Нанның кепиеті

1912

1

Анам марқұм тірісінде аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандарды жиі айтып отыратын. Ол – сонау 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісін, мешін жылғы ашаршылықты, зобалаң жылдардағы қуғын-сүргінді, Отан соғысының қиындықтарын басынан өткізген адам еді.

Әсіресе, ашаршылықта көргендерін есіне жиі алып, «Алла сендерге көрсетпесін, осы күндеріңе шүкір, тәубе, қанағат» деп отыратын. Нанды қатты қастерлейтін, бір түйір қиқымын жерге түсірмей, теріп жеп қоятын. «Бір жұтым су, бір тілім нансыз тіршілік жоқ» дегенді жиі айтатын.

Анамның айтқандарынан осы бір аңыз-әңгіме есімнен кеткен емес.  «Елден естігенім. Естіген құлақта жазық жоқ. Аңыз ба, әлде шын ба, білмеймін, ол кезде 13-14  шамасындағы баламын,  – деп бастап еді әңгімесін анам.

 – Бір байдың байлықтан басы айналып, не істерін білмей еріккен шолжаң әйелі баласының артын нанның жұмсақ жерімен сүртіпті-міс. Не нәрсенің де киесі болады. Содан нанның кепиетіне ұшырап, елде жұт боп, мал-жан түгел қырылып қалыпты-мыс.

«Бірдің кесірі мыңға тиеді» деген, қанша мың адам аштықтан көз жұмды, қаншамыз соның зардабын шектік. Байлық не істетпейді, «мың асқанға бір тосқан» деген, не нәрсенің де артында сұрауы болатынын ұмытпаған жөн»,  –  деп ақылын айтып отыратын.

Дастарханды қанша толтырып қойсақ та, нансыз сәні жоқ, өзіміз де «нан жоқ па?» дейміз. Майды нансыз жей алмайсың, тіпті үйге кісі кеп, асығыс кететін болса, «Нан ауыз тиіп кетіңіз» дейміз. «Ас атасы – нан» деген осы. Нанды ысырап етпеңдер, кепиетіне ұшыраудан сақтасын!

Бибісара ОМАРОВА,

қала тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<