Сарықұл қожа мен ұрпақтары

2524

0

Қазалы өңірінің жұртшылығы әулие әрі емші Сарықұл қожа есіміне жақсы қанық. Оқырмандарымызға ғұлама атамыз жайлы қолдағы деректі ұсынсақ:

«Aққозыұлы Сaрықұл – XVIII ғaсырдың aяқ кезінде өмірге келіп, XIX ғaсырдa Қонaқкөлмен шектес жaтқaн Жaрықкөлді мекен еткен. Туғaн жері – Қазалы ауданы, Aрықбaлық aуылдық округі. Тaрихи шежіреге құлaқ түрсек, ол – зікір сaлып, aдaмдaрды емдеген және ғаріптерге қaрaсып, сыйынсa қорғaны болғaн, қинaлғaндa қолдaйтын ұлы тұлғaғa aйнaлғaн aтaқты дa аруaқты кісі.

Сонaу 1932 жылы қызылдaрдың ГПУ-нен қaшып келе жaтқaн бір кісі: «Уa, Сaрықұл, қорғaп және қолдaй гөр! Өзің көмек бермесең, мен өлдім», – деген екен. Сол сәтте дaрияның жaғaсындa ескекті қaйық пaйдa болып, aрғы бетіне өтіп aлғaн.

Сaрықұл қожaның бейітінен 100 метрдей жерде биік төбе бaр. Бұл – Сaрықұл aтaның бaлa оқытқaн мешітінің орны. Ол мешітте де ерекше қaсиет бaр. Иесі өмірден өткеннен кейін мешіт дүкен, кеңсе болғaн. Сол кездегі aдaмдaрдың aйтуы бойыншa, мешіттің есігі өзінен-өзі aшылып-жaбылып тұрaды екен. Оның немересі Пaнaұлы Әбілдa қожa XIX-ХХ ғaсырлaрдa өмір сүрген aтaқты зікірші, қыз­дырып темір шaйнaғaн, періні мaтaп бaйлaғaн, жын-шaйтaнды зікірмен қойшa aйдaғaн. Aл оның ұлы Ізтұрғaн дa aуырғaн тісті жaзaтын болған. Бүгінде Жaнқожa бaтыр aуылындa «Сaрықұл қожa» мешіті бой көтерген.

Сарықұл қожа бабамыз өмірге келген Жанқожа батыр ауылында туып-өстік. Бабалар рухына деген құрмет, асылдың сынығы, тектінің тұяғын бағалау – қанға сіңген дағды. Осы ұстаныммен біздің ауылдың тұрғындары да Сарықұл баба ұрпақтарына ерекше ілтипат танытады. Атамыздың ұрпағы, атақты Әбілда қожаның немересі, Ізтұрғанның ұлы Балтабекпен кезінде қызметтес болдым. Менен бір жас кіші Бәкеңмен әлі күнге дейін ағалы-інілі сыйлас­тығымыз үзілген емес. Бірнеше жыл бұрын аяқ астынан қатты сыр­қаттанып, жансақтау бөліміне түстім. Жағдайымның ауыр екенін ақжелеңділер айтпаса да, іштей сездім. Ақылы емдеу палатасында жатырмын. Түнімен қиналып шығамын. Кенет… Басыма бір ой сап ете түссін. Неге олай жасағаныма әлі күнге дейін қайран қаламын. Жанымда күндіз-түні күзетіп отырған жұбайыма Байқоңыр қаласында тұратын Балтабекке телефон соғып, жағдайды түсіндіріп, атаның тұтынған бір бұйымын сұрауды тапсырдым. Өзімнің сөйлесуге шамам жетпейтін еді. Аңқылдаған, ақпейіл Балтабегім жүз шақырым жерден сол күні жетіп келді. Жанында келіншегі Ақмарал бар. Азық-түлік базарын түгелімен көшіріп әкелген бе, сәлем-сауқатқа палатаның ішін толтырып тастады. Ең бастысы, Әбілда атаның өзі киген, тері сіңген ескі шапанын әкеліпті. Мұндай қуанбаспын… Сенесіз бе, сол күні ауруханаға жатқаннан бері алғаш рет аздап ас іштім. Қасиетті бабаның киелі шапанын бас жағыма салып, нау­қастанғаннан  бері рахаттана ұйықтадым. Біршама күннен кейін ауруханадан аман-есен шықтым. Кейін алғысымды айтып, шапанды досыма табыстадым.

Үлкендерден Бекарыстан би ауылына қарай өтетін көлік жолын салған жолшылардың Сарықұл қожаның бейіті жанына келгенде су жаңа техникалары жиі істен шығып, жұмыстарынан береке қашқанын, әбден қиналған құрылысшылардың мал шалып, бабаның аруағына арнап құран оқытқан соң ғана істері оңға басқанын естіген едім. «Аруақ сыйлаған азбайды». Осы орайда, халық емшісі Ақтолқын апа Тұрғанбаева, ұрпақтары болып  Сарықұл қожа атамыздың рухына  бағыштап ауқымды әрі тұрақты түрде ас жасап жүргенін атап кетсек.

Өткен жылы ауылдан Ғалымжан Хайруллаұлы жетекшілік жасаған азаматтардың бастамасы, ел-жұрттың қостауы, халықтың демеушілігімен Сарықұл қожа атындағы әсем, еңселі де замана талабымен үндесетін жаңа мешіт пайдалануға берілді. Бұған дейінгі мешіт әу баста музыка мектебінің ғимараты болып салынған еді.

– Тәуелсіздігіміздің ал­ғашқы жылдарында ауылдағы музыка мектебіне деп салынған ғимаратты мешітке айнал­дыруға көп күш жұмсалды. Кеңшар директоры Берік Бисембаев шаруа­шылықтан қаржы бөлдірді. Ол кезде ауданда Қожаназар ишан мешіті, қалада Нұрәлі мешіті яғни, екі мешіт ғана жұмыс істейтін. Осылайша аудандағы елді мекендер арасында мешіт алғаш рет біздің ауылда ашылды. Оның құрылысын ауылдағы азаматтар жүргізді. Әсіресе, марқұм Оңдасын Ахметов көп еңбек сіңірді. Құрылыс жұмыс­тарының басы-қасында мен, сол кездегі құрылыс шебері Мереке Табынбаева болдық. Сол тұстағы аудан әкімі бастаған ел ағалары мешіттің ашылуына арнайы қатысты. Мереке бағалы сыйлықпен марапатталды, – дейді ұзақ жылдар бойы ауылдағы құрылыс саласына басшылық жасаған, еңбек ардагері Жаңабай Жақсылықов ағамыз.

Мұратбек Бәлкеев бауырымыздың «Сарықұл қожа» мешітінде имам болғанына тура 15 жыл толды. Қашан да биязы қалпынан танбайтын, аузынан Алла, жанынан Құраны қалмайтын Мұратбек ауыл арасында өте сыйлы. Қоғамдық шараларға, ауыл өміріне белсене араласатын имамға көпшілік дән риза.

Қазалы ауданы

Жұмабек Табынбаев,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<