Келіннің тапқырлығы

2526

0

Арқа жақтан оңтүстікке келе жатқан бір топ жолаушы екінді уақытында бір ауылға жақындап, құдықтан су алып жатқан жас келінге:

  • Мынау қай ауыл, біздер алыстан келе жатқан жолаушы едік, «екіндіде ел тастама» деген, қонып, ат шалдырып, тынығып жүрейік деп, – дейді.
  • Бұл ауыл батыр адамның ауылы – деп жауап қайтарады.
  • Батыр атаңыз кім болады? Біз жөн біліп барайық, айтыңызшы.

  • Келін атасының атың атай алмайтының айтып, әдеп сақтайды. Бірақ жолаушылар:
  • Бұл жерде ешкім жоқ қой, атаңыздың атын айта беріңіз – деп қоймайды.

  • Сонда иінағашқа ілінген шелек толы суды иығына іліп жатып, келін атасын жолаушыларға былай таныстырыпты:

  • Сұрайсыздар қоймай,

  • Атамның аты дардай,

  • Өзге адамда жоқтай,

  • Тек атамда бардай!

  • Сөйтсе бұл ауыл «Айман-Шолпан» қиссасынан барша қазаққа белгілі Көтібар батыр Бесенұлының ауылы екен.

Бақытжан АБДУЛЛАҰЛЫ,
тарихшы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<