Жарты қалаға айналған комбинат

818

0

Қызылорда целлюлоза-картон зауыты

Соғыстан кейінгі жылдары Қызылордада бой көтерген күрделі құрылыстардың бірі целлюлоза-картон зауыты болды.

1959 жылы 25 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің «Қызылорда облысының экономикасы мен мәдениетін одан әрі жақсарту» туралы қаулысының негізінде целлюлоза-картон комбинатының құрылысы басталды.

Ал 1960 жылдан бастап негізгі нысандар құрылысы жүргізілді. 1964 жылы комбинатта төрт цех: пеш, целлюлоза, қышқыл, картон-қағаз цехтары жұмыс жасады. Іске қосылған алғашқы жылы комбинат 73 мың тонна целюллоза, 70 мың тонна картон өндірді. Шикізат ретінде Сырдария өзені мен Қараөзек алқаптарында жайқалған ну қамыстар пайдаланылды.

Комбинаттың өндірістік қуаты жыл санап өсті. 1966 жылы гофра жәшік цехы, 1969 жылы макалатура цехы, 1972 жылы тазалау қондырғылары, 1978 жылы 86 мың тонна қағаз жасайтын қуаты бар машиналар іске қосылды. 1976 жылы комбинатта екі жарым мыңнан астам адам еңбек етті.

Өндіріс қуатын, өнім көлемін арттырумен қатар тұрғын үй, әлеуметтік тұрмыстық құрылыстар, оның ішінде жұмысшы қызметкерлерге арнап 1290 пәтерлік 65 үй, 700 орындық жатақхана мен қонақ үй салынды. Ғарышкер Титовтың есімі комбинат жұмысшылары тұратын қалашыққа беріліп, «Бумажник» мәдениет сарайы іске қосылды.

1977 жылы 6 қаңтарда Қызылорда целлюлоза-картон комбинатының атауы целлюлоза-картон зауыты болып өзгертілді.

1992 жылы 22 желтоқсандағы №285 бұйрықпен Қызылорда целлюлоза-картон зауыты Қызылорда целлюлоза ұжымдық кәсіпорны болып аталды.

Қызылорда целлюлоза-картон зауыты­ның уәкілетті бірлескен иелері конферен­циясының 1994 жылғы 28 маусымдағы ше­шіміне сәйкес Қызылорда целлюлоза-картон зауыты акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Зауыт 1994 жылы нарықтық экономика жағдайына бейімделіп, қағаз шығарды.

Кезінде өнімдері Бүкілодақ көлемінде қолданылған, бір уақытта төрт мыңдай  адамды жоғары жалақылы жұмыспен қамтып, облыстағы өнеркәсіп мекемелерінің флагманына айналған целлюлоза-картон зауыты 1998 жылы өз жұмысын тоқтатты.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<