Археологтардың болжауынша, ол сармат түріндегі ескерткіштерге жатады. Реклама 14 Кешенде археологтар алты адамның мәйітін тапты. Мамандардың алдын ала зерттеулері бойынша, сүйектер біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда және І ғасырға дейін жерленген. Қорықтың қызметкерлерімен бірге зерттеу жұмысына археолог Андрей Астафьев пен ресейлік маман Евгений Богданов қатысты. Жерлеу орнындағы қазба жұмыстары. Суретті қорық қызметкері жолдады «Бірінші тереңдікте баланың денесі табылды, ал оның қасында кішкентай пышақ жатты. Пышақ қойдың немесе ешкінің денесінде болған сияқты, біздің тұжырымға сәйкес бұл құрбан шалу рәсімі болғанын айтады. Екінші қазба жұмысында үш сүйекті таптық. Ол жасөспірімдердің денесі болуы мүмкін. Ал үшінші тереңдікте әйелдің сүйегі табылды, оның бас жағында керамика сынықтары мен кілт тәрізді темір зат табылды, аяқтарында 20-ға жуық қара түсті моншақ болды. Төртінші тереңдікте біз жерлеу алдында қапқа салынған ер адамның сүйектерін таптық. Қаңқа нашар сақталған. Осылайша, біз төрт жерлеу шұңқырын зерттеу барысында алты адамның сүйегін таптық», – деді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары Марат Өтесінов. Мамандардың айтуынша, катакомбаның құдық формасы бар.
Сармат дәуірінде жерленген адамның денесі табылды
31.10.2018
1337
0





