Тиын, түйреуіш, ойыншық…

2123

1

Суреттегі тиындарды нумиз­матик­тің жинағаны деп ойлап отырған боларсыз. Әсте олай емес. Бұл – балалардың байқаусызда жұтып қойғаны. Ерекше коллекция облыстық балалар ауруханасында сақтаулы тұр.

Тиын, түйреуіш, ойыншық...

Аурухананың эндоскопист-хирургі Мағжан Абытовтың айтуынша, онда тиыннан да басқа ірілі-ұсақты небір бұйым бар. Кішкентай пациенттер бәрін үйдегі үлкендер көзін ала бере қылғытқан.

Тиын, түйреуіш, ойыншық...

– Бізге көбіне монета, ойыншық, түйреуіш, батарейка, тағысын тағы жұтып қойып түсіп жатады. Бірде ішіне ашық тұрған түйреуіш кетіп қалған үш айлық сәби жеткізілді. Қиындығы сол, ол өңешке қадалып, кері қарай орналасыпты. Абырой болғанда, облыстық медицина орталығындағы әріптесіміз Айбек Ақбаев екеуміз бала жанына араша түстік. Пациенттеріміздің арасында төрт тиынды қатар жұтып қойған да жағдайлар кездесті. Әйтеуір, оларға көмектесе алмаған кезіміз жоқ, – дейді дәрігер.

Кейіпкеріміз бұл салада екі жылдан бері еңбек етіп келеді. Талай уақытын операция үстелінің басында аяғынан тік тұрып өткізуге мәжбүр. Күніне кемінде бір, әрісі бес-алты сағатын сарп етеді. Дәрігер асқазан-ішек жолдарына түрлі зат кетіп қалғандар саны былтырғыдан көп екенін жеткізді. Сондықтан үлкендерден әлі оң-солын білмейтін ойын баласын бір минут та бақылаусыз қалдырмауды ескертті.

Тиын, түйреуіш, ойыншық...

– Кейде дәнге, шемішкенің қабы­ғына, балықтың сүйегіне шашалып қалуы мүмкін. Ондайда алдымен тексеру жүргіземіз. Расымен, бір нәрсе жұтып қойса, денені жансыздандыру арқылы бронхоскопия жасаймыз. Бронхоскоптың көмегімен бөгде бұйымды қысқышпен аламыз, – дейді дәрігер.

Тиын, түйреуіш, ойыншық...

Эндоскопиялық тексерудің ар­тық­шылығы – денені кесіп-тілмей-ақ тексеру, емдеу мүмкіндігінде.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<