Әбдібектің әңгімесі

1454

0

Мұхаммеджан Нұрекеевтің Әби, Қалтай, Қырғызбек есімді үш ұлы да тума талант еді. Үлкені Әбидің Әбдібек, Ақылбек есімді ұлдары да сөйлегенде әңгіменің мәйегін тәттілеп тыңдаушыға жеткізетін. Өткен жылы туғанына 200 жыл толған Күдері кожа Көшекұлынан тараған әулеттің үлкені болғаным, одан тараған ұрпақтардың алдында ағалық жауапкершілігімді еселей түседі.

Ал менен кейінгі інім Әбдібек Харьковтің Коммуналдық құрылыс институтын қалалық қатынас мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазақстанда аталған мамандық сирек кездесетіндіктен, көп жыл бойы Алматыдағы трамвай паркін басқарды. Қазір да сонда тұрады.

«Көке үйде болсаңыз сәлем беріп кеткім бар. Бір шаруалармен Қызылордаға келіп едім» деп телефон соқты. Қуанып қалдым. Бір ойым мен Қалтай ағамның өмірін, шығармашылығын көбіне жазба деректерден білемін. Ал Әбдібек болса Қалағаңмен Алматыда күнде кездесіп, ақылын тыңдап, ақылдасып отыратын інісі. Демек, кей маған беймәлім деректерді білетіні анық, кездестік.

Межелеген уақытта Әбдібек келді. Гүлназия жеңгесі дайындық жасап қойған. Дастархан басындағы амандық-саулықтан кейін, әңгіменің тиегін ағыттық.

Қалтай көкем елге белгілі көптеген азаматтармен араласып тұратын. Әсіресе, сол кезде Алматы қаласын басқарған Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлымен ағалы-інідей сыйласатын. Пайғамбарымыздың «Жасаған жақсылығыңды өзің айтпа, оны көргендер айтсын» деген хадисі бар.

Алматы – ол кезде Қазахстанның астанасы. Қаладағы үлкен мекеме трамвайпаркін басқарамын.  Отбасылымын. 13 жыл 3 баламмен жатақханада тұрдым. 1989 жылы пәтер алуға тұрған кезегім келіп, білуге барсам, қаланың  Ташкентская көшесіндегі бейітке жақын жерден берілетін үйден маған пәтер бөлініпті. Жұмысым қаланың ортасында, қатынау қиын. Не болсада Қалтай көкеме жағдайымды айтып, орталықтан пәтер алуыма көмек сұрадым. Көкем ертең ертерек Коммунист проеспектісінің  Октябрьский көшесімен қилысқан жерінде орналасқан горисполкомға келдеді. Таңертең ертерек мекемеге келсек, алдында адам көп екен. Сағат 9-да Заманбек аға кабинетіне кіре бергенде, Қалтай көкем мені қолымнан ұстады да әй-шайға қарамай  кабинетке ендік. Біздің артынан келе жатқанымызды күтпесе керек, столына отыра бере «Қалеке  кешіріңіз» деп орнынан тұрып көкемді құшақтап амандасты.

Отырыңыздар деп ишарат білдірді. Мұхаммеджан Қарамолдадан үш ұлмыз. Үлкеніміз Әби Ленинградтың сауда институтын бітірген. Әкемізге тартқан ол өлең де жазады, аудармашылықпен айналысады. Соғыс және еңбек ардагері. Кешегі Квантун армиясының соңғы солдатын буындырып өлтірген хас батыр. Қазір Қызылордада тұрады.

Мына Әбдібек сол ағамның үлкен ұлы. Жауапты қызметі бар. Пәтер алу кезегі келгенмен, қаланың шетіндегі бейіттерге жақын жерден тиетін түрі бар. Шамасы пәтер бөлетіндер біздің қожа екенімізді білген болуы керек. Бірақ інімнің жұмысынан қашық. Пәтердің ыңғайын орталыққа жақындатсаң. Өтінішім сол.

Қалтай көкемнің сөзін мұқият тындаған Заманбек аға орынбасары Халявкинді шақырып, менің жазып барған өтінішіме бұрыштама соғып тапсырма берді де, «Қалеке шаруам шешілді ініңіз пәтер алды дей беріңіз» деді. Қайта-қайта рахметімізді жаудырып, кабинетінен шықтық.

 Көп ұзамай өтінішіміздің нәтижесін білуге пәтер бөлетін мекемеге барсам, тізімде менің фамилиям жоқ болып шықты. Қайтадан Қалтай көкемді ертіп, Заманбек ағаға мән-жайды айттық. Қатты ашуланғанда екі беті нарттай қызарып, қой көзі отша тұтанып кетеді екен. Дереу орынбасары Халявкинді шақырып, айқайға басты. «Менің қойған бұрыштамамды оқысаң, қаланың орталығынан берілгелі тұрған үйден Ә.Мұхаммеджановқа пәтер бөлінсін деп жазбаша да, ауызша да тапсырма бергенмін. Неге орындамадың? Бұл жер Бирабиджан емес Қазақстан!

Тапсырмам орындалмаса мына тұрған ел білетін қазақтың Қалтайының алдында менің кім болғаным?» деді.

  Біз үмітімізді арқалап, Заманбек ағамен қоштасып шығып кеттік. Тағы да өзім білетін пәтер бөлетін мекемеге келсем, маған берілгелі жатқан үйдің  шеткі есігінің 5 қабатынан пәтер бөлініпті.

 Тағыда мұң-зарымды арқалап, Қалтай көкеме келдім. Заматында Заманбекке телефон шалып былай деді «Ау Заманбек өзің құрқылтайдың ұясындай үй бересің, оны тағыда 5 этаждан бересің. 1945 жылы Жапонияның жеңілмейтін императорлық Квантун әскерін талқандаған ағам Әбибулла баласына қыдырып келсе, қалай 5 этажға көтеріледі деп ойладың?». Закең Қалеке түсіндім деді де орынбасарларын бір шыбықпен айдап алды. «Ертең ініңіз квартуправленияға барсын» деді.

Квартуправленияға келсем, орталықтағы Жандосов көшесіндегі берілгелі тұрған үйдің ортасындағы подьездің 2 этажындағы  қабылдайтын комиссияға дайындалған пәтер маған бұйырыпты.

Қалтай көкеме деген інілік еркелігім болар көке 3 этаж дұрыс болатын еді деп қалдым. Көкем мұрның бір-екі умаждап жіберіп, «әй Әбдібек 1,5 этаж қазақтардікі, ал 2 этаж еврейлердікі, сен жөндеусіз кіре беретін пәтерге ие болып отырсың. Заманбек інімнің мені сыйлаған ерлігіне рахметтен басқа  айтарым жоқ. Осымен әңгімені доғар» деді. Менің пәтерлі болғанымның қысқаша тарихы осылай» деп Әбдібек інім сөзін аяқтады.

Қазір осы үйімде болып жатқан қуаныштарымның бәрі Қалтай көкем мен Заманбек ағаның арқасында. Олардың рухына жиі құран бағыштап отырамын.

Әбдібек інімнің бүге-шүгесіне дейін  айтқан әңгімесінен Заманбек Нұрқаділов сынды тау тұлғалы азаматтың Қалтай ағамен сыйластығының менде куәгері болғандай, ұмытпай тұрғанда елге жеткізейін деген ниетпен қаламыма ұмтылдым.

Әбдібек інімнің Қалағаң жайлы таң атқанша айтқан кейбір әңгімелерін кейінге қалдыруды жөн санадым. Биыл мамыр айында Қалтай ағамның қайтпас сапарға кеткеніне 20 жыл толады. Демек, қазақтың Қалтайы жайлы айтылатын маған беймәлім әңгімелер кезегімен келе берер деген ой түйдім.

Қазыбай Құдайбергенұлы,

профессор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<