Түнде кеш ұйықтайтын адамдар ұзақ өмір сүрмейді

467

0

Түнде кеш ұйықтайтын адамдар ұзақ өмір сүрмейді Британ университетінің бірнеше ғалымы тәулік бойғы белсенділіктің өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін зерттеген. 6,5 жыл ішінде 38-73 жас аралығындағы жарты миллион адамнан ақпарат жиналған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі innov.ru сайтына сілтеме жасап.
Түнде кеш ұйықтайтындар ерте ұйықтайтындарға қарағанда 10 пайыз жиі қайтыс болған. Сондай-ақ, олардың денсаулықтарында көбірек кінәрат болған. Денсаулығында осыған ұқсас кінәраты бар, бірақ ерте ұйықтайтын адамдардың өмір жасы ұзағырақ болатыны анықталған.
Бір нәрсені ескеру керек, адамның жаратылысы ертерек ұйықтауға бейім. Қазіргі технологиялық даму адамның өмір сүру ырғағына кері әсер етуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<