Тілім барда…

1036

0

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті де құдіретті. Бүгінде елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қолдау жасау күн тәртібінде.


Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы да жарқын. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір патриоттың жүрегі тілім, дінім деп соғуы тиіс.


«Тіл бар жерде ұлт бар» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Қазақ халқының ұлт ретінде жойылып кетпеуінің, тарих сахнасынан ойып тұрып орын алуының басты себебі де қазақ тілінің байлығы, мол мұрасының болуы.

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетіп, жарқырату өз қолымызда. Ең алдымен, тілімізді түзетейік, оның шұбарлануына жол бермейік! Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды, болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін!

Ғ.Сариева,
Облыстық әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<