Әмияның теңгеге толы болсын!

1349

1

Әмияның теңгеге толы болсын!

Аңызға сенсек ежелгі Бабыл қаласының халқы өте бай тұрған деседі. Алайда, қала басшысы Сарғом патша Эламмен арадағы соғыстан кейін ел қатты кедейленіп, бұқара халық тарыға бастайды. Халықты жағдайын оңалтудың  жолын іздеген патша қаладағы ең бай адам Архатты шақырып алып кеңес сұраған екен. Архат тұрмысын оңалтып, байығысы келген адамдарға төмендегідей кеңес айтыпты:

  1. Әмиян толтыруды баста. Әмиянға түсетін әрбір он теңгенің тоғызын ғана қажеттеріңе жұмсаңдар. Кімнің әмияны бос тұрса, оған байлық жоламайды.
  2. Шығынды қадағала. Барлық қажетті шығынды ойластырыңдар. Әмиянды толтыруға тиіс оннан бір бөлік табысқа қол тигізбеңдер. Ол сендердің орындалуға тиісті ең басты тілектерің болсын. Ал шығын кестесі әмиян қампайтға қажетті ең бірінші көмекші болуы керек.
  3. Жинақ ақшаңды көбеюге итермеле. Әмиянда жатқан ақша сендердің жандарыңды жадыратып, көңіл тоғайтқанымен, ешбір табыс әкелмейді. Жиналған қаржы бар болғаны алғашқы қадам ғана. Ол табыс әкеле бастағанда ғана есіктен байлық сығалайды.
  4. Жинақты жойылудан сақта. Қаржы салудың бірінші, әрі басты ұстанымы – негізгі дәулеттің сақталуын қамтуБасты жинағың жойылса, ол істен пайда іздеудің мәні жоқ. Сондықтан негізгі қорыңмен қоштаспа, іске одан түскен пайданы жұмса.
  5. Жинақты тұрғынжайға сал. Егер адам табысының тоғызыншы бөлігін жинай берсе және оның белгілі бір бөлігі зиянсыз, керісінше пайдалы іске салынып, игілікке айналса, онда соғұрлым байлық тезірек пайда болады. Жеке баспанасы бар адамның шығыны азайып, жеке бас қажеттіліктеріне молырақ қаржы жұмсайтын болады.
  6. Келешекке жетер табысты қамты. Ақша жинаған адам ылғи да келешек туралы ойлауы керек. Алдағы жылдарға жететіндей кейбір салымды дер кезінде жоспарлаған абзал. Мысалы, артығымен үй мен жер бөліктерін сатып алуға болады. Егер олар дұрыс таңдалып, болашақта өз құнын сақтай алса, онда одан түсетін табыс келешекке қомақты өсім бола алады.
  7. Табыс табу мүмкіндігін кеңейте түс. Ол үшін алдымен адамда табыс табуға деген аса күшті де айқын тілек болуы қажет. Айқындалмаған тілек – ол бар болғаны арман ғана. Баюға ұмтылатын адам үшін оның пайдасы жоқ. Тілек қарапайым әрі анық болуы керек.

Сонау көне заманда ғұмыр кешкен Архаттың ақыл-кеңесіне біздің алып-қосарымыз жоқ. Бастысы, ықылас қана. Ендеше, іске сәт!

 

Рүстем АЙБОЛАТ,

Қоқыт Ата атындағы ҚМУ 3-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<