Стюардесса болғыңыз келсе

3669

0

Стюардесса болғыңыз келсе Көк аспанда қалықтаған ұшақта әлемді шарлайтын сұлу да сымбатты стюардесса атану талай нәзікжандардың арманы. Десек те, арман қиялыңызға қанат бітірмес бұрын бұл саланың сізге қояр талаптарын ескергеніңіз абзал.

Денсаулыққа қойылатын талаптар:

Бортсерікке қойылар ең маңызды талап – мықты денсаулық. Бортқа созылмалы аурулары бар және көзінің көруі -2,5-ға тең жандар қабылданбайды. Сондай-ақ спортқа бейім, суда жүзуге қабілетті болуыңыз керек.

Білім деңгейіңізге қойылатын талаптар:

Әуе серігі болу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ және сіздің негізгі мамандығыңыз ескерілмейді. Есесіне қазақ, орыс, ағылшын т.б. шет  тілдерінде еркін сөйлеуге тиіссіз.

Келбетіңізге қойылатын талаптар:

Болашақ стюардессаның келбеті сүйкімді, бойы 160-тан кем емес, дене сымбаты 48 өлшемге дейін және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Дегенмен сұлу болумен қатар сіз апатты жағдайда эвакуация жасайтын құтқарушы, тілсіз жауды ауыздықтайтын өрт сөндіруші, адамдармен тіл табыса алатын психолог, тіпті денсаулығы нашарлаған немесе жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігер боласыз.

Егер осы талаптарға сай келетін болсаңыз өзіңіз қалаған әуе компанияның сайтында көрсетілген анкетасын толтыруға асығыңыз. Мүмкін бортсерік болу мүмкіндігі сізге де бұйырып тұрған болар!

Жанита КАЛИЛАЕВА, 

ҚМУ-дың 1-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<