Жайдары жан сирек ауырады

511

0

Жайдары жан сирек ауырадыАдам кейде ауруды өз мінезінен де табатын көрінеді, – деп жазады «Массагет.кз».
Адам денсаулығын зерттеп жүрген ғалымдар мынадай болжам айтады: 1. Шектен тыс қуану жүрек талмасына (инфаркт) əкеп соғады. 2. Үнемі қайғырып, уһілеп жүру өкпені зақымдайды. 3. Ызақорлық, ашушаңдық бауырды ауыртады. 4. Қызғаншақтық, біреуді көре алмаушылық бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді. 5. Жылауықтық жүрек қабының ауруына шалдықтырады. 6. Шошыну, үнемі үрейлену өт жолын қабындырады. 7. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болу көк бауыр ауруын туғызуы мүмкін. Аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман əдет ықпал жасайды деген де тұжырым бар. Олар – ашкөздік, ызақорлық, надандық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<