Газдалған тәтті сусындарды ішу семіздікке алып келумен қатар, бүйректің қатерлі ауруларына да соқтыруы мүмкін. Clinical Journal of the American Society of Nephrology журналына мақала жариялаған дәрігер ғалымдар осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ДДСҰ берген қазіргі мәліметтерге қарағанда, Жер шарының әр үшінші тұрғыны артық салмақтан, шамамен 15%-ы семіздіктің ауыр формаларынан зардап шегеді.
Көптеген дәрігерлер мен ғалымдардың айтуынша, бүгінгі таңда мұның басты себебі – қант және тәтті сусындар. Бұлар соңғы он-жырма жылда бүкіл әлемге танымал болып отыр.
Екі жыл бұрын АҚШ зерттеушілері газдалған тәтті сусындарды шамадан тыс ішудің салдарынан жыл сайын 184 мың адам көз жұматындығын анықтаған болатын. Соның басым бөлігі АҚШ және Латын Америкасы елдерінің үлесіне тиесілі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<