Тарихты білгеннің танымы кең

616

0

Жыл басында жарық көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы «Салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің кепілі» деген ой ойды қозғады.

Егемен еліміздің даму ба­рысында талай серпінді жоба сәтті жүзеге асып, көп­теген та­рихи жәдігерлер жинақталды. Ендігі кезекте оны сақтап қалып, бұқара ха­лыққа насихаттау аса маңызды.

«Кезінде «Мәдени мұра» бағ­дарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отан­дық тарих ғылымы тың сер­пінмен дамып, түрлі ба­ғыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қан­ша­ма тарихи деректер, ар­хе­о­­логиялық қазыналар та­былды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тарта­тынын айғақтайтын жаңа­лық­тар ашылды. Елба­сы­ның осындай іргелі баста­малары халқымыздың тарихи са­на­сын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясын­да­ғы еңбектер том-том болып жа­рыққа шықты. Дегенмен, сол қажырлы еңбектің же­місін көп­шілік көріп отыр ма? Зерттеу жобаларының біразы ғылыми институттар мен орталықтардың аясында ғана қалып қойған жоқ па?» деген сауал әсіре­се, ғы­лыми ұйымдар мен му­зей­лерге қатысты екені бар­шамызға мәлім.

Осыған орай еліміздің ал­ғашқы астанасы – Қызыл­ордада өшпес мәдени мұра­мызды сақ­тап қалып, өс­келең ұрпаққа аманат етіп тапсыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар ту­ралы айт­сам.Тұңғыш қазақ музыка­лық драма театры ашылған, ұлт үшін маңызды шешім қабыл­данған та­ри­хи ғимарат үлгісімен салын­ған «Рухани жаңғыру» орта­лығы, көне қалашықтар мен көптеген аса құн­ды мә­дени нысандар өңі­рі­міз­де орналасқан. Одан бө­­лек, «Сыр елі – жыр елі, қа­за­қылықтың ме­кені» ата­лып кеткен туған өлкеміз атақты сурет­шілер мен жазушылар, ән­шілер мен артистердің туған жері. Тарихи-өлкетану музейінің көп­шілік жиі баратын, қы­зығып та­машалайтын орын­дардың бірі екені де сон­дықтан болар.

Сұранысқа сай музей ұжы­мы да экспонаттарды ке­ңінен насихаттауға, жұмыс­тың жаңа форматтарын иге­руге ұмты­ла­ды. Мәселен, «Музейдегі түн», түрлі ашық көрмелер мен экс­кур­сия­ларды ұйымдастырып тұ­рады. Оның ішінде әлеу­меттік аз қамтылған халық топтары үшін экскурсиялар тегін өткізі­летінін ерекше атап өткен жөн.

Жастардың мә­дени құнды­лық­тар тура­лы та­нымын кеңей­туге ар­налған «Жас экскурсовод» атты тың жобамыз бар. Оның аясында ба­лалар мен жас­өспірімдерге Сыр өңі­­рінің көрнекі жерлері ту­ралы айтып береміз. Әри­не, аймағымыздағы білім беру ұйымдарымен бірлесе бір­қа­тар зерттеу жұмыстары жүргі­зіліп, нәтижесінде ашыл­ған жа­ңалықтарымыз да аз емес.  Мәселен, «Му­зейге сый» нау­қаны аясын­да талай құнды жә­­дігерлер анықталып, музей қо­ры­на өткізілді. Жақын­­да көр­некі ақын, аударма­шы Ә.Тә­жі­баевтің қолданған мыл­тығы музейге та­быс­талып, бұқара халықтың қы­­зығып тамашалайтын экс­по­нат­тарының біріне ай­налмақ.

Бұл – жасалып жатқан жұ­мыс­тардың бір бөлігі ғана. Ат­қаратын жұмыстарымыз әлі де жетерлік. Қасиетті жері­міз­дің өш­пес мұрасын жаң­ғыр­туға, туған жерге құрмет үл­гісін көрсетуге бос уақыты­мызды аямайық. Жас­тар ту­ған өлкемізбен мақтансын, ке­лешекте оған қызмет етуді мұ­рат етсін. Абыройын одан сайын ас­қақтатуға өз үлестерін қос­сын!

Алтын КӘРБОЗОВА,

Қызылорда қала тарихы музейінің қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<