Әлеуметтік желінің де әдебі бар

924

0

Әлеуметтік желінің де әдебі бар Әлеуметтік желі – адамдардың  бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы.  Әлеумет – халық, адамдар, сіз бен біз. Қазіргі таңда, Google, МойМир, WhatsApp,  Facebook, Skype секілді желілер бірлестігін жастар ғана емес, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін пайдаланады. Адамдардың аралас-құралас араласуы үшін шексіз мүмкіндік тудырған желілердің жақсы және жаман тусы бар екені  де мәлім. Тіпті бұл желілерді көптеген адамдар өмірінің бір бөлігі санайды. Қайда жүр, қандай іспен айналысып, қандай тамақ ішіп отырғанына дейін басқалармен бөлісуді әдетке айналдырған. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірі жай қызықтау үшін кірсе, бірі өз кәсібін жарнамалап, кейбірі өзіне керек ақпараттарды алады және жаңалықтарымен, өз ойларымен бөліседі. Дегенмен, әлеуметтік желіні  пайдасына асырып, қоғаммен бірге даму әр адамның өз еркінде.

      Айта кету керек, 19 шілде күні Алматыда  мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Бұл жаңалықты барлық сайттар жарыса жазған еді. 21 шілдеде 25 жастағы Шерхан Байзеновте фейсбук парақшасында автокөлік  ұрыларының  қолынан  қаза тапқан Денис Тен жайлы жазба жариялады.  Шерхан Байзенов бұл жазбасында қытайларды «өлтіру керек» деп, күдіктілерді жақтайтынын да анық жазған. Бұл жазба көптеген қазақстандықтардың ашуына тиіп, әлеуметтік желіні тағы да бір шулатты. Енді заң алдында жауапқа тартылып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» демекші кез келген жазбаны ойланып жариялаған жөн. Түптеп келгенде Ғаламтор адамзаттың ойлап тапқан жетістігі. Сондықтан да саналы түрде, белгілі бір мақсатпен пайдаланған дұрыс.

     Әрине, әлеуметтік желідегі толассыз ақпараттар адамның жүйке-жүйесіне   зиян, алтындай уақытымызды ұрлайды. Десекте, зиянымен қатар пайдасыда бар. Ғаламтор желілерін дұрыс қолданған адамға дау жоқ. Ең бастысы, ғаламторды тек дұрыс мақсаттта пайдаланып, қоғамға қарсы пікірлерден аулақ болып, білім алудың тиімді құралы етсек ұтылмаймыз.

                                                                                         

                                                                                          Шапағат ТОРҒАЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<