Өзіңді жетілдіру– өмірлік қажеттілік

543

0

Өзіңді жетілдіру– өмірлік қажеттілік «Дүйсенбіден бастап жаңа өмір бастаймын». Осы айтылған дүние сол күйі қалатын кез көп. Себебі, басым көпшілігіміз ойға алған істі ертеңге, келесі аптаға, алдағы айға, тіпті келер жылға қалдырудан жалықпаймыз.

Ал, кезекті кейіпкеріміз Ирина Ан жалқаулыққа жол бермей, күресуге шақырады. Оны жеңуде арнайы жапон қа­ғидасын ұстанатынын да айтады. «Кайдзен» қа­ғи­дасы Иринаға әртүрлі сыл­тау тауып, орындағысы кел­меген ісін жүзеге асыруға көмектескен екен. Тіпті, ша­быт сыйлап, аэройога секілді жаңа хоббимен айналысуына сеп болған.

– «Кайдзенді» «1 минут қағи­дасы»  деп те атайды. Бұл қағиданы ұстау арқылы сіз өзіңізге деген сенімсіздікті жо­­йып, алға ұмтыласыз. Со­сын бара-бара 1 минуттік жат­­тығуыңыз 5 минутқа ұла­­са­­ды. Сөйте жүріп, жар­ты сағатқа да жетесіз. Бұл қағида Жапонияда пайда болған. «Кай» – өзгеріс, «дзен» білімділік деген ма­ғы­наны білдіреді. Қағида ав­торы Масааки Имаи оның жеке өмірде де, кәсіпте де көмектесетінін айтады. Бұл рас. Өйткені, мен де жаңа дүниелерге көп назар аудара бастадым. Ойда-жоқта аэро­­йогаға қызығушылық та­нытып, өзімді жетілдіруге күш салдым. Алматы, Санкт-Петербург, Мәскеу қала­ларында өткен арнайы шеберлік сабақтарына қатыс­тым. Тың тәжірибе жинақтап, өңірде алғашқылардың бірі болып, аэройога үйірмесін аштым, – дейді Ирина.

Кейіпкеріміз үйірме ашылған уақытта оған қы­зығу­шылардың саны аз болғанын айтады. Тек уақыт өте ғана сұраныс көбейген. Себебі, аэройоганың ден­саулыққа әсері мол. Буын ауруына, омыртқаға тұз жиналу, артрит және артроз сырқаттарына шал­дық­қан­дарға пайдалы. Аптасына үш мәрте жүргізілетін жат­тығуларда ойыңызды жи­нақтап, ағзаны қалыпқа келтіруге мүмкіндік аласыз. Бағасы да қолжетімді.

«Өзіңді үнемі жетілдіріп отыру – өмірлік қажеттілік»  деп білетін Ирина тобында әртүрлі жас өкілдері  жат­тығатынына тоқталды. Бұл ретте аэройоганың жүйесін түсіне бермейтіндер барын да жеткізді. Айтуынша, бүгінде көп адамдар үй жағ­дайында ғаламтор арқылы аэройогамен айналысып, жарақат алып жатады. Ал, мұндай оқыс оқиғаға жол бермес үшін бастапқыда йога жаттықтырушысымен жұмыс жасаған жөн.

Мөлдір Қалымбет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<