Тарихта осы күні

476

0

Тарихта  осы күні 1797 – Австрияның ұлы композиторы Франц Шуберт дүниеге келді. Музыкадағы романтизм мектебінің ең алғашқы ұлы өкілдерінің, шағын үлгідегі вокал музы­касының негізін салу­шылардың бірі 600-ден астам ән жазған. 1828 жылы қайтыс болған.

1865 – Америка Құрама Штаттарында құлдыққа тыйым салынды.

1881 – генерал М.Д.Скобелев Түрікменстанда «Ақалтеке операциясын» аяқтады. 1880-1981 жылдарда, аса қатыгездікпен жүргізілген бұл жорықтың Орта Азияны Ресейге қосудың тездетілуіне әсері күшті болды.

1921 – кино мен театрдың атақты актері Владислав Игнатьевич Стржельчик дүниеге келді. Шәкен Аймановтың «Атаманның ажалы» фильмінде генерал Дутов ролінде ойнаған.

1923 – совет кинокомедия­сының айтулы шебері Леонид Иович Гайдай дүниеге келді. «Кавказдағы тұтқын қыз», «Гауһар қол», «Иван Васильевич мамандығын ауыстырды…» деген сияқты фильмдері кеңінен танымал.

1924 – грузиннің тамаша кинорежиссері Тенгиз Евгеньевич Абуладзе дүниеге келді. Оның «Тәубеге келу» /1987/ атты фильмі – тоталитаризм табиғатын тамыршыдай таныған ұлы туынды.

1948 – қазақстың белгілі жазушысы Баққожа Мұқай дүниеге келді. Қаламгердің «Өмірзая» романы 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1955 – қазақтың ғажайып күйшісі Дина Нұрпейіс келіні қайтыс болды. Ұлы күйші Құманғазы Сағырбайұлының шәкірті. «Сезім мен жігерді қамшының өріміндей жымдастыра алатын санаулы ғана саңлақ күйшілердің бірі» /Ақселеу Сейдімбек/ 1861 жылы дү­ниеге келген.

1935 – жапон жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Кэндзабуро Оэ дүниеге келді. Шығармаларында уақыт қат­пар­лары қойындасып, араласып жататын ерекшелігі бар.

1971 – американдық «Аполлон-14» ғарыш кемесі Ай бетіне қонды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<