Халықаралық ғарыш станциясына қытайлар неге ұша алмайды?

664

0

Халықаралық ғарыш станциясына қытайлар неге ұша алмайды? 1998 жылы 20 қараша күні Жер орбитасында Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) алғашқы модулі ғарышқа шығарылды. Бұл Ресейдің функционал-блогы «Заря» болатын. Кейін оған АҚШ, Канада, Жапония және Еуропа мемлекеттеріне тиесілі бірнеше модульдар қосылды. 
Осылай ХҒС-сы адамзат тарихында Жер орбитасында жүзеге асырылған алғашқы халықаралық жоба болды. ХҒС-сын жасау идеясын алғаш болып АҚШ президенті Рональд Рейган айтқан екен. Бірақ ірі жобамен жұмыс атқарған АҚШ-тықтар оған бір мемлекеттің қаржысы да, күші де жетпейтініне көздер жетіп, аталған жобаға басқа елдерді тарта бастайды.

 Жер үстінде 460 тонна 

Станция жеке-жеке модульдар арқылы құрылған. Қазір олардың саны – 15, салмағы – шамамен 460 тонна. Көлемі футбол алаңына тең.

ХҒС-сын түнде көре аласыз 
ХҒС-сын түнде ешқандай құрылғысыз бақылауға болады. Ол – аспанда Ай мен Шолпаннан кейін жарқырап көрінетін үшінші «ғаламшар». ХҒС-да Күн тәулігіне 16 рет шығады ХҒС-сы Жерді 90 минутта айналып шығады. Сол себепті де станция экипажы әр 45 минутта таң ату мен күн батуын көре алады. Жердегі 24 сағат ішінде сіз таң мен іңір уақытын бір рет қана көрсеңіз, станциядағылар оның 16 реттен куәсі болады. Себебі, ХҒС-сы сағатына 27 700 шақырым жылдамдықпен ұшады. Тек табиғи энергия ХҒС-сы өзіне қажетті энергияны Күннен алады. Аспанда ұшып жүрген құрылғының ұшақ сияқты қанаттарын көрген кезіңіз болса керек. Дәл солар Күн сәулелерінен қуат алатын арнайы құрылғылар.
Халықаралық ғарыш станциясына қытайлар неге ұша алмайды?  Неге Қытайлар ХҒС-сына ұшпайды?
 Қытай ғарышкерлері жақын болашақта ХҒС-сына бара алмайды. Себебі, 2011 жылы АҚШ конгресі Қытаймен ғарыш саласындағы кез келген ынтымақтастыққа тыйым салған. Бірақ ҚХР-да қол қусырып отырған жоқ. Олар өздері тәуелсіз түрде станция жасап, Жер орбитасына ұшырған. Қазір ҚХР ғарышкерлері сол станцияда зерттеулер жүргізеді. Қаншалық жоғары болса, сонша энергия үнемделеді Қазір ХҒС-сы 410-430 шақырым биіктікте ұшып жүр. Алғашқыда оған АҚШ шатлдары ұшып баруы үшін 330-350 шақырым биіктікте орналастырылған болатын. Кейіннен, 2011 жылы АҚШ бағдарламасы жабылғанан соң станция бүгіндегі биіктікке орналастырылды. Себебі ХҒС қанша биіктікте болса оған жұмсалатын энергия сонша үнемделеді. ХҒС-сы тағы қанша жыл жұмыс істейді?
ХҒС-сының жұмысы
 2024 жылдарға дейін жоспарланған. Жобаның кейбір қатысушылары мен жекеменшік компаниялардың ХҒС-сының мерзімін тағы да ұзарту туралы ұсыныстарына қарамай, станцияны орбитадан алып кететін арнайы модулге жанармай құйыла бастады. Демек, ХҒС-сын 2024 жылдан кейін көре алмаймыз.
Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<