Жазғы демалыс ұтымды ұйымдастырылды

569

0

Жазғы демалыс ұтымды ұйымдастырылды Балалардың жазғы демалысын тиім­ді өт­кізуге жыл сайын облыс, аудан әкімдіктері мен тиісті басқарма тарапынан қажетті көңіл бөлінетіні белгілі.
Облыстық білім бас­қармасының мә­лі­метіне сүйенсек, биыл аймақта 1-10 сынып аралығында 140 464 баланың 136 160-ын (2017 жылы – 128 966) жазғы тынығу түр­лерімен қамту жос­парланған. Ол бар­лық оқушылардың 97%-ін құрайды. Өт­кен оқу жылында бұл көрсеткіш 95% болған.
Балалардың жазғы демалысы  қала, аудан сыртындағы 9 ла­герьде ұйым­дас­тырыл­ды. Оларда 9327 бала тынықты. Мек­теп­тердің базасында жұмыс жасайтын күндізгі лагерьлерде 64,3 мың баланы қамту жоспарланған. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 275 күндізгі мектеп жанындағы лагерьде 20 856 оқушы және ыстық тамақсыз 275 мектеп жанындағы лагерьде 43 422 оқушы демалды.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында ата-аналар және демеушілер есебінен 15  803 оқушы басқа өңірлерге экскурсиялар мен саяхаттарға жіберіліп, басқа да жазғы тынығу шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, «Райым бекінісі», «Теміршітау» және «Қазанғап», Ақшатауда «Жақайым ата» кесенесі, Жанқожа батыр, Жалаңтөс баһа­дүр кесенелеріне, Жанкент, Сара­ман-қоса, Сырлыбай хан, Ақишан  тарихи орындары, Қорқыт ата кесенесі, Сауран, Қалжан ахун, Қожа Ахмет Яссауи, Жент, Отырар қалалары және Астана, Көкшетау, Түркістан қалаларының тарихи орындарына саяхат жасады.
Әлеуметтік аз қамтылған топтар бой­ынша 23 458 бала қала, аудан сыр­тындағы, мектеп жанындағы лагерьлермен, тарихи орындарға саяхаттармен және басқа да жазғы тынығумен қамтылған.
Мәселен, бір ғана Қызылорда қала­сының өзінде биылғы жаз маусымында 9-14 жас аралығындағы 29 583 оқушының 27 216-сы, яғни, 92 проценті демалыспен қамтылған. Оның ішінде мектептердегі күндізгі тынығу лагерьлерінде 3375 оқушы жалпыға міндетті қор есебінен демалса, «Сырдария» лагерінде – 1050, еліміздің өзге өңірлеріндегі лагерьлерде – 3362 жеткіншек, қосымша жеке оқу орталықтарында – 5041 өрен демалысын өткізген. Сондай-ақ, аталған мерзімде Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне, Астана қаласына, Қорқыт ата кешеніне, қаламыздың 200 жылдығына орай мұражайлар мен мәдени ескерткіштерге саяхаттар ұйымдастырылып, онда 1328 бала қамтылған.
Бұдан бөлек, облыс көле­міндегі ты­нығу лагерь­леріне де қала оқушы­ларының демалуына мүмкіндік жасал­ған. Атап айтқанда, Қамбашқа – 122, «Талдысуға» – 16, «Тау самалына» – 37, «Арай-Санрайз» лагеріне 900 бала барған.
Биылғы жылдың ерекше­лігі, «Қы­­зыл­орда облысының 2018 жылға ар­­нал­ған бала­лардың жазғы каникул ке­­зе­ңінде сауықтыру демалы­сын, бос уақы­тын және жұ­мыс­пен қамтылуын ұйым­дас­тыру және қамтамасыз ету жө­ніндегі іс-шаралар жоспары» қабыл­данды.
Жоспарға сәйкес, барлық лагерьде  түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға облыс­тық қоғамдық денсаулық сақтау, төтен­ше жағдайлар де­партаменттері, ден­саулық сақтау, білім басқармалары жұ­мылды­рылып, барлық лагерьлер, сая­хаттар, аулалық клубтар қатаң бақылауда болды. Оларға заңға сәйкес мониторинг жүргізіліп, кемшіліктер уақытылы жойылған.
Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<