Польша мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

445

0

Польша мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады.

Білім гранттары Польша Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасысындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша – 3 орын, магистратура -4 орын және докторантура – 4 орын бөлінеді. Үміткерлер білім алардан бұрын поляк тілін бір жыл оқуы тиіс.

Келісім бойынша студент тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 – 150 еуро), докторантура бағдарламасының студенттеріне шәкіртақы (шамамен 300 еуро) тағайындалады. Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі.

Айта кетейік, үміткер Астанадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне келіп талап етілетін құжаттар тізімі ұсынуы тиіс. Алайда соңғы шешімді поляк тарапы қабылдайды.

Дереккөз: baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<