Жылдар жылнамасы

722

0

Жылдар   жылнамасы 1929 жылдың 1 шілдесінде «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны Қызылорда қаласында 2000 таралыммен шық­ты.

1930 жылғы 101 са­ны­нан бастап Қызыл­орда, Шиелі, Тереңөзек, Аламесек, Қармақшы, Қарсақбай, Қазалы, Арал ау­дандық партия, кеңес ко­митеттері мен одақтарының органы болды.

1932 жылдың қаң­тарында газет атауы «Ле­нин туы» деп өзгер­тілді.

1938 жылы облыс құ­рыл­ғаннан кейін 22 нау­рыздан бастап ол облыс­тық «Ленин жолы» газеті деп аталды. Редакцияның мекен-жайы Қызылорда қаласындағы Дзержинс­кий көшесі, 10 үйде болды.

1941-1945 ­жылдары газет жұртшылықты «Бә­рі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген жал­пыхалықтық ұранға жұмылдырды.

Соғыстан кейінгі жыл­дарда жур­на­лис­тер Одақ­тағы, рес­публика мен облыс­тағы оқиғаларды кеңінен насихаттады. Әлем жаңалықтары, ТАСС хабарлары газеттің әр санында жарияланды.

1960 жылдары газет оқырмандарының саны 20 мыңға жетті. Редакция К.Маркс көшесіндегі 34 үйге орналасты.

1968 жылдың қаңтар айынан бастап газет өзі­нің әдепкі шығу мер­зімін «1929 жылдың 1 шілдесінен» деп өзгертіп жазды.

1970 жылдары басылым бетінде рес­пуб­­ликаның басқа об­­­­лыстарының да тыныс-тіршілігінен арнаулы бет­­тер ұйым­дастырылды. Мәселен, 1970 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды, Целиноград, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары материалдар да­йындалыпты.

Осы кезеңде қазақтың айтыс өнеріне де мән бе­ріліп, газет облыстық ақын­дар айтысында сөз қағыстырған жаңақорғандық М.Көкенов пен шиелілік Ш.Өтеев­тің айтысын жариялады.

1972 жылдың шілдесінде «Ленин жолының» 10 мыңыншы нөмірі жарық көрді. Осыған орай Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Облыстық газет редакциясы 1973 жылы жаңа қонысқа көшті. Ол Коммунистік проспектісі, қазіргі Абай даңғылы 60 үйге орналасты.

1977 жылы «Ленин жолы» КСРО Журналис­тер одағының Құрмет дипломы мен қаржылай сыйлығын иеленген.

1979 жылы шыға бас­тағанына 50 жыл толуына орай басылым КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «Құрмет Белгісі» орденін алған. Сол жылы социалистік жарысты үздік ақпараттандырғаны үшін газет пен оның қыз­меткерлері КСРО Журналис­тер Одағы конкурсының жеңімпаздары атанған.

1983 жылы социалистік жарысты ақ­па­рат­тандыру үздігін анық­тайтын бүкіл­одақтық кон­курсының жеңімпазы ретінде «Ленин жолы» газеті Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) «Советская печать» павиль­онына қойылды.

1987 жылы газет таралымы 53 мыңға жетті.

1989 жылы газет 65450 данамен тарады.

1991 жылдың 24 қыр­күйегінде газет өзінің байырғы «Сыр бойы» атауын қайта иеленді.

1998 жылы газет оф­сеттік тәсілмен жарық көре бастады.

2004 жылы «Сыр бо­йы» газеті «Мұнай – Қазақстан дамуының игілігіне» республикалық кон­курсында «Үздік басылым», «Ауылды қолдау жылы» аясында өткен рес­публикалық конкурста жүлдегер атанды.

2005 жылы «Сыр бойы» Қазақстан Журналистер академиясының ең мәртебелі жалпыұлттық жур­налистік сыйлығы – «Алтын жұлдызды» «Үз­дік аймақтық газет» номинациясын иеленді.

2006 жылы ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантын мемлекеттік бағдарлама­лардың өңірде жүзеге асырылу барысын терең әрі жан-жақты көрсеткені үшін алды.

2010 жылы басылым аймақтың белді бұқаралық ақпарат құралдарын біріктірген «Сыр Медиа» ЖШС-на кірді.

2013 жылы серіктес­тік жаңа қоныс – Т.Жүр­генов атындағы Шы­­ғармашылық үйіне ор­­­наласты.

Наргиз САМАТҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<