЫҚ – араб тілінен  – шын, адал, таза, ашық;  сенімді адал дос.

САДЫР – араб тілінен алынған —  кеуде, көкірек;   басшы, бірінші;  ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.

САЙБАҚ – араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ – бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.

САЙДАР – моңғол тілінде – сай (сайын),  иран тілінде ие болуды білдіретін  + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.

САЙЛАУ – жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.

САЙМАСАЙ – бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.

САЙРАН – бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім. 

САЙРАМБАЙ – Сайрам қаласында туылған адам.

САЙЫН – моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.

САҚТАР – бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.

САДЫБАЙ  – (қараңыз  Жақсыбай).

САҚЫП – араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.

САЛАМАТ – араб тілінен  –  бейбітшілік, тыныштық, саулық;  сәлем.

САЛАУАТ – араб тілінен – қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.

САЛЫҚ – араб тілінен салиг —  жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты;  адал.

САМАТ,  СӘМЕТ – араб тілінен  – мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.

САМҒА – аспанға ұшу, шарықтау.

САМҰРАТ – иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.

САНА – бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.

САНАТ – араб тілінен алынған –  өнер, сәулет, жарасым;   ұлылық, дәреже.

САНДЫБАЙ – қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.

САНЖАР – араб тілінен  – патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.

САНСЫЗБАЙ  – (қараңыз: Байсан).

САПА, САФА – араб тілінен  –  тазалық, ашықтық;  адалдық;    тыныштық.

САПАБЕК – адал.

САПАР – араб тілінен алынған сафар – саяхат, алыс жол.

САПАРБАЙ – араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.

САПАРБЕК – араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.

САПАРҒАЛИ – араб тілінен  — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.

САПИ ,  САФИ –  араб тілінен  сафа — таңдаулы, адал дос.

САРДАР – иран тілінен алынған сар —  сардар, генерал, бастық, қолбасшы;  туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.

САРИ – араб тілінен  — атақты, мейрімді, асыл.

САРМАН –  моңғол  тілінен сар — ай + ман – кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.

САРЫ –  ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.

САРЫБАЙ – баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.

САРЫБАС –  бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған;  бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.

САРЫН –  қатты дыбыс, үн;   қатты ағын үні, екпін.

САСАН – иран тілінен  — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.

САТАЙ – моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.

САТТАР – араб тілінен алынған —  кешірім етуші, жасырушы;   қорғаушы.

САУРАН –  сый, тарту;  ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.

САУРЫҚ – үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.

САУЫҚ  – араб тілінен  —  тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран;  даңк, құрмет.

САУЫТ – батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.
 САФИ – араб тілінен  — тандаулы, адал дос.

САФУАН – араб тілінен  –  тазалық, пәктік;  қатты гранит тас.

САХИ – араб тілінен  — жомарт, мырза.

САЯ – иран тілінен  – қорғаныш, пана.

САЯТҚАН – араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.

САЯН – Саян тауы атынан қойылған есім.

СӘБИҒАТ – араб тілінен алынған – сұлулық, әдемілік.

СӘБИТ – араб тілінен алынған – мықты, тұрақты, табанды, адал.

СӘДУАҚАС – араб тілінен алынған сәйд – бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.

СӘЛМЕН – иран тілінен  — есейген, ер жеткен, үлкен.

СӘЛІМ – араб тілінен алынған сәлим —  сау, бүтін, толық, аман-есен;   нағыз, шын, табиғи, аман-сау;   қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.

СӘМЕН – иран тілінен  — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.

СӘМЕТ – араб тілінен  —  мәңгілік, өмірлік, берік;  бас ие, қожайын.

СӘМИ – араб тілінен  — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.

СӘРСЕНБІ – иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері – Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.

СӘТ – араб тілінен – сад — бақыт, құт, ырыс.

СӘТБАЙ – араб тілінен — құтты бала (бай).

СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт,  иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.

СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.

СӘУІР – араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.

СЕЗІМ – жаңа есім – достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

СЕЙДАХМЕТ – араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.

СЕЙДӘЛІ – араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.

СЕЙДУӘЛИ – араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.

СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған – мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.

СЕЙСЕНБАЙ – иран тілінен алынған се – үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.

СЕЙІЛ – араб тілінен алынған –  көктем мерекесі;    халық серуені.

СЕЙІТМЕТ,  СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.

СЕЙІТ – араб тілінен алынған сейидь —  мырза, бастық, әкім;   құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.

СЕЙФОЛЛА – араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла – яғни қылыштай өткір перзент.

СЕКСЕНБАЙ – мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.

СЕМБАЙ – иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.

СЕМБІ – иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.

СЕНІМ – үміт, сенім.

СЕҢГІРБАЙ – көне түркі тілінен келген сеңгір – таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.

СЕРӘЛІ – иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.

СЕРҒАЗЫ – араб тілінен алынған – сер – басшы, бастық  + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.

СЕРҒАЛИ – иран тілінен алынған сер  + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.

СЕРКЕ –  қой бастайтын серке;   ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.

СЕРКЕБАЙ  – (қараңыз: Байсерке).

СЕРІК – араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.

СЕРІКБОЛ – көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.

СИРАЖ – араб тілінен алынған – шырақ;  жарық.

СОЛТЫБАЙ – араб тілінен алынған солдо —  күш, өкім, билік;  күшті, мықты;   + бай. Демек, күшті, мықты адам.

СОМБЕЛ – белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

СҰЛТАН – араб тілінен  — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.

СҰЛТАНГЕЛДІ – дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.

СҰЛТАНМҰРАТ – бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.

СҰҢҚАР – бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.

СҮГІР – көне түркі тілінен келген сукур — хабар.

СҮГІРБАЙ – көне түркі тілінен – бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.

СҮЙЕУ – ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.

СҮЙІН – ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

СҮЙІНБАЙ – көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.

СҮЛЕЙМЕН – көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.

СҮМБЕБАЙ – иран тілінен алынған сунба – мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.

СҮНДЕТ – араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.

СҮТТІБАЙ – сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.

СЫБАНҚҰЛ – бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан —  тоқ, тойған;  Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.

СЫДЫҚ – араб тілінен алынған седдик —  шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы;  шыншыл, әділ.

СЫЛАН – көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.

СЫМАҚ – иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.

СЫНДЫБАЙ – сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.

СЫРБАЙ –  араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.

СЫРҒАБАЙ – араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.

СЫРҒАБЕК – сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.

СЫРЫМ – көне түркі тілінен – шыдам, шыдамды, төзімді.

СЫРМҰХАМБЕТ – көне түркі тілінен сыр – шыдам, төзім, ұстамды  + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.

ТАБАР – қазақ сөзіне  тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАБЫЛҒАН – баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.

ТАҒАЙ – араб тілінен  – нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.

ТАЗАБЕК – нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.

ТАЙБЕК – тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.

ТАЙЛАҚ – ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.

ТАЙМАС – өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.

ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши —  аға тәрбиеші, ұстаз;  атақты, әйгілі адам.

ТАЙЫР – араб тілінен алынған таир –  жоғарыға ұшушы;  құс.

ТАҚЫР – араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.

ТАЛАП – араб тілінен алынған талаб – іздену, талап ету, өтініш, тілек.

ТАЛҒАТ – араб тілінен алынған – өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.

ТАЛҚА – араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.

ТАЛМАС – арымас, шаршамас (адам).

ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.

ТАҢАТ – таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.

ТАҢБОЛ – ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.

ТАҢСЫҚБАЙ – ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.

ТАРҒЫН – көне түркі тілінен— ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.

ТАСБОЛАТ – тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСЕМЕН – тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСҚЫН – бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.

ТАСТАЙ – бала  тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.

ТАСТЕМІР – ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.

ТАСТҮЛЕК – мықты ұрпақ, жеткіншек.

ТАТУБАЙ – бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).

ТАУ – шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман.  Қысқартып айту түрі – Тауан.

ТАУАСАТ – өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.

ТАУФИХ – араб тілінен алынған тавфих —  табыс, жетістік, бақыт;  әрекет, көмек.

ТАХАУИ – араб тілінен алынған —  тұкым;    ұрпақ.

ТӘЖІ – иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.

ТӘКІМ – араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.

ТӘЛІП – араб тілінен алынған таалип —  талапкер, талап етуші, білім ізденуші;  сұраушы.

ТӘҢІРБАЙ  – (қараңыз: Көкбай).

ТӘТТІБАЙ – тәтті,  ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.

ТӘУЕКЕЛ – тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.

ТӘУІР – жақсы, оңды.

ТЕГЕРАН – парсы тілінен – «тех» – түп, «ран» – баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)

ТЕМІР – бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.

ТЕМІРБОЛАТ – бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.

ТЕМІРБЕК – (қараңыз: Бектемір).

ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір  + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.

ТЕМІРҚАН – темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.

ТЕМІРЛАН – темір + қосымша лан
ТЕМІРТАС – темір мен тастай мықты, берік.

ТЕМІРТҮЛЕК – темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.

ТЕҢІЗБАЙ – байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.

ТИЕС – тиісті, тиесілі, қатысты.

ТИЯНАҚ – тірек, тұрақ, табандылық.

ТОҒЫЗАҚ – әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.

ТОҒЫЗБАЙ – бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.

ТОҚАН – көне түркі— сұңқар.

ТОҚСАНБАЙ – тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.

ТОҚТАР – ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.

ТОҚТЫБАЙ – ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.

ТОҚЫР – араб тілінен алынған – қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.

ТОЛАҒАЙ  – дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.

ТОЛЫБЕК – үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛЫС – жетіле, өсе түс, ер жет.

ТОМАН –  моңғол  тілінен тумэн —  он мың;   бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері – Түмен, Туменбай.

ТӨБЕЙ – үлкен, зор.

ТӨЛБАЙ – үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.

ТӨЛЕБАЙ – бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.

ТӨЛҒОЖА – тұнғыш бала өзінен  кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.

ТӨРЕБЕК – көне түркі тілінен – төре —  тәртіп, ереже, заң;    әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.

ТУҒАНБАЙ – туған + бай. Бай болып туған.

ТҰРҒАНБЕК – (қараңыз: Бектұрған).

ТҰРДЫБЕК – бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.

ТҰРМАНЖАН – ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.

ТҰРСЫН – баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.

ТҰРСЫНБАЙ – яғни көп, ұзақ жасасын.

ТҰРСЫНБЕК – яғни өмірі берік болсын.

ТҰРСЫНЖАН – жаны аман болсын, көп жасасын.

ТҰРЫМТАЙ – қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҰЯҚБАЙ – тұяқ —  уақ мал, қой-ешкі;    ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған  ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.

ТҮГЕЛБАЙ – бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҮЛЕК – жас өспірім, жеткіншек.

ТҮЛКІБАЙ – балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.

ТҮМЕН  – (қараңыз: Томан).

ТҮРГЕНБАЙ – түһген — жылдам, тез + бай.

ТҮСІП,   ТҮСҮП  –  (қараңыз: Жұсіп).

ТЫНАЛЫ – тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.

ТЫНЫС – дем; үзіліс, дамыл, тыным.

ТЫНЫСТАН – дем алу, дамылдау.

ТЫНЫШТЫҚ  – (қараңыз: Еламан).

ТЫНЫШТЫҚБЕК  – (қараңыз: Бейбітбек).

ТІЛЕГЕН – тілеп, сұрап алған бала.

ТІЛЕК – мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата-аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.

ТІЛЕМІС – тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.

 

УАЙЫС – араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП – араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ – араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ,  УӘЛІ – араб тілінен  — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.

ҰЗАҚ – бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ – бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН – түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС – жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК – ұлы, зор + бек.

 

ҮДЕРБАЙ –  көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ – бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ – араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ – иран тілінен  –  сенім;  тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім – Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам —  көңілді, шат;   гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН – араб тілінен алынған Хасан,  Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ – басым, артық.

 

ФАЗЫЛ  – (қараңыз: Базыл). 

ФАЙЗ – араб тілінен  –  жеңуші, жеңімпаз;   мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН – араб тілінен  – рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД – араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР – араб тілінен алынған —  келбетті, әдемі, асыл;  мақтаныш боларлық.

 

ХАБИБ – араб тілінен  – жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.

ХАДИМ – араб тілінен  – қызметші, жалшы, қызметкер.

ХАЙДАР – араб тілінен  – арыстан. Бұл есімнін синонимдері – Әсет, Шер, Айдар.

ХАКІМ – араб тілінен  –  әкім етуші, әмірші;  данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.

ХАҚНАЗАР  – (қараңыз: Ақназар).

ХАЛЕЛ,  ХАЛИЛ – араб тілінен алынған – сүйікті дос, жақсы жолдас.

ХАЛЫҚ – араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.

ХАМЗА – араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.

ХАМИТ – араб тілінен алынған —  мақтаулы, мақтауға лайық;    зиянсыз.

ХАММАТ – араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.

ХАНГЕЛДІ – ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.

ХАНТЕМІР  – (қараңыз: Темір- хан).

ХАРЕС – араб тілінен  —  егінші, дихан, соқашы;  сақтаушы, күтуші.

ХАСАН, ХАСЕН – араб тілінен  — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.

ХАТИП – араб тілінен  —  уағыздаушы, уағызшы;    баға беруші, мақтаушы.

ХАФИЗ – араб тілінен алынған һафез — сақтаушы, күзетуші.

ХИКМЕТ – араб тілінен  — философия, білім, құпия.

ХҰСАЙЫН – араб тілінен  — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.

 

ШАБАЙ – араб тілінен  — жас жігіт, бозбала.

ШАБДАН – тәжік тілінен  човидна —  мәңгі, бақи;  мәңгілік, ажалсыз.

ШАҒЫР  – араб тілінен  шагир — шайыр, ақын.

ШАДЫМАН – иран тілінен алынған шад  – көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.

ШАЖАБЕК – көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.

ШАЙБАН  – (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.

ШАЙХЫ – араб тілінен  –  ұстаз, үйретуші, тәрбиеші;  ақсақал, дін басшысы,  ғалым.

ШАКАРІМ ,  ШӘКӘРІМ –  араб тілінен – қызметкер, қызметші.

ШАМАТ – араб тілінен  — қал, мең.

ШАМБЫЛ – ащы дәмді өсімдік.

ШАМЕЛ –  елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.

ШАМЖАН – шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.

ШАМИС – араб тілінен алынған шамси — күн, күншуақ, жарық; бірбет, қиқар.

ШАМШАТ – иран тілінен алынған шамшод, самшид — Кавказ самырсыны.

ШАПАҒАТ – араб тілінен алынған шафакат — аяныш, аяу, есіркеу, қайырымдылық, мейірімділік. Түрлері — Шапкат,  Шафкат.

ШАПАҚ – таңғы жарық.

ШАРЫҚБЕК – араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.

ШАТТЫҚ – қуаныш, көңілділік.

ШАФИХ – араб тілінен  —  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.

ШАФХАТ – араб тілінен  – рақымдылық, мейірімділік.

ШАФИХ – араб тілінен  –  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.

ШАХАХМЕТ – иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған – ахмет. Ахмет патша деген мағынада.  түрі — Шаяхмет. Қысқартып еркелете айту түрі — Шайкен.

ШАХАН – иран  және қазақ тілдерінен алынған  бұл есім шах және хан сөздерінің бірігуінен жасалған. Хандардың ханы, хандардың шахы деген мағынаны білдіреді.

ШАХАР – араб тілінен  — қала, кент.

ШАХАРБАЙ – араб  және қазақ тілдерінен алынған  – қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.

ШАХМАРДАН – иран тілінен алынған шах + мардан — ержүрек, батыл. Фонетикалық түрі — Шаймерден. Еркелете айтылатын түрі — Шәкен.

ШАМҰРАТ  – (қараңыз: Самұрат).

ШАХМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған шах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет. 

ШАШУБАЙ – қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШӘДІ – иран тілінен алынған шади — қуаныш, көңілділік, шаттық.

ШӘКІР – араб тілінен алынған — игі, асыл, мейірбан, сыйлаушы, құрметтеуші.

ШӘМШИ – араб тілінен алынған шамси – күн.

ШӘПИ,  ШӘФИ – араб тілінен алынған – емдеуші, емші.

ШӘРИЗАТ – иран тілінен алынған ширази — бақыт, ырыс, қуаныш + зат – бала, перзент, яғни бақытты бала.

ШӘРІП – араб тілінен алынған шариф — құрметті, атақты, қымбатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Шәріпбай, Шәрінбек, Шәріпхан, Шәріпқали.

ШЕГЕ – бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШЕГЕБАЙ – баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.

ШЕР – (қараңыз: Әсет).

ШЕРӘЛІ,  ШЕРҒАЛИ – иран тілінен шер —  арыстан;    батыл, ер жүрек  + араб тілінен алынғанғали,әли — жоғары, биік, ен асқақ. Бұл есімнің жинақ мағынасы: батыр, ер жүрек, арыстан Әли.

ШЕРИ – көне түркі тілінен черу — әскер, қол.

ШЕРМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған шер – арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.

ШЕРНИЯЗ – иран тілінен алынған шер + тәжік тілінен – нияз – өтініш, тілек, тілену, үміт, сый, тарту.

ШЕРУБАЙ – көне түркі тілінен шері немесе алтай тілінен  черу – әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.

ШЕРХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған  — арыстандай айбатты, мықты, батыр, ер-жүрек.

ШОҚЫ – биік төбе, дөң;  шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.

ШОҚЫР – балықтың бір түрі. 

ШОЛПАНБАЙ – бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.

ШОМБАЛ – зор, ірі, жуан.

ШОНА – моңғол тілінен— қаскыр. Бөрібай, Қаскырбай есімдерімен мәндес.

ШОҢ – қырғыз тілінен алынған — үлкен, зөр, дәу. Біріккен тұлғалы есімдер — Шоңбай, Шоңбек, Шоңқұл.

ШОРА – көне түркі тілінен —  мырза, бек, шонжар;    одақ, кеңес. Біріккен тұлғалы есімдер — Шорабай, Шорабек.

ШОРТАНБАЙ – шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.

ШЫҒАЙ – көне түркі тілінен – кедей, күйсіз.

ШЫҒАНАҚ – құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.

ШЫМЫР – нығыз, берік, денесі мығым;  батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.

ШЫНТЕМІР – темірдей мықты.

ШЫРАҚБЕК – иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.

ШІЛДЕБАЙ – иран тілінен алынған чеһел, нел — қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым + бай.

 

ЫБЫРАЙ – көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС – араб тілінен  — талаптанушы.  Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС – араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН – араб тілінен алынған ихсан —  жақсылық, қайырымдылық;  көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ – бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК   – бақытты бек.

ЫСҚАҚ – көне еврей тілінен – күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ – иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.

 

ІБНИ – араб тілінен  — ер бала, ұл.

ІЗБАСАР – әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.

ІЛЕБАЙ – Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.

ІЛИЯС – еврей тілінен алынған – ильяс — күш, құдірет.

ІҢКӘРБЕК – араб тілінен алынған инкар — құмар, ынтың; ата-ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.

ІСМЕТ – араб тілінен —  ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол;  таза, пәк.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<