Жүректің жұмысын жақсарту үшін тұрақты түрде балық жеу керек – зерттеу

677

0

Жүректің жұмысын жақсарту үшін тұрақты түрде балық жеу керек – зерттеу Ғалымдар адам аптасына кем дегенде 2 рет балық жейтін болса инфаркттан уақытынан бұрын өлу және өзгеде жүрек, қан тамырлары аурулары тәуекелдерін төмендетеді деп отыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Circulation ғылыми журналына сілтеме жасап жазады.

«Біз бұрыннан омега-3 майлы қышқылдары балықта болатынын білеміз, ол жүрек жұмысына өте пайдалы. Біз жүргізген жаңа зерттеулер оны растап отыр және де зиянды тамақтардың, оның ішінде майлы тамақтың орнына балық көбірек жейтін болса нәтиже жақсырақ болатынын көрсетуде», – деді Гарвард университетінің маманы Эрик Римм.

Бүгінде көптеген ғалымдардың есептеуінше, диета мен азық-түліктің жекеленген түрлері адамның салмағына ғана емес, сонымен қатар, ми, жүрек, қантамырлары және денесінің негізгі мүшелерінің жағдайына әсер етеді. Мысалы, жақында ғана ғалымдар зәйтүн майы мен жерорталықтеңіз тамақтарын көптеп тұтыну инсульттан және инфаркттан өлу қаупін төмендететінін анықтады. Ал, тамақта тұздың шамадан көп болуы жүрек пен қан тамырларының жұмысын нашарлатады.

Теңіз өнімдері, балық майы мен оның құрамындағы шектелмеген майлы қышқылдар баяғыдан жүрек пен қан тамырларының жұмысына пайдалы деп есептелінеді. Себебі олар қан қысымы мен ағзадағы холестерин көлемін төмендетіп, қан тамырларын нығайтады. Алайда теңіз өнімдері етінің құрамында сынап пен өзгеде зиянды заттар көп кездеседі. Ал олар адамның өзге өмірлік аспектілеріне кері әсерін тигізіп жатады.

Осы ретте, Римм және оның әріптестері теңіз өнімдерін тұтынуға байланысты оң және теріс тұстарды сараптап, әлемнің түкпір-түкпірінен ғылыми топтардың соңғы он жылдағы аталған саладағы зерттеулерін талдап шықты.

Медицина мамандары анықтағандай, аптасына екі рет балық жеген жағдайда жүректің ишемиялық ауруы, инфаркт, инсульт және өзгеде қан тамырларының ауруы 40-50%-ға төмендейді. Дәл осындай нәтижеге таза балық майын тұтына отырып қолжеткізуге болады.

Сонымен қатар, дәрігерлер акула, тунец пен өзгеде ірі балықтардың етінен бас тартуға кеңес береді. Себебі олардың ағзаларында сынап тез жиналады. Финляндия халқының денсаулығына жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, сынап омега-3 қышқылын толығымен басып тастамаса да тиімділігін төмендетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<