Гонкур премиясының биылғы лауреаты анықталды

459

0

Гонкур премиясының биылғы лауреаты анықталды Кеше Парижде Франциядағы ең престижді әдеби марапат саналатын Гонкур премиясын табыстау салтанаты болып өтті. Бұл жылы Николя Матье есімді жазушы лауреат атанды. Әділқазы алқасы автордың  «Өздерінен кейін балалары» (Leurs enfants après eux) атты романын француз тіліндегі (биылғы) үздік туынды деп таныды.  «Өздерінен кейін балалары » — Николя Матьенің екінші романы. Шығарма сюжеті 1990 жылдардағы Францияда орын алады.
 Басты кейіпкерлер — 14 жастағы Антони мен оның достары. Жасөспірім шағы экономикалық дағдарыс кезіне сәйкес келген балалар  Nirvana сынды рок группалар музыкасына елітіп, айнала хаосқа айналған шақта өз жөнімен өмір кешіп жатады. Естеріңізге сала кетейік, Гонкур премиясы (Prix Goncourt) 1903 жылдан бері табысталып келеді. Былтыр Эрик Вюйярдің «Күн тәртібі» (L\’Ordre du jour) романы озық шыққан болатын.  Осы негізгі марапаттан бөлек, Гонкур академиясы жыл сайын роман, поэзия, новелла, биография жанрлары бойынша үздік дебюттерді анықтап отырады. Соңғы уақыттарда өзге елдерде тұратын француз тілді жазушылар да елене бастады. Мысалы, Франция Институты Шығыс (Ливан) пен Еуропаның (Италия, Польша, Румыния, Сербия) бірқатар жазушыларын марапаттады.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<