Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі

417

0

Жазда қай елдерге баруға болмайды – бас санитарлық дәрігердің кеңесі Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жазғы демалыста қай елдерге бару қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мен азаматтарға баруға кеңес бермейтін елдің қатарына бірінші Мадагаскарды жатқызар едім. Онда жыл сайын бір мың адам өкпе обасын жұқтырады. Бразилияға да бармаған жөн. Онда дэнге, эбола, сары ауру сынды жұқпалы дерттер бар. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы мен Африканың батысындағы елдерге баруға болмайды. Бұл мемлекеттерде ауру жұқтыру қауіпі жоғары», – дейді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Ол Бразилияға баратындарға міндетті түрде сары ауруға қарсы екп салғызу қажеттігін ескертті.

«Ал енді Бразилияға баратын болсаңыз, сары ауруға қарсы екпе салғызу керек. Сонда бұл елге баруға болады», – деп елдің бас санитары сөзін түйіндеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<