Қоғамның тұрақтылық тұтқасы

15

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында қоғамдық өмірдің барлық салалары қамтылды. Әр саладағы өзгерістер еліміздегі жаңғырудың жаңа қадамының көрсеткіштері және халықтың саяси дүниетанымының ілгерілеуіне серпін береді.

Мемлекет басшысының пікірінше, кибер­­әлеуметтенудің әлеуетті күші сана­латын әлеуметтік желілер халық­тың танымдық қабілетіне кері әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан оқу мәде­ниеті дамыған мемлекеттердің үнемі жаһандық өрлеудің алдыңғы қата­рында тұратыны күмәнсіз. Бұл тұста газет пен журналдар жаңғыру кезеңі­нің қалыптасуына негіз болған басты ақпарат көздерінің қатарында тұр. Нәти­жесінде осы сала қызмет­керлері дәстүрлі құндылықтарды сақтауға үлес қосуда.

Қоғамдық сананы қалыптастыру – барлы­ғымыздың ортақ міндетіміз. Әлеуметтік желі­лер ақпаратты жедел тарат­са да, жылдамдық әрдайым сапаға балама бола бермейді. Мани­пуляция, жал­ған жаңалық­тар және қысқа, кон­тексттен айырылған хабарларға орын бері­леді. Сол себепті ой-өріс деңгейі жо­ғары, оқуға әуес және сыни ойлай білетін азаматтар­дың мемлекет тұтастығын сақ­таудағы орны ерек­ше. Осы орайда барлық деңгейдегі оқу орын­­дары мен жоғары мектептің тәрбиелік қыз­меті маңызды. Оқу мәдениеті – ақпаратты қа­был­­­даудан бөлек, сұрыптау, сараптау, өз пі­кі­ріңді дұрыс айта білуге үйрететін техно­логия. Оқуға құрметті қалып­тас­тыру, азаматтық жауап­­кершілік – заман талабы. Газет-журналдар – та­рихи жады мен саяси сананың сақ­таушысы. Бұқа­ралық ақпарат құралдарының ұлттың рухани-танымдық кеңістігін біріктірудегі қыз­меті зор. БАҚ-тағы талдаулар, сарап­тамалық очерктер, сұхбаттар мен зерттеулерді әлеуметтік желілер ұсына бермейді. Сондықтан дәстүрлі баспасөзді қолдау мәдениет, тіл және қоғамдық сананың сақталуына жасалған инвестиция.

Мемлекет басшысы сұхбатта салық мә­дениетіне назарын аударады. Салық төлеу – азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін ай­қындайтын қоғамдық құндылық. Салық мә­дениеті қалыптасқан қоғамда мемлекет пен халық арасындағы сенім нығаяды. Са­лық төлеуден жалтару экономикалық зар­да­бынан бөлек, әлеуметтік әділеттілік қа­ғи­даларына қайшы келеді. Еліміздегі са­лық реформаларының басты мақсаты – аза­мат­тарды бақылау мен жазалауға қара­ғанда, ортақ міндеттерге ынталандыру және жа­уап­кершілікті қалыптастыру. Демек, са­лық мәдениетін арттыру – ұзақ мерзімді стра­­тегиялық міндет. Бағыт аясында құ­қықтық сауаттылықты көтеру, көлеңкелі эконо­ми­каны азайту, адал еңбек пен әділ табысқа не­гізделген құндылықтарды насихаттау қажет.

Биыл – Цифрландыру және жасанды ин­теллект жылы. Осы бағыттар шеңберінде мем­­лекетімізде жүзеге асқан және алда­ғы уақытта атқарылатын жұмыстар легі айтылды. Бастамалар қоғамның өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертетін әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық реформаның бір бөлігі. Цифрлық ин­фрақұрылымды кеңейтуге басымдық беру азаматтарға қызмет көрсету жылдамдығын арттырып, бюрократиялық кедергілерді азай­тады. Жасанды интеллект шешімдері дерек­терге негізделген мәліметтер қызметі сапасын көтереді. Алайда технологияның қуаты жа­уапкершілікпен бірге жүреді. Деректерді қор­ғау, жасанды интеллекттің әділ әрі ашық жұмысын пайдалану басты міндет. Осы­ған байланысты заңнамалық негіздерді бе­кіту, этикалық стандарттар орнату және ма­ман­дарды дайындау қажеттілігі күн тәрті­бінен түспейді. Сондықтан өткен жылғы Пре­зи­дент Жолдауында айтылғандай, жасан­ды интеллектімен жұмыс істеу құзы­ретін қа­лып­­тастыруды жалғастыра беруіміз қажет. Өйткені, цифрландыру мен жасанды интеллект ұлттық дамудың страте­гиялық бағыт­тары қа­тарында. Тиімді және әділ қолдана білу экономиканы серпілтіп, әлеу­меттік қолжетім­ділікті арттырады, мемлекеттік басқару нә­тижесін жоғарылатады. Әрбір азамат пен биліктің ортақ ниеті берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану және келешекке бірлесіп қадам басуда жатыр.

Президенттің көзқарасына сәйкес, тарих қоғамды біріктіретін маңызды құндылық мә­нінде қызмет етуі қажет. Тұжырымды сұх­баттағы отаншылдық белгілерімен байла­ныстыруға болады. Мемлекет басшысы айт­қан, заң мен тәртіп, береке-бірлік, тату-тәт­ті өмір сүрудің «үлгілі үйлесімі» қоғамдық дамуды айқындайды. Президент ұстанымы тарихқа өткенді еске алу құралы дәрежесінде емес, бүгін мен келешекті бағдарлайтын рухани өзек бейнесінде қарауды дәйектейді. Тарихи жады қоғамды жіктемейді, ортақ құндылықтар мен тағдыр бірлігін сезіндіреді. Сұхбатта көрініс тапқан отаншылдық бел­гілері туған жерге жауапкершілікпен қарау, мемлекет мүддесін жоғары қою, ұлттық бірегейлікті құрметтеу тарихи сананы жаң­ғыртудың нақты көрінісі. «Заң мен тәртіп» қағидасы – қоғамдық тұрақтылықтың бе­рік іргетасы. Заң үстемдігі орнаған елде әді­леттілікке сенім күшейеді, ал сенім бар қо­ғамда әлеуметтік келісім мен азаматтық жа­уапкершілік қалыптасады. Береке-бірлік пен тату-тәтті өмір сүру идеялары да осы тізбектің ажырамас бөлігі. Тізбек көпэтносты және көпконфессиялы қоғам шарттарында өзара құрмет пен диалог мәдениетін орнықтырудың басты шарты. «Үлгілі үйлесім» күнделікті өмірде жүзеге асатын әлеуметтік практика болуы тиіс. Тәжірибе әр азаматтың өз ісіне адал болуы, заңды сақтауы, қоғамдық тәр­тіпке немқұрайлы қарамаудан басталады. Мұн­дай ортада тұрақты даму, экономикалық ілгерілеу және рухани жаңғыру жүреді. Сон­дықтан Президент көзқарасы қоғамдық да­мудың ұзақ мерзімді бағытын нақтылап, әр­бір қазақстандықты ел тағдырына ортақ жа­уапкершілікке үндейтін маңызды идеоло­гиялық бағдар мәніне ие.

Мемлекет басшысы әрбір сөзінде жас­тарға ерекше назар аударады, сенім білді­реді. Жаңғыру кезеңінде барлығымызға қо­ғамдық болмыс пен бет-бейнені жаңаша транс­фор­мациялауға қатысу қажет. Президенттің па­йымдауынша, жастар виртуалды емес, шы­найы әлемде өмір сүруі тиіс. Тұжырым жауап­кершілік пен саналы ұстаным, өзіне және қоғамға адалдықтың белгісі. Жастарды қолдау мен сенім білдіру арқылы мемлекет жаңа идеялар мен бастамалардың туындауына жағдай жасайды. Әрбір жас азамат қоғам дамуына өз үлесін қосып, еліміздің рухани және интеллектуалдық әлеуетін арттыра ала­ды. Көзқарас жастар қабілеттерін нақты жү­зеге асыру, қоғамға пайдалы болу, ел бола­шағын ойлауға итермелейді. Қазіргі заман жас­тары виртуалды әлемге тәуелді болмай, айқын істер, әлеуметтік жобалар, ғылыми және мәдени бастамалармен айналысуы қа­жет. Қағида жастарды шығармашылық, жа­уапкершілік және ұлттық рухты сақтауға ша­қырудың көрінісі. Шынайы өмір тәжірибесі әрбір жастың өз болмысын дамытып, қоғам мен мемлекеттің біртұтас өркендеуіне ықпал жасайды.

Президент сұхбатындағы негізгі идеялар реформалар мен технологиялық жаңар­тулар мәдени-қоғамдық өзгерістермен ұшта­са­ты­нын белгіледі. Жаңғырудың жаңа кезеңін­дегі міндеттерді іске асыруда әр азамат пен қоғамдық институт жауапкершілігін адалдық пен ұлттық бірлікті сақтауға басымдық бер­генде шешуші рөл атқарады.

Мұрат НАСИМОВ,

саяси ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының қауымдастырылған профессоры