Отандық жұлдыздардың ел білмейтін қандай қырлары бар?

629

0

Отандық жұлдыздардың ел білмейтін қандай қырлары бар?Микрофон ұстаудан басқа нәрсе де қазақ жұлдыздарының қолынан келеді! Мәселен, Мөлдір Әуелбекова оқушы кезінен ән жазса, Нұрболат Абдуллиннің 2 мыңға жуық асығы бар. Ал актер Нұрлан Әлімжан тағамды шебер әзірлеуді армандайды екен.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мысалға, мен шаш қиямын. Екінші әйел алу қолымнан келеді”, – деген Абай Бегей екінші сөзін қалжыңдап айтқанын жеткізді. Алайда ұзынқұлаққа сүйенсек, өнер иесі жақын күндері екінші рет отбасын құруға ниеттеніп жүр екен.

Ал Алтынай Жорабаева керісінше ер азаматқа тән дүниелермен айналысатын көрінеді.

“Кез келген нәрсе қолымнан келеді. Тігу, пішу, тоқу, тіпті сантехника, электрика. Үйде тоқ көзін жөндей салу мен үшін қиын емес”, – дейді ол.

Сәкен Майғазиев болса бала күнінен техниканы жөндеуге құмар болғанын айтады. Әнші болмасам, білікті электрик болар едім, дейді ол.

“Мен бала кезімде техникаға өте құмар болатынмын. Магнитафонды шашып тастап, жинап, реттеп, жөндейтінмін. Өз басым ойлаймын, менен мықты эректрик шығар ма еді?! Бір ТЭЦ-ті басқарып отырар ма едім?!” – дейді Майғазиев.

Ал Маржан Арапбаева сахнаға шыққан сайын бет әрлеуші мен шаш сәндеуші мамандардың көмегіне жүгінбейді. Себебі бұл “өнерді” әншінің өзі меңгеріп алған.

“Көбінесе шаш үлгісін, бетіме макияжды өзім жасаймын. Тоқимын, тігемін деп айтпай-ақ қояйын, бірақ тамақ әзірлегенді жақсы көремін”, – дейді ол.

Жас әнші Индира Елемес болса дүкеннен алған киімдерін өзінше өңдеп алады екен.

“Шаш өргенді жақсы көремін. Киімдерімді басқаша етіп өзгертіп алғанды жақсы көремін. Әртүрлі тастар сатып алып, сурет салып аламын. Тіпті, ондай киімдерім бар. Пирог жасағанды жақсы көремін”, – дейді ол.
Нұрболат Абдуллин асық жинағанды ұнатады. Жасы 30-ға жақындаса да, әнші ара-тұра ұлттық ойынға уақыт бөліп, тіпті ойын ойнауға уақыт табады екен.

“Асық жинаймын, хоббиім сол. Тыңдармандарым біледі. 2 мыңға жуық асығып бар. Ай сайын соларды ашып, сүртіп, иіскеп тұрғанды жақсы көремін. Арасында ойнап та аламын. Бірақ енді қазір ойнайтын менің жасымдағы балалар да жоқ”, – деп түсіндірді Нұрболат.

Актер Нұрлан Әлімжан тағамды шебер әзірлеуді армандап жүр. Оның пайымынша, ер адамдар жаратылысынан әйел адамдарға қарағанда асты дәмді әзірлейді екен.

“Табиғаттың аясында тамақ әзірлегім келеді. Өйткені ер адам тамақты күшті жасайды деп естідім. Көріп те жүрміз. Үлкен жиын-тойда палауды да, кәуәпты да пісіретін ер адамдар. Дәмді шығады”, – дейді ол.

Ал Мөлдір Әуелбекованың елге айтпаған тағы бір таланты бар. Өнер иесі оқушы кезінен ән жазады екен. Алайда бойында қазақы ұяңдығы басым Мөлдір бұл жайында жан баласына айтудан жасқанады екен.

“Мектеп кезінен композиторлық қабілетім бар. Бірақ мен ешқашан да мен ән шығарамын деп айтқан да емеспін. Шығарған да, орындаған да емеспін. Бойымдағы кішкене комплекс деп айтсам да болады. Мен ұяламын”, – дейді Әуелбекова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<