Жылдам пісетін кеспені кока-кола және қытырлақ картоптың (чипсы) қатарына қосып, зиян, тіпті біреулер улы деп санайды. Бірақ әлем бойынша жылына оның 44 миллиард қаптамасы пайдаланылады екен. Ол гастрит, инсульт және рак қаупін жоғарылата ма? Зерттеулер не дейтінін қарастырайық. Мұндай кеспені әдетте мына ингредиенттерден дайындайды:
– Жоғары сұрыпты бидай ұны;
– Пальма майы;
– Түрлендірілген крахмал;
– Тұз;
– «Эмульгатор» аспаздық қосымшасы (сорбит, соя майы, лецитин);
– Балауыз;
– «Премикс» кешенді аспаздық қосымшасы (карбонат калий, гуар шайыры, полифосфат натрий, рибофлавин);
– Кепкен теңіз орамжапырағы; – Дәмдеуіштер (қант, ашытқы сығындысы, өсімдік протеині, соя тұздығы ұнтағы);
– «Бета-каротин» бояғышы.
Сібір мемлекеттік университетінің ғалымдары оның құрамына сараптама жүргізді. Оның құрамындағы бидай ұны сұрыбының еш пайдасы жоқ (бірақ аса қауіпті де емес) түрі бар екен. Оның калориясы өте көп және ешқандай дәрумені жоқ. Кеспе консерванттар мен дәм күшейткіштерден тұрады: калий сорбаты, бензонат және глутамат натрий. Бұл қоспаларды көп мөлшерде жесе ғана зиянын тигізеді. Пальма майы да орынды мөлшерде қолданылғандықтан, қауіпті емес. Түрлендірілген крахмал генді инженерияға түк қатысы жоқ, ол тіпті, балалар тағамына да қолдануға рұқсат етіледі. Оны тағамды қоюландыруға қолданады. Ал балауыз – өсімдік ақуызы, ол қарапайым нанда да болады. Бұл жылдам пісетін кеспені ішуге болады дегенді білдіре ме? Денсаулығы жақсы адамға анда-санда ішуге болады. Ол аса қауіпті емес, бірақ еш пайдасы да жоқ. Сондықтан, әрдайым мұндай тамақ жесеңіз, ағзаға қажетті дәрумендер жетіспейтін болады. Сонымен қатар, жапон ғалымдары оның құрамындағы ингредиенттердің табиғи емес екенін ескертті. Сол себепті, асқазанға оны қорыту ауырға соғады. Гарвард сарапшылары Оңтүстік кореядағы әйелдердің жүрек аурулары мен инсульт қаупі жоғары екендігін анықтады. Олардың ойынша, кәріс әйелдер кеспені өте көп жейді. Мұндай тағамды кімдерге жеуге болмайды? Асқазан-ішек жолы, жүрек және бүйрек аурулары бар адамдарға жылдам дайындалатын кеспені жеуге болмайды. Кеспенің өзі емес, сорпасы зиян, себебі оның ащы бұрышы мен тұзы көп. Маңызды Жылдам пісетін кеспенің макарон өнімінде гидрогенді майлар (гидрогенизированные жиры) болуы мүмкін. Солар ағзаға ең зиянды болып саналады. Алайда ол барлығының құрамында бола бермейді. Сондықтан, құрамын оқып, оның жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Гидрогенді майлар – сұйық нығайтылған өсімдік майлары, оны түрлендіргенде транс-майлар түзіледі. Ал ол өз кезегінде қан айналым органдарының ауруын туғызу қаупін жоғарылатады.
Жылдам пісетін кеспені жемеуге 5 себеп:
1. Тұздың көптігі. Ол қысымның жоғарылауына, ісікке және бүйрек аурулары ауруына әкелуі мүмкін.
2. Ащы дәмдеуіштердің болуы. Олар гастриттің пайда болуына ықпал етеді.
3. Дәм күшейткіштің болуы. Ол ағзаға қажет мөлшерден артық жеуге апарады.
4. Қышқылдық реттегіштердің болуы. Олар көп мөлшерде болса, асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.
5. Негізгі ингредиент – бидай ұны.
Ол дұрыс тамақтануды ұстанатын адамның негізгі тамағы бола алмайды. Жылдам дайындалатын кеспе қарапайым ыстық тағамды ауыстыра алмайды. Егер оны күнде жейтін болсаңыз, ағзаға микроэлементтер мен дәрумендер жетіспей, қандай да бір ауруға әкеледі. Жоғарыда айтылғандай, оны көп мөлшерде және жиі жейтін болсаңыз, оның құрамындағы ингредиенттер ағзаға өз зиянын тигізеді. Бастысы, мәзіріңіздің бірінші орнында табиғи өнімдер тұруы керек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<