Tesla компаниясы Model 3 өндірісін рекордтық көрсеткішке жеткізді

381

0

Tesla компаниясы Model 3 өндірісін рекордтық көрсеткішке жеткізді 1 аптада 5000 Model 3 электромобилін шығаруды жоспарлаған Tesla компаниясы өз жұмысын толықтай орындай алды.
 Компания басшысы Илон Маск твиттердегі жеке парақшасында, жоспарлы 5000 данадан асырып 7000 электромобильдің жасалғанын хабарлады.  «Біз келесі айда аптасына 6000 Tesla 3 көлігін шығаруды жоспарлап отырмыз. Меніңше, біз қазірдің өзінде нағыз автомобиль жасаушы маманға айналдық», – деді Илон Маск.
Tesla компаниясы Model 3 электромобиліне баса назар аударып жатыр. Электромобиль бола тұра оның бағасының қолжетімді болуына күш салып жатқан Илон Маск командасы өнімнің тұтынушылар көңілінен шығатынына сенімді.  Биылғы жылдың сәуір айында компания атаулы электромобильдің аптасына 2000, 2500 данасын құрапты.
 Ал осы айда бұл көрсеткіш рекордық деңгейге жеткен.  Осылайша әлем назарын аузына қаратқан Илон Маск өз жоспарын түпкілікті орындауға асық. Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған дүниелерді жүзеге асырамын деп жаһанға жар салып, жаңалығымен таңғалдырған америкалық миллиардер бүгінде әлем назарында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<