Шығармашылықтың 10 қағидасы

1107

0

Шығармашылықтың 10 қағидасы Ақын, суретші, Newspaper Blackout Poems жинағының авторы Остин Клеон шығармашылыққа нәтиже беретін 11 түрлі қағида ұсыныпты. Оның бұл тізімін көбісі даттайды, бірақ біразы қолдайды. Әр қағиданы ой елегінен біз де өткізіп көрейік. Бәлкім, сіздің шығармашылығыңызға керегі осы шығар?
 1. Суретші сияқты ұрла  Әр адам бүгін болмаса ертең “идеяның бәрін қайдан аласың?” деген сұраққа жауап беруге мәжбүр. Адал суретші “ұрлап алдым” деп шынын айтады.  Клеонның бұл қағидасы шығармашылық адамының кәдесіне жарары сөзсіз. Мысалы көше суретшісі Бэнкси бұл қағиданы Пабло Пикассо сөзі арқылы абстрактілі түрде шебер жеткізген.
«Нашар суретші еліктейді, ұлы суретші ұрлайды» Pablo Picasso BANKSY

2. Ештеңе 100% бірегей болмайды
  Өркениет тарихында абсолют бірегей дүние жоқ. Кез келген жаңа жобада оған дейінгі дүниенің элементі болады, тіпті ерекше болғанның өзінде қазығы сақталады.
 3. 1 1=3 
Сурет мектептерінде әрдайым мынадай тәсіл көрсетеді: “Ақ қағазға екі сызық сызыңыздар. Қанша сызық пайда болды? Дұрыс, екеу. Бірақ екеуінің арасында тағы бір сызық бар, көріп тұрсыздар ма?”
 4. Сіз – жаңа нұсқасыз  
Сіз ата-анаңыздың генін өзіңізде сақтайсыз, бірақ сіз олар емессіз. Сіз ата-анаңыздың, ата-бабаңыздың жаңа нұсқасысыз.

 5. “Біз ұнатқан дүние, бізді қалыптастырады” 
 Біз ата-ананы таңдай алмаймыз, бірақ досты, ұстазды, музыка мен кітапты таңдай аламыз. Асылында сіз өз өміріңізге енгізген заттардан, құндылықтардан құралып, қалыптасасыз. Гете айтқандай: “Біз ұнатқан дүние, бізді қалыптастырады”.

 6. Шығармашылық деген – коллекциялау
Суретші табиғатнан коллекционер болады. Ол – кезіккен дүниені жинай беретін талғамсыз бейбақ емес, ол өзінің жаны қалаған заттарды ғана іздейді, соны шын ықыласымен жинайды. Экономикада тамаша теория бар. Адам өзінің ең жақын бес досының табысын қосып, арифметикалық ортасын шығарса, өз табысына жақын көрсеткішті алады екен.  
7. Кіргенде қоқыс – шыққанда қоқыс
  Сіздің мақсатыңыз – ең ұтымды идеяларды жинау, жүзеге асыру. Ол үшін тек оқу керек және тағы да оқу керек. Өзіңізге шын ұнайтын жазушыларды оқыңыз, олар оқыған кітаптарды да тауып алыңыз. Бастысы – сізге идея әкелетін дүниелерге көп уақыт бөлу.
 8. Әрекетке көшу үшін күтудің түк қажеті жоқ  Оқып, ойланып көріңіз. “Егер сіз кім екеніңзді, не үшін өмір сүріп жүргеніңізді білмесеңіз, шығармашылықпен айналысу мүмкін емес”.
 9.  Өз сахнаңыздың үздік әртісі болыңыз 
Өмір – сахна. Сіздің шығармашылығыңыз үшін де сахна керек. Ол – сіздің жұмыс орныңыз. Сіздің сахнаңыз студия немесе жазу үстелі болуы мүмкін. Костюм – сіздің жұмыс киіміңіз. Ал сценарий – уақыт. Сондықтан, өз сахнаңыздың үздік әртісі болыңыз.  
10. Білгеніңізді емес, ұнатқаныңызды жазыңыз
  Енді қалам тербеп жүрген жазушы не жазамын деген сұрақты өзіне арагідік қоятыны сөзсіз. Оған айналасы өзің білетін нәрсені жаз дейтіні анық. Бірақ білгенді жазғаннан туынды дәмі болмай қалуы мүмкін. Шығармашылықтың ең басты қағидасы – өзің жетпеген, бірақ жетуге талпынатын нәрсеге ұмтылу.

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/53096/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<