Суреттен қандай эмоция көріп тұрсыз? (психологиялық тест)

3376

0

 Суреттен қандай эмоция көріп тұрсыз? (психологиялық тест) Бүгінде көп сұранысқа ие ақпараттардың бірі – психологиялық тесттер. Соның ішінде ешқандай күш пен уақыт жұмсамай-ақ, суретке қарап өз жай-күйі туралы ақпарат алатын материалдар тез қабылданады. Бүгінгі кезек эмоцияға арналады. Суреттен қандай эмоция байқап тұрсыз? 

Егер қорқыныш байқасаңыз, өз үлесіңізді барлық жерде адалдықпен алып шығасыз, ешкімге есе жібермейсіз. Алдан кездесер қиындықтардан да қорықпайсыз. 
Ашу. Егер суреттен ашу белгісін байқасаңыз, демек өз ішіңізде де өзіңізге білінбейтін болса да әлдеқандай ашу бар. Сырттай сабырлы, салқын қанды болсаңыз да, айналаға қайта бір қарап, ашуыңызға тиетін нәрселерді сараптап көріңіз. Негізінен бұл соншалықты жаман эмоция емес. Дегенмен ашуыңызға тиген жан көп зардабын тартуы мүмкін.
 Бақыт. Барлық нәрседен позитив көре аласыз. Айналаңыздағы адамдарды да бақытқа бөлеу сіздің қолыңыздан келеді.
Ешқандай эмоция көре алмасаңыз, қазір сізді эмоциялар дағдарысы болып жатыр. Психиатр мамандар көбірек фильм көріп, кітап оқуға кеңес береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<