Уақыттың жылдам өтуінің сыры неде?

502

0

Уақыттың жылдам өтуінің сыры неде?«Таң атады, күн батады, ештеңе жасап үлгермедім» деген сөздер таныс па? Расында, уақыт көзді ашып-жұмғандай тез өтіп жатыр. Психолог мамандардың айтуынша, бұл құбылысты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қабылдайды деп жазады Massaget.kz порталы.
Адамның жасы ұлғайған сайын уақыт зымырап бара жатқандай көрінеді. Жалпы, адам жайбарақат күйде болғанда уақыт жылдам өтсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады.
Мамандардың зерттеуінше, уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтеді. Ал мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қоятынын өзіңізде байқаған боларсыз…
Соңғы он жылдықта ғалымдар осы құбылысты егжей-тегжейлі зерттеп, біраз ақиқаттың басын ашты деп жазады islam.kz сайты.
Батыс білгірлері Жер шарында бүлкіл, яғни тамыр соғуы секілді тыныс бар екенін анықтады. Бұл жүректің бүлкіліне ұқсайтын, соғуы тұрақты, секундына 7.8 ырғаққа сәйкес келеді.
Алайда шамамен 1980 жылдан бастап Жердің бүлкілі жылдамдай бастапты. Қазіргі уақытта ол шамамен секундына 12 ырғаққа тең. Ең қорқыныштысы – кейбір оқымыстылардың есептеуінше, осы ырғақ секундына 13-ке жеткенде, Жер шары нақты түрде өз білігінен айналуын тоқтатады.
Жер үш күн бойы айналмай тоқтап тұрады да, кері бағытқа айнала бастайды. Бұл магниттік полюстердің өзгерісіне алып келеді, ары қарай не болатыны белгісіз дейді басылым.
Жалпы, ғалымдар түрлі тұжырым жасағанымен, осы күнге дейін уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде.
Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.
Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған.
Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<