Жақсы кітап – жан азығы

2167

0

Жақсы кітап - жан азығы Кітап  қай заманда да адамның білімін толықтырып, өмірді тануға көмектесіп, жетістікке, биік белестерді бағындыруға жетелейтін құрал. Белгілі, кітап оқып отырып түрлі әсер, пайдалы кеңестер алуға болады. Бүгінде жастар арасында қиындыққа мойымай, арманыңа жетуіңе септігін тигізетін мотивациялық кітаптар көп оқылады. Оқырманға мотивация беретін кітаптар жазу елімізде де белең алды. 

Бұған дәлел жазушы, публицист Естай Мырзахметов атамыздың «Медет» кітабы. Пенде басына қандай қиыншылық тумасын, оның қандай да бір шешімі болатыны жайында жазылған ауқымды роман. Туындыда өмірдегі барлық күрделі кезеңдерді табандылық, махаббат, сенім, қолдау арқылы жеңіп шығуға болатыны туралы керемет жазылыпты. Басты кейіпкерлер Медет есімді жігіт пен ол ұнатқан Айнұр атты бойжеткеннің арасындағы махаббат пен қиын тағдыр суреттеледі. Арбаға танылған Медет Айнұрдың шынайы сезімінің, қамқорлығының арқасында аяғына тұрады.

Шаһизада ИСА,

ҚМУ-дың студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<