1956 жылдың 16 қазанында Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Қызылорда механикалық жөндеу зауыты құрылды. Алғашқыда зауытта 9 адам жұмыс жасады.
1958 жылы зауыт министрліктен Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің қарамағына берілді. 1961 жылы Қызылорда механикалық жөндеу зауыты автокөліктерге қосалқы бөлшек дайындайтын «Автотрактордеталь» зауыты болып аталды. Бұл жылдары зауытта 184 адам жұмыс істеді.
1963 жылы Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің таратылуына байланысты «Автотрактордеталь» зауыты Автокөліктер өнеркәсібі министрлігінің, 1967 жылдың қазан айында Қазақ КСР Қоғамдық тәртіп сақтау министрлігінің қарамағына берілді. Сол жылдары зауытта жұмысшы-қызметкерлер саны 366 адам болды.
1969 жылы 23 қыркүйекте «Автотрактордеталь» зауыты Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу бірлестігіне қарасты Қызылорда механикалық жөндеу зауыты болып атауы өзгерді.
1969 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысымен 1970 жылдан 1986 жылға дейін Қызылорда механикалық жөндеу зауыты Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік комитетіне қарасты болды. 1987 жылғы 21 қаңтардағы Қазақ КСР агроөнеркәсіп комитетінің бұйрығымен 1986 жылдан 1991 жылға дейін Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетіне, 1991 жылдан 1993 жылға дейін «Казагрореммаш» мекемесінің қарамағында болды.
1994 жылы «Казагрореммаш» холдинг компаниясына қарасты Қызылорда агроөнеркәсіп қоғамы болып қайта құрылды. Зауыт автокөліктердің қосалқы бөлшектері, бау-бақша құрал-жабдықтары, темір шкафтар, тағы басқа өнімдер өндірді.
Облыстық архив қорынан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<