Күніне 20 минут…

359

0

Күніне 20 минут... Бір саланың, хоббидің, кәсіптің нағыз маманы атану үшін онымен 10 000 сағат айналысу керек екен. Ал 10 000 сағат дегеніңіз қысқа уақыт емес. Демек, тұрақтылық пен тәртіп қана жетістікке жетелейді. Бұл уақыттан бөлек адам күніне 20 минутын өзге де маңызды дүниелерге жұмсап үлгеруі керек. 

 Күніне 20 минут спортпен айналысатындар өз денсаулығына алаң болмайды.  

Күніне 20 минут үй шарусымен айналысатындар ретсіздікке душар болмайды.  

Күніне 20 минут зейін шынықтыратындар шығармашылық тоқыраудың не екенін білмей өтеді.

 Күніне 20 минут жоспар жасап, өз-өзіне есеп беретіндер идея тапшылығына тап болмайды.  

Күніне 20 минутын табыс көзіне арнайтындар, қаржылық тәуелділіктен ада болады.  

Күніне 20 минут қарбалас арасында демалыс жасайтындар шаршап, зорықпайды.

 Күніне 20 минут кітап оқитындар кәсібилік жөнінде алаңдамайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<