Сыйыңа рахмет, Сиыр жылы!

2152

0

Фото: ашық дереккөз

1. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарыққа шықты.

2. 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін үй алу, емделу немесе жеке қаржы компанияларына басқаруға беру мақсаттарында пайдалану құқығы берілді. Аймақта 12540 адам зейнетақы төлемдерін пайдаланды.

3. ҚР Мәжіліс және жергілікті мәслихат сайлауы өтіп, облыстық мәслихаттың VII шақырылым депутаттары іске кірісті.

4. 1 ақпанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналау жұмыстары басталды. Облыста вакцинаның I компонентін 416322, II компонентін 384617 адам алды.

5. Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы кенттеріне газ қосылды. Облыс тұрғындарының 65 проценті «көгілдір отын» пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

6. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы әзірленді.

7. Ыбырай Алтынсариннің 180, Жамбыл Жабаевтың 175, Әлихан Бөкейханұлының 155, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойлары  аталып өтті.

8. Алғаш рет елімізде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Біздің облыста 40 ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сайланды.

9. COVID-19 – дан қайтыс болған дәрігерлерге ескерткіш ашылды.

10. Қызылордада «Тұғыры биік Тәуелсіздік» республикалық ақындар айтысы болды.

11. Токио олимпиадасы: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады. Олимпиадада ол қола медаль иегері атанды.

12. 10 жылда бір өтетін Халық санағы болды.

13. Тамыз айының басында Қазақстанда халық саны 19 миллионға жетті.

14. Қызылордада жерленген Корей генералы Хон Бом Доның сүйегі отанына қайтарылды.

15. 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы жарияланды.

16. Қызылордада «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязовтың 150 жылдығына орай республикалық жыршы-жыраулар  байқауы өтті.

17. «Қызылорда-Жезқазған» жолын салу туралы шешім қабылданып, оның құрылысы Қызылордадан басталатын болды.

18. Сыр диқандары күріштен 500 мың тонна өнім жинады.

19. Бір жыл ішінде 609 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.

20. «Сыр журналистикасының тарихы»  5 томдығы және «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты 3 томдық жинақтың 1-ші  томы «Жанқожа батыр» деген атпен жарыққа шықты.

21. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінде Cыр еліндегі ауқымды жобалардың бірі – Шыны зауыты іске қосылды.  Кәсіпорын жылына 197,1 мың, тәулігіне 600 тонна өнім шығарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<