Қазалылықтар «Көрісу» күнін атап өтті (фото)

2074

0

Кеше Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шара өтті.

Қазалылықтар "Көрісу" күнін атап өтті (фото)

Шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен, сондай-ақ Көрісу күнімен құттықтады.

Қазалылықтар "Көрісу" күнін атап өтті (фото)

– Тарихи деректерге сүйенсек, бүгін – ежелгі қазақ даласында Наурыздың басталған күні. Бұл күн қазақ халқында ізеттілік пен мейірімділікті, ауызбіршілік пен татулықты дәріптейді. Жақсылықтың нышаны болған бұл мейрам – халқымыздың рухани әлемінің бір көрінісі. Бұл күні адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне береке-бірлік тілейді. Әсіресе, аға буын өкілдері мейрамның тәрбиелік мәніне ерекше назар аударған. Біздің көпұлтты еліміз үшін достықты, ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада барша қазалылықтарды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рухымыз биік, іргеміз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Мұхтар Әуесұлы.

Қазалылықтар "Көрісу" күнін атап өтті (фото)

Мерекелік шара барысында өнер ұжымдарының қатысуымен Көрісу күнінің мән-мағынасын түсіндіретін қойылымдар көрсетіліп, Наурызға арналған әсем әуендер шырқалды.

Қазалылықтар "Көрісу" күнін атап өтті (фото)

Сондай-ақ, Ақтан батыр ауылындағы «Орталық саябақта» спорттық ойындар ойнатылып, көшеттер отырғызылды.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<