Ұнатқан суретіңіз арқылы шынайы көңіл күйіңізді біліңіз (тест)

1443

0

Ұнатқан суретіңіз арқылы шынайы көңіл күйіңізді біліңіз (тест) Сізге төрт ағаштың суреті берілген. Әрқайсысына мұқият қарап, басқаларына қарағанда ұнамдырақ деген бір ағашты таңдаңыз және сол ағаштың нөміріне сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіздің шынайы көңіл күйіңізді біліңіз. 
1. Бұл суретті романтикаға жаны жақын адамдар таңдайды. Жиі армандауды жақсы көреді, көбінесе көңіл күйі көтеріңкі жүреді. Мұндай адамдар аздап аңқау келеді, айналасындағыларға сенім артуға үйренген. Бірақ бір жаманы адамдар оның бұл қасиетін жеке басының қамына пайдаланып кетеді.
2. Бұл эмоциялық тұрақтылығымен ерекшеленетін реалистердің таңдауы. Мұндай адамға қаламағанын істету, алған бетінен қайтару мүмкін емес. Бұл тұлға да үнемі көтеріңкі көңіл күймен жүреді. Одан жақсы отағасы (отанасы), сенімді іскер серіктес шығады.
3. Бұл ағаш болмысын болжап болмайтын, қызба адамдарға ұнайды. Оның көңіл күйі тұрақсыз, ойға келмейтін істерге бола өзгере салуы ғажап емес. Мұндай адамдар көп кедергіге тап болады және тез шешім шығара алмайды. Өз көзқарасына үнемі күмән келтіріп, таңдауын өзгерте береді.
 4. Мұндай ағашты кертартпа адамдар таңдайды. Олар өзгерісті ұнатпайды, бейтанысқа немқұрайлы қарайды. Мұндай адамның көңіл күйі жағдай ойдағыдай болуына тікелей байланысты. Егер бір нәрсе жоспар бойынша болмай қалса, бірден жабырқап, барлығына қолды бір-ақ сілтейді. Берілген сипаттамалар ойдан шығарылған жоқ, әртүрлі психологияны саралай отырып, жасалған тест нәтижесі. Демек өзіңізде барлығы жақсы әлде нені өзгерту керек екенін ойланып көріңіз.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<