Табысты кәсіпкер болудың 50 құпиясы

745

0

Табысты кәсіпкер болудың 50 құпиясы Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен, өз мүмкіндігіне сене білген, алға ұмтылған, әрдайым ізденісте жүретін әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 50 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек.

1. Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашып, ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап оқыңыз. Бұл маңызды емес. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

2. Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім – бұл баға жетпес байлық.

3. Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз.

4. Бәсекелестерді қадағалыап отырыңыз. Егер олар жаңа өнім шығарса, бұл өнім туралы сіз бірінші хабардар болуыңыз керек.

5. Өзгерісте болыңыз. Үнемі өзгерісте болып, жаңашылдыққа ұмтылудан жалықпаңыз.

6. Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

7. Жаныңызға жақын іспен айгалысыңыз. Тек қана қауырт жұмыспен шектелмей жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Бұл рухани тән саулығыңыздың кепілі.

8. Әрдайым шабыт алыңыз. Барған, көрген саяхаттаған тіпті қарапайым сауда орталықтарында қарапайым заттардан мотивация алуға тырысыңыз.

9. Сарапшы ретінде кеңес бере отырыңыз. Сарапшы ретінде, кеңесші ретінде сізден кейінгілерге білгеніңізбен бөлісу, сіздің біліміңіздің арттырып,кәсіп саласында жоғары статаус қалыптастыруыңызға себеп болады.

10. Қоғамға пайдаңыз тисін. Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз.

11. Командаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болсын. Командаңыздағы ара-қатынас мейлінше ашық болсын. Сұрақтар мен пікірлерге, талқылауларда ойларын ашық жеткізу үшін қамқорлық танытыңыз.

12. Тәуекелшіл болудан қорықпаңыз. Бұл сіздің табысты қадамдарыңызддың бастамасы болуы мүмкін.

13. Барлық істе шешімнің болатыны белгілі. Барлық іске сыни тұрғыдан қарай отырып, оны жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеңіз.

14. Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл ақыл-ойды тазартуға, стрессті азайтуға және фокустауға көмектеседі.

15. Нәтижелі, өнімді жұмыстың кепілі ұйқы. Сегіз сағаттық ұйқы сізді физикалық және эмоционалды жағынан сергек сезінуге мүмкіндік береді.

16. Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың басты шарты. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн.

17. Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Бұл сіздің сергек әрі сенімді жүруіңізге көмектеседі. Спорт – денсаулық кепілі.

18. Ақыл-ой үшін жаттығу жасаңыз. Миды жаттықтыруға арналған ойындар мен басқатырғыштар арқылы сыни ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыта аласыз.

19. Басыңызға түскен жағдайға сабырмен қараңыз. Кез келген мәселені тек бір жақты қараудан аулақ болыңыз. Күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін табу үшін бәрін біліңіз.

20. Өзіңіздің жеке басыңыздағы маңызды сәттерге де уақыт бөліңіз. Себебі осындай көңілге қуаныш сыйлайтын сәттер сізге өмірлік мотивация беруі мүмкін.

21. Кез келген жағдайға бейімделіңіз. Әрбір ситуацияға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі.

22. Біліміңізді тереңдетіңіз. Күн сайын жаңа әлеммен танысып, жаңа дүниені үйренуді мақсат қойыңыз.

23. Өзіңізге көңіл бөліңіз. Өз-өзіңізді жетілдіруге уақыт бөліңіз.

24. Уақытты маңызы жоқ шешімдер қабылдауға жұмсамаңыз. Шын мәнінде өте қажетті деп санаған нәрсеге көңіл бөліңіз.

25. Сала таңдаудан қателеспеңіз. Сала таңдау барысында, “сіз сол кәсіпте өзіңізді елестете аласыз ба? бұл кәсіп түрі қаншалықты жақын?” осы сұрақтардың шешімін қарастырыңыз.

26. Әрдайым бірінші болыңыз. Жақсы жұмыс үшін марапат,бұл сіздің мотивцияңызды арттыра бермек. Сол үшін қатарыңыздың алды болуға тырысыңыз.

27. Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бұл табысты кәсіпте орындалуы крек бірінші қағида.

28. Аузыңыздан шыққан әрбір сөзге сақ болыңыз. Сіз осы серіктесіңіз бен қарапайым әңгіме барыснда тиянақты сөйлей білсеңіз оның сенімінен шығып, маңызды жобаларды бірге атқару мүмкіндіктеріңіз артады.

29. Жаңа хобби іздеңіз. Естеріңізге сала кетейік, бұл ынта-жігер әр кәсіпкердің табысының кілті. Мүмкіндігінше көптеген салаларға қызығушылық танытуға тырысыңыз.

30. Клиентке барынша көңіл бөліңіз. Сіздің клиенттеріңіз – сіздің бизнесіңізді жасайтын адамдар. Жасап отырған жұмысыңыз, алдымен сіздің қызыметіңізді тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруы керек екенін басты назарда ұстаңыз.

31. Тек жақсылық ойлаңыз. Кез келген адамның бойынан жақысылық көріп үйреніңіз. Қажеттісін өзіңізге түртіп алыңыз.

32. Командаға жақын болыңыз. Командаңыздың өнімді жұмыс істеуі сіздің берген мотивацияңызбен, берген бағытыңызға байланысты. 

Сол себепті команда алдындағы жауапкершілік негізгі ескерілетін мәселе.

33. Сыртыңыздан айтылған пікірлерге мән бермеңіз. Сіздің тарапыңызға келген сынға байыппен қараңыз.

34. Жаңа әріптестік құру. Кәсіпқойлар арасында өзара пайдалы қарым-қатынастарды әрдайым жасауға болады.

35. Тәжірибесі мол тұлғалармен кездесіңіз. Сіздің салаңыздағы көргені көп, тәжірбиесі жоғары мамандармен жиі кездесуді әдетке айналдырыңыз.

36. Сіздің бейнеқосылғыларыңызға сеніңіз. Ақпарат маңызды, бірақ ол сізді дұрыс емес бағытта жүргізе алады. Сіздің бейнеқосылғыларды елемеңіз.

37. Төзімді болыңыз. Тәулік бойы шыдамдылықтың маңыздылығын есте сақтаңыз.

38. Жаңа сынақтарды қабылдау. Тәуекелдерді қабылдап, өміріңіздің барлық салаларында қиындықтарға тап болыңыз.

39. Барлығы сіздің әрекетіңізге байланысты. Өміріңіздегі сәтті немесе сәтсіз болып жатқан жұмыстардың тек бір себепкері өзіңіз екенін ұмытпаңыз.

40. Өзіңізге сенімді болыңыз. Егерде шын мәнісінде жетістікке жеткіңіз келсе, тренингтер мен конференцияларда беріліп жатқан ақпараттарды шын мәнісінде маған керек, мен осы жиыннан кейін жақсы жаққа өзгеремін деген ішкі сеніммен бару керек.

41. Жоспармен жүріңіз. Бұл жетсітікке жеткен ұлы тұлғалардыңтанымал кәсіпкелердің ең бірінші қағидасы!

42. Қысқа уақыттың ішінде бәрін біліп шығу мүмкін емес. Тек адамның сенімі, өміріндегі басты жеңістің бірінші қадамы!

43. Сыртқы келбетіңізге мән беріңіз. Себебі әдемі киім, тартымды келбет адамның өзіне деген сенімлігін арттырады.

44. Әрдайым жақсы ойда болыңыз. Бәрі құрдымға кетіп, еңсеңіз түскенде, бірнеше рет терең тыныстаңыз, ал кейін жақсы жақтарын іздеңіз. Есіңізде болсын, сіз бұдан бұрын бұл жұмыстарды дөңгелетіп жүргізгенсіз. Екінші рет қайталау сізге қиындық тудырмақ емес!

45. Өзіңізге құрметіңіз жоғары болсын. Істеген жұмыстарыңыз үшін өз-өзіңізге алғыс айтып отырыңыз.

46. Біліміңізді тереңдетіңіз. Күн сайын жаңа әлеммен танысып, жаңа дүниені үйренуге мақсат қойыңыз.

47. Көңілді жүріңіз. Көтеріңкі көңіл-күй мол энергия береді. Адамдарға күлімісіреп қарауды әдетке айналдырыңыз.

48. Барлығын тиімді пайдаланыңыз. Уақыт пен ақшаны бизнесіңіздің маңыздылығына байланысты жұмсаңыз.

49.Жағымды атмосфера қалыптастырыңыз. Кеңсеңіздегі, бөлмеңіздегі заттарға барынша көңіл бөліңіз.

50. Қиындықтардың арқасында шыңдалатыныңызды еске салыңыз.Өміріңізде оңынан орын алған – өз жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізді естен шығармаңыз. Қолыңызда жоқ дүниеге емес, бар дүниеге барынша назар аударыңыз.

Дереккөз: Businessinsider.com,  baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<