АҚШ президенті Дональд Трамптың заң талабына қарамастан қағаздарды майдалап жырту, тіпті ресми құжаттарды да бөлшектеп тастайтын жаман әдеті бар, деп жазады Politico кеңсенің экс-қызметкеріне сілтеме жасап.
Бұрыңғы жұмысшының айтуынша, Трамп әдетінше өзі қайтадан жұмыс істемейтін құжаттарды жыртып тастайды екен. Ал, Ақ үй қызметкерлеріне сол қағаздарды қайтадан скотчпен жабыстыруға тура келеді.
«Бізге майдалап жыртылған қағаздарды алып келетін, ал біз болса оларды бір біріне скотпен жабыстыруға мәжбүр болатынбыз. Көбіне бұл қағаздар тым майдаланып, кейде екіге бөлініп келеді. Бұл пазл құрастыруға ұқсайды» – деді әкімшілік қызметкерлерінің бірі.
Атап өтсек, АҚШ заңнамасына сәйкес кез келген құжаттар, есептер, хаттар мен өзгеде қағаздар сақталып, АҚШ-тың Ұлттық мұрағатына жөнелтілуі тиіс.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<