«Village life» жобасы Қышқаланы зерттеуге негіз болды

636

0

«Village life» жобасы Қышқаланы зерттеуге негіз болды Жаз мезгілінде Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы және облыстық музейдің ұйымдастыруымен «Village life» жобасы аясында Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылына бардық. Ортағасырлық Қышқала  орнына  қалашықпен танысқан болатынбыз. Осы  кезден бастап менің қала тарихын білуге ерекше  қызығушылығым оянып, осы қала туралы зерттей бастадым.Қаланы зерттеу барысында Бесарық ауылының тұрғыны, өлкетанушы Жұмабай Байзақұлымен кездестім. Сұхбаттасу барысында Жұмабай Байзақұлы көп нәрселерді тілге тиек етті. Қышқала қаласының картадағы орнын көрсетіп, сол маңдағы ортағасырлық қалалар жайында да айта кетті. Қышқала қалашығының тарихын толық айтып, археологиялық зерттеу барысында табылған қыш-қаптамалар, құмыраларды көрсетті. Қыш-қаптамалардың бетіндегі бояулары қаз-қалпында сақталғаны мені таңқалдырғаны рас. Сол кездің өзінде геометриялық өрнектерді қыш-қаптамалардың сыртына пайдалануы көз тартарлық. Жұлдыз кейпіндегі геометриялық өрнекті кірпіштің бетіне құюы, түрлі-түсті бояуды қолданып, мозайка тәрізді құрастыруы бәрі-бәрі сол кездің мәдениетінен сыр шертеді. Қазіргі қалалар мәдениеті сол ортағасырлық қалалар мәдениетінен бастау алғандығына тағы бір дәлел десем болады. Облыстық музейден 2018 жылы М. Елеуовтың археологиялық зерттеу жұмыстары барысында табылған заттарды көрген болатынмын. Құмыра сынықтары, бетінде түрлі түсті мозайкалары, араб жазулары бар қыш-қаптамалар, асықтар, іші ойылған, шүмек ретінде пайдаланылған сүйек және т.б. заттарды көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы, сол кездің мәдениетіне саяхат жасағандай болдым. Суреттен көру бір нәрсе, алайда көзбен көріп, қолмен ұстасаң әлдеқайда сенесің, шабыттанасың тағы көруге асығасың. Қышқала қалашығын зерттеу арқылы сол ғасырларға саяхат жасап, сол дауірде табылған заттарды көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы рухани байып қалдым.

Аяулым БЕРЕБЕТЖАНОВА,

Қ. Мұхамеджанов атындағы 

№1 мектеп-гимназиясының 

11- сынып оқушысы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<