Шетелдік диетологтар таңғы асқа қуырылған жұмыртқаны шұжықпен немесе қақталған шошқа етімен (бекон) бірге жеуден бас тартуға шақырады. Бұл туралы «МедикФорум» жазады.
Ұзақ уақыт бойы адам организміне энергия сыйлайтын таңғы ас ретінде қарастырылып келген астың бұл түрі рак ауруын тудырады, дейді Стокгольмдегі Каролина институтының мамандары.
Олардың айтуынша, күнделікті таңғы асқа қуырылған етті тұтыну ұйқы безі рагын тудыру мүмкіндігін арттырады.
«Күнделікті 50 гр қуырылған қызыл етті тұтыну ұйқы безі рагын дамыту тәуекелін 19%-ға, ал 100 гр ет осындай тәукелді 40%-ға арттырады», – деп ескертеді шведциялық ғалымдар.
Сонымен қатар, Гарвард университеті жанындағы медициналық орталықтың мамандары күнделікті қуырылған бекон мен инсульт арасындағы байланысты сараптап көрді. Еттің бұл түрін күнделікті қуырылған күйінде 360 граммын тұтыну ер азаматтарда инсультке шалдығу тәуекелін 28%-ға, әйелдерде 19%-ға арттырады.
Осы ретте, медицина мамандары таңғы асқа қайнатылған жұмыртқа мен тауықтың төс етін жеуге кеңес береді. Сонымен қатар таңғы асқа шұжық немесе бекон болса, оларды қуырылмағаны жөн, дейді.
Сонымен қатар, басылым әйелдердің денсаулығына жұмыртқаны тұтыну пайдасын тигізеді, деп жазады.
«Егер әйел адам аптасына 6 жұмыртқа жейтін болса, онда оның сүт безі рагына шалдығу тәуекелі 44%-ға төмендейді», – делінген мақалада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<