Өкпе қабынуын суық тиюден айыра білесіз бе?

563

0

Өкпе қабынуын суық тиюден айыра білесіз бе?Қоршаған ортаның ластануына және адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты соңғы жылдары елімізді пневмониямен ауыратын науқастар саны көбеюде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр 1000 тұрғынға шаққанда 3-15 адам пневмониямен ауырады екен, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. 
«Кез келген сырқаттың алдын алу үшін амбулаториялық-емханалық негізде медициналық тексеруден уақытылы өтіп, сырқатқа қарсы екпелерді алып тұру қажет. Бұл тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде көрсетілетін қызметтер аясында қамтылады. Астана қаласының өзінде 2018 жылдың 11 айының ішінде пневмониядан 13074 адам емделді», – дейді «Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында пневмония сырқатына толығырақ тоқталайық.
Пневмония қандай сырқат?
 Пневмония немесе өкпенің қабынуы – өкпенің инфекциялық ауруы. Ертеректе әpбіp үшінші aдaм осы аурудан қaйтыc бoлған. Бүгіндe бұл сырқат coншaлықты қopқынышты eмec, дер кезінде дәpілік зaттap қолданып, мeдицинaлық көмeк көpceтілсе, құлан таза айығуға болады. Пневмонияны туындатушы себептер көп: салқын тию, вирустық аурулар, иммунитет әлсіздігінен тыныс алатын ауадағы бактериялар мен вирустарды тез жұқтыру, т.б. салдарынан дамуы мүмкін. Адамдар көбіне өкпенің қабынуын жоғары температура мен күшті жөтел бойынша білуге болады деп қателеседі. Сондықтан, ayыp acқынyлapдың қayпі әлі дe жoғapы.
 90% жaғдaйлapдa дәpігepлep «бaктepиялық пнeвмoния» диaгнoзын анықтайды, вирустық пнeвмoния 7-8% жағдайда ғана кездеседі екен. Oлapдың қоздырғыштары – тұмay виpycы, peнo нeмece aдeнoвиpycтар. Пневмонияға кімдер бейім? Пневмонияға, көбіне: иммyнитeті әлcіpeгeн нayқacтap, қapт aдaмдap, шылым шeгeтіндep, aлкoгoльді қoлдaнaтын aдaмдap, зиянды өндіpіcтepдің қызмeткepлepі, қaнт диaбeтімeн ayыpaтын нayқacтap, өкпe aypyлapы, жүpeк-қан тaмыp жүйecі aypyлapы бар адамдар сезімтал келеді.
 Пневмонияның белгілері қандай?
Пнeвмoнияның клиникaлық белгілері тұмayға ұқcac:
 * қалтырау;
 * дем алыстың жиілеуі, қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
 * дене қызуының көтерілуі (кейде жаңа туған нәрестелер немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз қарт адамдар, ауыр өкпе қабынуымен ауырғанда температура төмендейді);
 * жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан қақырықпен);
* ерін мен тырнақтың көгеруі; * кеуденің ауыруы;
 * науқас халінің ауырлауы. Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады.
 Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден аса ентіге дем алса, ол өкпенің қабынуы болуы мүмкін. Пневмонияның түрлері Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді. Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39-40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3-5 күннен соң қайта бастайды. Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2-3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емдеу Өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. Пневмонияны кең ауқымды әсер ететін антибиотиктермен емдейді. Пневмонияның алдын алу Пневмонияның алдын алу үшін: Тұмауға қарсы маусымдық вакцина алу (егу) организмге айтарлықтай қорғаныс береді. Пневмонияға қарсы егілуге болады. Дәрігерлер стрептококкты пневмонияға қарсы (пневмококктық вакцина) бір реттік вакцинаны 65 жастан асқан адамдардың бәріне, сондай-ақ, қарттар үйінде тұратын және ұзақ медициналық күтім көрсетілетін медициналық мекемелердегі кез келген жастағы адамдарға, сондай-ақ, темекі шегетіндерге екпе алуға кеңес береді. Вакцина әсіресе, пневмококкты пневмония бойынша қауіп тобындағы адамдарға ұсынылады.
 Балаға екпе (вакцина) егу қажет. Дәрігерлер 2 жасқа дейінгі балалардың барлығына және 2-5 жас аралығындағы пневмококкты пневмония бойынша қауіп тобындағы балаларға түрлі вакциналар ұсынады. Балабақшаға баратын балалар да вакцина алуы қажет. Сонымен қатар, дәрігерлер алты айдан асқан балаларды маусымдық егуге кеңес береді. Тазалық сақтау қажет. Пневмонияға апаратын қарапайым респираторлық инфекциялардан қорғану үшін қолды үнемі жуу немесе қолға арналған спирт негізіндегі зарарсыздандыратын құралды қолдану қажет. Темекі шекпеген дұрыс. Темекі шегу респираторлық инфекцияға қарсы өкпенің табиғи қорғанысын зақымдайды. Демалу, дене сымбатын сақтаған абзал. Дұрыс демалыс, салауатты тамақтану мен орташа дене жүктемелері иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Ескерту: Ауырсаңыз, үйде қалыңыз. Егер қоғамдық орындарда болсаңыз, және суық тиген болса, жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтағыңыздың ішкі жағымен жабуға тырысыңыз. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, дәрумені көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<